Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан он сегіз шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте орналасқан. Күнге шағылыса жарқылдаған қарлы шыңдар, аспанмен таласқан Тянь-Шань шыршалары, тау ауасының қоңыр салқын, жұпар иісті мөлдіреген тазалығына сүйсінген Ақұштап Бақтыгереева апамыз:
Биік шың, шырша-таулардың көркі, байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.
Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде,
Жарқырып жатқан шақырып мұздың айдыны, – деп жыр шумақтарын арнаған.
Тарих қойнауына жүгінсек, 1970 жылы 6 қаңтарда КСРО министерлер кеңесінің арнайы қаулысымен Алматыда мұз айдынының құрылыс жұмыстары басталды. Небәрі екі жылдың ішінде салынып, 1972 жылы 28 желтоқсанда пайдалануға берілген. Медеудің бас архитекторы – Владимир Кацаев.
Алғашқыда Кеңес елі Медеуді Қырғызстан еліне салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхаммед Қонаевтың араласауымен Алматы қаласына салуға шешім шығарған. Министерлер кеңесі алғашында кұрлыс жұмысына 1 млн. рубль қарастырған. Бірақ Қонаев атамыздың араласуымен, 14млн рубль бөлінген екен. Мұз айдынын салуға 3000 құрлысшы жұмылдырылған. Қазақтың Байқоңырыннан ғарышқа адамзаттың тұңғыш ұшқаны секілді, Медеуде алғашқы рекордттардың бірі тіркелді. Сондықтан сан жылдар өтсе де, Медеу адамзат тарихында мәңгі қалады.
Жалпы «Мұз айдынға Медеу деген ат қалай қойылды?» деген сауал туындайтыны анық. Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдыны орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пұсырман батырдың ұлы Медеу Пұсырманұлының есімі берілген. Медеу Пұсырманұлы. Жетісу тарихында, оның мәдениеті, ғылым білімнің дамуына өзіндік үлес қосқсан, қазақ халқының адал ұлдарының бірі. Ол 1850 жылы Верный уезі, Кіші Алматы болысының 3-ші ауылында дүниеге келген. Әкесі Пұсырман Құлұлы генерал Колкоковтың отрядында атақты Ұзынағаш шайқасына қатысқан батыр болған екен. Медеу жастайыннан мал бағып, егін еккен. Есейген соң қала тірлігіне жақсы бейімделіп, сауда-саттықпен айналысқан, өзінің ерен еңбегінің арқасында тұрмысын жөндеп, беделді азамат атанған, болыс болған.
Болыс Медеу Пұсырманұлы қазақ балаларының білім алу мәселесіне ерекше назар аударған, 1986 жылы ер балаларға арналған Верный гимназиясында 226 оқушы оқиды, ол балалардың 22-сі қазақ балалары. Осы қазақ балаларына арнап пенсиянат ашады. Сол кезде Медеу Пұсырманұлы орасан зор көмек көрсеткен. Өз қаражатына халыққа жол, мектептер, бау-бақша, бөгеттер, демалыс орындарын салдырған.
Приютское (қазіргі Бірінші май) көліндегі бөгетті орнатуға өте қомақты материялды көмек көрсеткендердің ішінде Медеу Пұсырманұлы бар екендігі белгілі. Верный қаласында болған ең күшті жер сілкінісі кезінде және ашаршылық кезіне де халық ауыр күнді бастан кешіріп жатқан кезде көмегін аямаған құрметті азамат болған.
Медеу Пұсыранұлының немересі өз әкесі Нүсіпбек Медеуұлының еселігіжайлы дейді: «Медеуде отырғызылған Тянь-Шань шыршаларын аяусыз кесіп жатқаны әкемді қатты қынжылтып, құрылыс жұмыстарының басшысына ағаштарды кеспеу туралы ұсыныс жасайды. Бірақ шенеунік оған мән бермейді. Сол уақытта ағаш кесушінің ағашқа сілтеген балтасы өзіне ұшып сол мезетте қайтыс болады, Тракторшылар таркторларды жүргізбекші болып іске қосқанда, ол да сынып, жүрмей қалады. әкем келесі келгенінде, жаңағы шенеунік күтіп алып, кешірім сұрап, Медеу атаның рухы бар екендінін мойындап, әкемнің ескертуіне рақмет айтқан екен.
Медеуге сүйсінбей қарау мүмкін емес. Тау өзендерінің сарқырай аққан салалары қанша болса, шырқалған туристер әні соншама, аяқ баспаған тау соқпақтары да аз емес болар.
Көтеріңкі көңіл-күй, жігер берер сергектік пен шымыр денсаулық Медеудің жыл он екі ай бойғы шипасы дерлік. Жарты ғасырдан бері Медеу адам танымастай өзгерген, күрделі жұмыстардан өткен. Қазіргі таңда шет ел туристері көптеп баратын орнның бірі – Медеу мұз айдыны. Көркіне көз тоймас, биіктігі таумен таласқан мәденеиет орны. Тоғыз жолдың торабында орналасқан. Алматының көз жетпес биік таулары, жаздың аптап ыстығында әрдайым салқын су бұлақтары, биік-биік шырша, қарағайлары. Күз мезгілінде жерге төгілген сары алтындай ағаш жапырақтары, қыста ақ кілем төселгендей ақ ұлпа қарлары бар табиғатын сөзбен айтып жеткізу, көркем тілмен сипаттау мүмкін емес.
Кейінгі кезде көрнекті жерлерге сыныппен немесе топпен бару азайып кеткен. Метептерде балаларды білімге ынталандыру үшін жақсы оқыған баларға демалыс мүмкіндігін сыйлауды жөн санаймын. Балалар тек қана жақсы оқып қоймай, өздерін спорт жағыннан да сынай алады. Медеу мұз айдынында жастарға арналған іс-шара көптеп өткізілсе, жастар арасында жарыстар жиі ұйымдастырылса, жастардың арасында бір-бірімен қарым-қатынас үдей түсетін еді. Көптеген жас балалар компьютер ойындарына қызығады, тіпті аптасына бірнеше рет баратынын байқаймыз. Дәл осылай мұз айдынына бару үшін жағдайлар жасау қажет деп ойлаймын.
Мынбаева Назгүл Бекбосынқызы
Қазақ Ұлттық Қыздар Педогогикалық Университеті
Филология факультетінің 3-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі