Өлең, жыр, ақындар

Журналистика саласы

Журналистика - ең мықты адамдардың таңдайтын, қиындығы мен қызығы қатар мамандық.

Бұл мамандық қай кезде болмасын өз атағын жоғалтқан емес. Сонау кезеңнен бері, осы уақытқа дейін дамып келеді, әлі де дамиды деп сенеміз.

Себебі, қазіргі таңда көпшілік жастар баяғыдағыдай емес, журналистикаға қызығып келе жатыр.

Мен неліктен журналистика саласын таңдаймын деп шештім?

Журналист болу менің бала күнгі арманым болатын. Кішкентай кезімде айнаның алдында тұрып, елестетіп, өзімді жаңалық айтып тұрғандай сөйлеп рөлге кіретін едім. Сол кезден бері бір ғана журналист болудағы мақсатым деуге болады, ол-жаңалықтарды халыққа, көрерменге дәл, нық, шынайы жеткізу болатын.

Дәл қазіргі уақытта, өзіміздің кішкентай ғана Қазақстанда қаншама өзекті мәселелер бар. Байқап қарасақ, сол мәселелер туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер ұштасып жатады. Қайсы ақиқат, қайсы жалған екенін же білмейсін. Сондай сәтте, халықтың алдануынын алдын алатын, өтірік сөзге еріткізбейтін, ақиқатын айтатын мына біздер боламыз.

Мысалы, Қаңтар айындағы Қазақстанда шыққан түрлі әңгімелер, тәртіпсіздік, біреуден біреуге кінә арту іспетті сыбыстардың бәрі әлеуметтік желіден шыққаны рас. Сетьті өшірді, бәріміздің көзіміз жаңалықта теледидар көруде болды. Сетті өшірген сәтте, әлеуметтік желіде де ондайлар шықпады, керісінше бәрі жаңалық көріп, көздерін ашты. Былай қарасақ, екеуінде де екі түрлі ақпараттар берілді. Қайсына сенерімізді білмей дал болғанымыз да рас. Енді, былай қарайықшы журналисттер олар туралы ізденді, қауіп-қатер төнетін болса да аяғына дейін барды, қаншамасы қаза тапты. Жай үйінде отырған адамдарға не болмаса ізденгендерге сенесіздер ме? Әрине, дәлелі барыңа сену керек. Міні, журналист дейтін осылар, халыққа бәрін шынайы жеткізетіндер.

Осындай себептерден соң, әрине менің журналист болуға деген құлшынысым асты. Барынша қызықтым. Өз отбасымды ойлаймын, олардың болашағы мған маызды. Сондықтан да адамды үкіметпен байланыстырып, кіршіксіз қызмет етпесе олардың жұмысы көк тиынсыз қалады. Бәрі сыбыстарға сеніп, адасып жатады. Енді кімде-кім болмасың, теледидардан көрсеткенге сенеді ғой, олар шынайы болмаған жағдайда міне нағыз қиындық осыдан шығады. . .

Қорытындылай келе, біз нағыз ақпарат беру үшін, бойымызға ізденістік, әділдік, адалдық іспетті қасиеттерді сіңіреміз. Ол үшін көп оқып, білім алуымыз керек болады. Өзіңнің жаңа үлгіңді қалыптастыра аласың.

Өзімнің барлық айтқандарымды қоса келе, мен мынандай тұжырымға келдім.

Сол үшін нағыз журналист:шыншыл, дәлме-дәл жұмыс істейтін, сөздік қоры мол адам болуы керек. Ең бастысы-өз шынайылығын жоғалтып алмауы керек

Мен өзімнен осылардың бәрін көріп тұрғандықтан, қызығушылығым жоғары болғаны үшін осы журналистика саласын таңдап отырмын. Қазіргі уақытта ештеңеден қорқып қажет емес, әр адамның қолынан бәрі келеді. Бұйырса, мықты журналист болып отыру бұйырсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар