Жалпы журналист өз мамандығына сай талаптармен жұмыс жасайды. Журналисттердің басты міндеті ақпарат жеткізу, белгілі бір билік пен халық арасындағы көпір қызметін атқару. Қазіргі таңда ақпараттың қаншалықты көп әрі ауқымды, өршіп айтсақ қауіпті екені көбімізге мәлім. Неліктен қазіргі таңда журналисттің қызметін толықтай еркін деп айта алмаймын деген сұраққа жауап бергім келіп отыр. Бұның бірден-бір себебі бұл әрине әлеуметтегі жоғары билік немесе белгілі бір атын атап, түсін түстеуге болмайтын жандар. Яғни толықтыра кетсем, біздің елімізде де белгілі аты-жөні құпия саналатын адамдар бар. Бірақ журналисттің қызметі әлем бойынша еркін болғанымен, елімізде яғни Қазақстанда еркін емес. Негізгі себебі әр мамандықтың өзіндік заңдары, шегі, рұқсат етілетін жақтары да, рұқсат мүлде берілмейтін жақтары да болады. Журналист мамандығы жалпы өте күрделі әрі қауіпті мамандықтың бірі. Қоғамның жоғын жоқтап, түсін түстейтін осы журналисттер болып саналады. Елге араша түсіп, бейкүнә халыққа жандары ашып, солар үшін қызмет ететіндер де-журналисттер. Бірақ осы халық қамын ойлап жүрген журналисттер мамандықтары бойынша жұмыс істегені үшін ақтала ма әлде даттала ма? Қазақстан журналистикасы әлі де екі лагерьге бөлінеді. Бірі мемлекеттік тапсырысты орындаушылар болса, екіншісі өзін тәуелсіз деп жариялаған, мемлекеттік тапсырыс алмайтындар. Биліктің сойылын соғып, Үкіметтің саясатын дәріптейтіндер жылда Қазақстан журналистер күні қарсаңында қомақты қаржылай сыйлыққа ие болып, мәртебелері өсіп жатса, тәуелсіз басылым журналистері бұндай марапаттан тыс қалады. Керісінше, журналистік қызметі үшін қудаланады. Алайда барлық ақпарат көзін осы журналисттерден алады. Сондықтан да, ел боламыз десек ақпаратымызды жөндейік. Ақпараты мықты қоғам дамудың да сара жолындағы, ақпарат қаншалықты еркін болса, қоғам да соншалықты еркін бола алады. Қорытындылай келе, мемлекеттің ақпараттық саясатын өзгертіп, тапсырыспен жасалатын ақпарат көзін жойсақ немесе контенттің бақылауда болмағанын қадағаласақ, жоғары деңгейге шығып, шыңдаламыз деген ойдамын.
Амангелді Аяжан
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі