Өлең, жыр, ақындар

Менің қалауым - журналистика

Мына дөңгеленген жер шарында  мені таңда деп тұрғандай мыңдаған мамандық тізімі тізіліп тұр. Қандай мамандық таңдасам болады деп дал болып жүргендер сол тізімнің ішіне кірсе мүлдем адасады. Алайда мамандық таңдаумен қатар өмір бойғы жауапкершілік бірге жүреді. Қазақта «Өмірден екі нәрсе таңдаудан қателеспе, мамандық және жар таңдаудан» деген сөзі осыған дәлеле секілді.

Мен де осынау мыңдаған мамандық ішінде өз таңдауымды жасағандаймын. Ахмет Байтұрсынұлы атамыз «Газет- халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші, таңдауым түсіп тұрған мамандық – Журналистика. Талай жарқыраған мамандық ішінен өзіме жақын тартып, таңдаған мамандығым осы болды. Қуанышы мен қатар қиыншылығы да бірге жүретін бұл мамандықты таңдау себебім де анық. Журналист – жаңалық әлемінің тұрақшысы.  Қауіпке де басын тігетін қайсар жандар. Шындықты жақтап, тіл көрнектілігімен көзге түсетін бұл мамандық иелерінің жұмысы сіз ойлағаннан да қиын. Қалың көпшілікпен жұмыс жасау кімде кімге болмаса ауыр түседі. Шындықты жарыса жазып, ақ парақ бетіне өз ойын саралап түсіру нағыз журналисттердің ісі.

Жұмыстың оңайы болмайды, алайда өзің сүйетін істің қиын жағы саған майдай жағуы анық. Бұл мамандық еріншектерді ұнатпайды. Жан – жақты ізденіп, өз ойын анық жеткізетіндерді сүйеді.

Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандаған жоқпын, алайда уақыт өте келе бұл Бұл мамандық талайды қызықтырған, талайдың атын шығарған кәсіп. Еш бір жұмытың мамандық иесі бола алатынымды түсіндім. Жүрегіме жақын тартып, осы маман ісіне толықтай ене бастадым. Сонымен қатар осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Себебі мен болашақта өзімді осы саланың білікті маманы ретінде толықтай көре аламын.

Журналистика – ақпарат алаңы. Жазған мақалаң көзге кеңінен түсу үшін ең алдымен  көрермен жүрегін жаулау қажет. Түсінікті, әрі оқыған адамның жүрек түпкіріне жеткізетін мақалаларды жазу арқылы көрермен көңілінен шығуға болады. Жоғарыда атап өткенімдей журналистика оңай мамандық иесі емес. Алайда нағыз тілшінің міндеті шырылдап шындықты жарыса айтып, ел көңілінен шыға білу керек деп, өз сөзімді аяқтаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз