Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда кейінгі үш жылда 41 IT мектеп ашылды

Кейінгі үш жылда Қазақстанда 41 IT мектеп ашылды. Ал, биылдың басынан бері оларда 55 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

ІТ мектептер заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленді.

«Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөліп отыр. Біздің мектептер электронды қызметтерді пайдаланады, онлайн олимпиадалар, онлайн жарыстар өткізеді, құжаттар электронды форматта да қабылданады. Жуырда елімізде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің съезінде әріптестеріміз цифрландыру білім беру үдерістеріне қалай енгізіліп жатқанын айтты. Әрине, біз балаларды цифрландыруға үйретуді қолдауымыз керек. Ол үшін ІТ мектептерді кеңінен ашуды қолға алып отырмыз. ІТ мектептердің ерекшелігі – ІТ технологиялар саласындағы мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу. Жыл сайын IT мектептердің саны арта береді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Бүгінгі таңда ІТ мектептерде оқитын балалар жалпы білім беретін пәндер мен робототехника бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсенді түрде қатысып жүр. Биыл Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) оқушыларымыз 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан атынан беделді олимпиадаға 4 оқушы қатысты. Оқушыларымыз әлемнің 90-ға жуық елінің 350-ден астам қатысушысымен бәсекелесіп, жүлделі орындарға ие болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар