Өлең, жыр, ақындар

Қостанай облысының бастауыш сынып оқушылары «Бөбек» лагеріне жолдама алды

Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен отбасылардың балалары – бастауыш сыныпта оқитын 31 оқушы «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бұған дейін Щучинскідегі «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне 5-сыныптан бастап оқушылар бара бастаған болатын. Енді 3-4 сынып оқушыларын Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағдарланған «Бөбек» қабылдай бастады. Балалар сауықтыру процедураларын алып, мектепке барады. Сондай-ақ, онда балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Қазір балалар Алматыда. Лагерьде балалардың білім алуы және сауықтыру процедуралары үшін барлық жағдай жасалған.

Еске салсақ, Қостанай облысында өрт жағдайы тұрақталғанға дейін 3 мыңнан астам оқушы онлайн оқиды. Бұл туралы өңірге барған оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеген еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар