Әкенің қыз ұзату тойындағы тілек аманаты — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.
Материал — әкенің қызына тілегі, әкенің тілегі, Әкенің қыз ұзату тойындағы тілегі, қыз ұзату — осы тақырыптарға байланысты.
Құрметті халайық, бүгін біздің қуанышымызды бөлісуге келіп отырған ағайын, туыс, бауырлар!
Құрметті құда-құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді!
«Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана – жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады деп ойлаймын.
Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Менің қызым өзім үшін – «Тау Баян деп жаңғырады, өзен Баян жеп ағады, орман-тоғай Баян деп шулайды» деп жар салатын Қозы Көрпештің Баянынан да асқан сұлу. Ер Тарғынға тар жерден жол тауып берген Ақжүніс арудан да өткен ақылды! Әйткенмен, Қобландының Қыз Құртқа баптап –жаратқан қырық күндік кемдігі бар Тайбурыл –тұлпары сынды өмір-тәжірибесі әлі жеткіліксіз, аз. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құд-құдағиым!
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен - өтті, Сізге- жетті. Қыз бала - өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап-жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда-құдағи!
Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда-құдағи!
Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. «Қыз бала – қонақ» деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барсың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым; сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды – бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!
Бақытты болыңдар!
Қыдыр ата болсын балам жолдасың,
Көкірегің елдің күйін толғасын.
Атқан таңың бағыңды ашып әрдайым,
Ата бабаң әруағы қолдасын!
Ашық болсын аспаның мен айналаң,
Ардақтасын ақ орамал байлаған.
Таң сәріде тілек тіле Тәңірден,
Тартынбасын қолыңды енді жай балам!
Әумин!
Бұл бетте Әкенің қыз ұзату тойындағы тілек аманаты тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Әкенің қыз ұзату тойындағы тілек аманаты материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі