Өлең, жыр, ақындар

IT журналистикадағы оқудың ерекшелігі

Журналистика кең ауқымды сала. Арнайы құралдар арқылы жаппай аудиторияға мәні бар ақпаратты жинау,өңдеу және тарату қызметі. Журналист кез келген мәселеге өзінің дербес көзқарасын құрушы. Ал енді журналист маманының иесі болу үшін не істеу керек?

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - білікті маман иесі болып шығуыңызға кепілдік береді. Заманға сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту методикасын ұсынады. Оқу орнында жоғары квалификацияланған профессорлар дәріс береді. Оқу барысында дәрістен бөлек, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізіледі. «Ақпараттық технологиялар» бағытымен, студенттер IT технологияларды, бағдарламауды, кодтауды қатар алып жүреді.

ХАТУ тек оқуға ғана емес, студенттік өмірге де бояуларын қосады. Өмірді әртараптандыру мақсатында, универ қабырғасында он сегізден астам студенттік ұйымдар бар.Журналистикаға бір қадам жасау мақсатында, Конвергентті журналистика, PR негіздері сынды арнайы сабақтар өткізіледі.  Міне осылайша IT журналистикадағы студенттік өмір ерекшеленеді.

Дана Ғалым

ХАТУ студенті

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз