Өлең, жыр, ақындар

Дінтануға кіріспем

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 4 курс студенті Амангелді Ж.Б
Жетекші аға оқытушы Тунгатова У.А

Мен Дінтанушы болғаннан кейін көп адамда: “Ол қандай мамандық? нені зерттейді? мәнісі неде?”, – деген сынды сұрақтар туындап жатады. Жалпы Дінтану деген бір бағытты ғана ғылым емес. Діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді.Өзінде тарих, экономика, әдебиет, филология, дін, этнография және соларға ұқсас салаларды біріктіреді.Мен өзім бала кезден әр қазақтың баласы сияқты Заңгерге қызығып, университетке түсер кезде де соны мақсат еткен болатынмын. Алайда, Жүрек қалауымен, Дінтану деп аталатын мамандыққа тағдыр желі айдап келді . Бір кездерде дұрыс жасалған шешім – бүгінгі қайырлы хәлге алып келді. Өмірде қателеспеу керек екі нәрсені айтады ғой: 1. Мамандық таңдау; 2. Жар таңдау. Себебі екі таңдаудың да нәтижесі өмір бойы адаммен бірге болады өзім үшін бала кезден ұстаным қалыптастырғанмын. Қателесіп, қайта көре беретін өмірім ұзақ емес. Сол үшін қазірден ойландым, өкіндірмейтін таңдаулар жасауды үйрендім ,Таңдаудан қателеспедім. Енді, Дінтану туралы Дінтану – діндерді түбегейлі зерттеумен айналысатын кешенді ғылым. Ол әдетте бүкіл Әлемді аймақтарына қатысты діндерді танып оны саралап зерттейтін ғылым саласы,  Жалпы Дін жөніндегі ілім. Дін әрқашанда зерттеу нысаны болды. Бұл феноменді бірде-бір ойшыл елемей кетпейді. Олардың көбісі өздерінің барлық ғұмырларын дін мен діншілдікті зерттеуге арнайды. 

Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.

Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».

Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз