Өлең, жыр, ақындар

Армандағы университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының ең үздік оқу орындарының бірі. ҚазҰУ әлемдік QS рейтингі бойынша 150-ші орында тұр. Бұл рейтингте Қазақстан бойынша ҚазҰУ топ 150-ге кіретін жалғыз университет. Университетте 16 факультет бар. Сол 16 факультет студенттеріне 18 жатахана берілген. Қазіргі таңда 25156 студент оқып жатыр. Оның 20498 бакалавр студенттері. Менде осы 20498 студенттердің арасында бармын. 16 факультеттің ішінде мен "Механика-математика" факультетінде оқимын. ҚазҰУ жастар армандаған жоғарғы оқу орны. Менде бұл университетке армандап түстім. Бұл жерде Алматыдағы ең үлкен кітапханаларының бірі Әл-Фараби кітапханасы бар. Одан басқа Әл-Фараби мұражайы, қалалық деңгейде тіркелген" Эйдос " театр клубы, әскери кафедра бар. Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк), мемлекет және құқық институты, эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институттарыда жетерлік. ҚазҰУ университетінен әйгілі әрі танымал Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Рахман Алшанов, Абдрасул Жарменов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов және Нұрлан Смағұлов секілді тұлғалар бітірген. Менде ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін өзімді жаратылыстану ғылымының докторы ретінде танылғым келеді. Себебі бұл университетте жастар жақсы білімнен бөлек, жаңа мүмкіндіктерге ие бола алады.

Әль-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің “Механика-Математика” факультетінің “Математика” мамандығының 1 курс студенті

Амангелдіұлы Марлен

Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С.А. жетекшілігімен

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз