Мазмұны:
Кіріспе.........................................................................................................................
Негізгі бөлім...............................................................................................................
I. Лирикалық шығарманы оқытудың орта мектеп оқушыларының адамдық және танымдық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау.....................................................................................................
1. Лирикалық шығарманы оқытудың танымдық маңызы.....................
2. Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызы және оның маңызын жоғалтып алмау үшін оқу процесінде жүргізілуі керек шаралар..................................................................................................
II. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістерін талдау және осы әдістердің тиімділігін сараптау...................................................................................
1. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістері.......................................................
2. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың заманауи әдістерінің тиімділігін сараптау...............................................................
III. Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері және таңдалған туындыларды оқыту әдістемелерінде қолдану мүмкіндіктеріне мысал келтіру.........
1.Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдауда сүйену керек талаптар....................................
i. Қазақ авторларының шығармалары....................................................
2. Танымал шетел авторларының шығармалары негізінде лириканы түсіну деңгейін тексеру әдісін ұсыну.................................................
IV. Орта мектеп оқушылары үшін лирикалық шығармаларды оқу кезінде туындайтын түрлі қиындықтарды талдау және шешу жолдарын ұсыну........................................................................................
1.Лирикалық шығарманы қабылдаудағы орта мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін талдау және осы ерекшеліктерге байланысты оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау, оларды шешуге бағытталған оқыту үдерісіне енгізілуі тиіс шарттар мен әдістемелерді негіздеу.......................................................
2. Орта мектеп оқушыларына лирикалық шығармаларды оқыту кезіндегі электронды құрылғыларға деген тәуелділік мәселесін шешу жолдарын ұсыну..............................................................................
3. Орта мектеп оқушыларына лириканы үйретуде олардың қызығушылығын арттыруға және сыныптағы дұрыс қарым-қатынас атмосферасын қалыптастрыуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру жолдарын ұсыну.........................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
«Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту»
Тақырыптың өзектілігі: Лирикалық шығармаларды оқыту қазіргі кездегі оқыту бағдарламасына кіріктірілген, алайда кей жағдайларда әдебиет пәнін, оның ішінде лириканы үйретудің маңыздылығына күмәнмен қарау кездеседі. Күмәндану орта мектеп оқушыларының және олардың ата-аналарының тарапынан байқалады, нәтижесінде оқушылардың лириканы оқуға деген ынтасы төмендеуі, лириканы оқудан гөрі нақты ғылыми пәндерді оқуды жоғары қою мен осы тақырып төңірегінде мұғалім мен білім алушылардың арасындағы келіспеушіліктер орын алуда.
Аталған жағдайдың туындауы орынсыз деуге болмайды, себебі соңғы жылдары оқу стандарттары мен оқыту саясатында күрделі өзгерістер орын алды, бірақ әдебиеттік оқыту мен лириканы үйрету осы өзгерістер шеңберінен тыс қалып қойды. Сонымен қатар, заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу үшін қойылатын талаптар қолданбалы пәндер арқылы алынатын білімді қажет етеді, ал қазақ тілінің мәртебесі көп жағдайда шет тілдерінен төмен тұруына байланысты әдебиет пен лириканы оқу қажетсіз болып қалды деген жаңсақ көзқарас қалыптасқан және осындай пікір білім алушылар ортасында кең таралуда.
Жағдайдың ушығуына орта мектепке арналған әдебиет оқулықтарын құрастыруда және мүғалімдердің оқу жоспарына сай лириканы оқыту процесінде оқушылардың қызығушылықтары ескерілмеуі мен сабақ барысында материалдың маңыздылығын оқушы санасына жеткізе алмау, сонымен қоса әлемдік білім стандартына сай келмейтін, заманауи өзектілігі жоқ, оқушы үшін түсінуге қиын шығармалардың таңдалып алынуы өз үлесін қосып жатыр.
Осы аталған факторлардың барлығы орта мектепте лириканы оқытудағы жаңа кедергілерге алып келіп қана қоймайды, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынас пен түсіністіктің бұзылуына, стресске, оқушылардың лирикаға деген негативті көзқарасы қалыптасып қалуына, жалпы әдебиетке деген қызығушылығының өшуіне тап қылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сондықтан осы курстық жұмыста лириканы оқытудың қолданбалы маңыздылығы аз болса да, айтыла бермейтін тәрбиелік-танымдық маңыздылығын көрсететін боламыз және орта мектеп оқушыларына лириканы қажетті де қызықты оқу элементі ретінде насихаттауға бағытталған оқыту әдістері мен өзекті лирикалық шығарма түрлерін ұсынатын боламыз. Осы ретте, орта мектеп оқушыларының жастық - психологиялық ерекшелігіне, ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне, концентрация төмендеуіне алып келетін жалпыға ортақ және жекелеген фактораларға, оқушылардың заманға сай қалыптасқан көзқарастары мен қызығушылықтарына тоқталып, осы аталғандардың лириканы оқыту әдістерін таңдауда ескерәлуінің маңыздылығын талдаймыз.
Курстық жұмыстың барысында алға қойылған міндеттер:
1. Лириканы оқытудың тәрбиелік-танымдық маңыздылығны айқындау
2. Лириканы оқытудағы ескерілу қажет жайттарды және оқыту процесінде туындайтын қиындықтарды, оларды шешу жолдарын талқылау
3. Лириканы оқытудың тиімдлігін арттыруға негізделген оқыту әдістері мен дұрыс таңдалған лирикалық шығармаларды ұсыну
Курстық жұмысты жасауда қолданылған зерттеу әдістері (курстық жұмыстың қосымшасында көрсетілген):
1. Ғылыми-әдістемелік ақпарат көздерін саралаау арқылы зерттеуге қажетті алғашқы ақпаратты жинау
Педагогика саласында іргелі еңбектер қалдырған ғалымдардың зерттеу нәтижелерін талдау арқылы тақырыпты терең ашу.
2. Сұхбат алу
Мүғалімдерден сұхбат алу арқылы қазіргі кезде орта мектептерде лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылып жүрген әдістермен танысу.
3. Сауалнама жүргізу
Орта мектепте білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізу арқылы олардың лирикалық шығармаларға деген шынайы көзқарасын білу және лириканы оқу кезінде туындайтын қиындықтарды сұрастырып білу.
Зерттеу кезеңдері:
Теориялық кезең:
• Зерттеуге қажетті еңбектерді өзектілігі мен тақырыпты ашуға тигізетін септігіне қарай іріктеп алу
• Анықтамалар мен әдістемелерден алынған ақпаратты жүйелеу арқылы зерттеу сауалдарына жауап табу
• Өзім тұрып жатқан аймақтағы орта мектепте лириканы оқыту ахуалын білу мақсатымен практикалық әдістерді (сқхбат пен сауалнама) қолдану арқылы зерттеу жүргізу
• Өзіндік тәуелсіз зерттеуді жүргізуді жоспарлау, зерттеу базасы ретінде өзім тұрып жатқан аймаұтағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерін таңдап алу
• Сауалнама мен сұхбат сұрақтарын әзірлеу
Практикалық кезең:
• Орта мектепте оқушылар арасында сауалнама өткізу
• Орта мектеп мғғалімдері арасында сұхбат жүргізу
Қорытындылау кезеңі:
• Өткізілген зерттеудің нәтижесін талдап, қорытындыға келу
Кіріспе
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. (https://adebiportal.kz/kz/genres/view/147)
Негізгі бөлім
I. Лирикалық шығарманы оқытудың орта мектеп оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау
1. Лирикалық шығарманы оқытудың танымдық маңызы
Т. И. Сильман өндірілген лирикалық жанрдың туындысы болып табылатын, лирикаға осылайша анықтама береді: "лирика субъективті ауысу парадигмасы тұлға мен оны қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынас моделін қалыптастырады және осы қалыптасқан қатынастың шынайылығын құруға бағытталады" деген болатын [1].
Т. и. Силман, ол "кейбір жағынан лирика да "сәтті бейнелеу" ("шындықты түсіну" сәті) өнері болып табылады және эпикалық поэзияға қарағанда бейнелеу өнеріне жақынырақ"деп жазады [2].
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, көркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, ӛз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады [11].
5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде игеруге және кӛркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6 сыныптарда оқушылар мәтіндегі кӛркем сӛз айшықтарын (теңеу, метафора, эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, кӛркем мәтіннің табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі суреттерді сӛзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір сӛздердің мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компоненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді. 5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының ӛткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен ӛткізе алуына жәрдемдеседі (Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқулық – Жұмақаева Б.Д., Алматы, «Қыздар университеті» баспасы, 2015. – 7-бет.)
2. Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызы және оның маңызын жоғалтып алмау үшін оқу процесінде жүргізілуі керек шаралар
Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай бӛлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің сипатына байланысты [11]
Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызына тоқталмас бұрын, орта мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде кездесетін психологиялық – тұлғалық қалыптасудың маңызды кезеңі – «өтпелі кезеңнің» басталатынын ескеру қажет, себебі дәл осы жаста оқушылардың тәртібіне тікелей әсер ететін шешуші факторлар орын алады. Бұл факторлардың физиологиялық және психологиялық себептерінен бөлек, мінездегі ауыспалылыыққа оң немесе теріс әсер беретін социоллогиялық факторлар да бар. Қазіргі кезде балалар тәрбиесі екі ірі институттардың – отбасы мен мектеп тәрбиесі арқылы анықталады, ал көп отбасыларда ата-аналардың үнемі бос уақыты болмауына байланысты балалар тәрбиесі мектепке тәуелді болып қалады. Әлбетте, мектеп мұғалімдерінде де оқушылар тәрбиесімен айналысатын шама жоқ, ал психологтар мен сынып жетекшілердің қызметі әдетте қағазбастылықпен және практикалық жұмысқа аз назар бөлумен анықталады. Сондықтан да әрбір сабақ ақпарат ағыны ретінде емес, қайта тәрбиелік аспектіге терең мән берілген жүйе бөлшегі ретінде жоспарлануы және іске асырылуы керек.
Сабақта тек ақпарат берумен шектелмей, алдымен сыныптағылардың жай-күйіне мән беру керек. Оқушылар арасындағы буллинг, депрессия сынды қауіпті жайттар белгілері байқалған жағдайда дереу қажетті шаралар қабылдануы керек. Әрине, бір қарағанда бұл айтылғандар лириканың тәрбиелік мәні тақырыбынан алшақ көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде осы мәселелер шешілмей тұрып білім беру мен тәрбиелеу дұрыс іске асуы қиын. Оқу процесі оқушылар өмірінің барлық аспектісімен ішінара тығыз байланыста болғандықтан, олардың қауіпсіздігі, денсаулығы, психологиялық ішкі жай-күйі, отбасы жағдайы, қатарластарымен арақатынасы үнемі назардан тыс қалмауы керек. Әлі тұлға ретінде қалыптасып үлгермеген балалардың тәрбиесіндегі олқылықтар қашанда сыртқы немесе ішкі факторларға байланысты және теріс әсер ететін факторлар уақыт санап артып келеді, ал оны ескеріп жатқан ересектер кемде-кем. Міне, сондықтан жақсылыққа баулитын лирикалық шығармаларды оқытып, сонымен ғана шектелген жағдайда, бұндай сабақтың ешқандай нәтижесі болмайды. Педагогика психологиядан ажырап, оқушыға алдымен адам ретінде қарау болмаған жағдайда, сыныпта атйылған сөз бен орын алып жатқан істердің сәйкессіздігі орын алған кезде ең үздік лирикалық шығарма өз мәні мен құндылығын жоғалтып, оқушы санасында тек жаттанды құр сөз ретінде қалады. Ал өмірдегі шынайы мәселелерді қағаз бетіндегі құр сөз шешіп бере алмайтыны жасырын емес [10].
Ал енді, тікелей лириканың тәрбиелік мәнін арттыруға арналған педагогикалық әдістемелерге көшейік:
Дидактиканың негізгі алты принципі келесідей:
1. Ғылымдылық принципі;
2. білімді саналы игеру принципі;
3. оқытудың жүйелігі мен үздіксіздігі принципі;
4. оқытуды өмірмен байланыстыру принципі;
5. көрнекілік принципі;
6. білім берумен тәрбиенің байланыстылық принципі (https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3255-didaktika.html).
Осы принциптердің ішінде ерекше назар аудартатын «білімді саналы игеру принципіне» тоқталайық. ХХІ ғасырда ақпарат көлемі өте көп – бұндай ақпарат ағыны бұған дейін ешқашан болмаған. Ақпараттың қолжетімділгі оқу процесі үшін маңызды, бірақ оның кемшіліктері де жоқ емес. Қолжетімді ақпараттың барлығы бірдей шынайы да қажетті болып табылмайды, ал секунд сайын толықтырылып жатқан ақпараттық ресурс көздерін қадағалау мен жүйелеу тіпті мемлекеттік деңгейде мүмкін болмай отыр. Сондықтан алынған ақпаратты іріктеу міндеті оқушының өзіне артылады. Осы ретте Еуропалық білім стандартына бой түзеген Қазақстандық ЖОО орындарында және Кембридждік стандартқа бой түзеген НЗМ бағдарламасында мұғалімдерге жаңа міндет артылған – бұл оқушыларды ақпараттың шынайылығын тексеруге, анализ арқылы тек қажетін іріктеуге, өңдеуге үйрету. Ал қатардағы орта мектеп ұстаздары көбіне бұндай міндетті атқару қажеттілігінен бейхабар, нәтижесінде орта мектеп оқушылары кез-келген ақпаратты жадыға сақтау, тексермей-ақ шын деп қабылдауға барып жатады. Бұның өзі білім сапасына орасан зор нұқсан келтіретін фактор – маңызды академиялық дағды тапшылығы.
Оқытуды өмірмен байланыстыру принципі жеке пункт болып қарастырылмаса да, оқыту ісінде бұрыннан бар. Ұстаздар тақырыпқа байланысты өмірден алынған оқиғаларды айтқанда, сынып оқушылары ұйып тыңдап, дәл сол сабақты еске сақтап қалатындығын жеке басымнан өткен тәжірибеден бірнеше рет аңғардым. Осы аталған принцип өміршең болып табылады және сол себепті оқушылардың қызығушылығын оятады. Бұл принцип тек аталған әдіспен шектелмейді, ақпаратты өмірмен байланыстыру үшін:
- лирикалық шығарманы оқушының өз өмірімен байланыстыруға
- шығармадағы құндылықтарды автордың заманы және биографиясы контекстінде қарастыруға
-лирикалық шығармада берілген ақпаратты қалайша өмірде қолдануға болатындығын мысалмен келтіруге болады.
Білім беру мен тәрбиенің байланыстылық принципіне келсек, лирикада берілген автор сезімдерін және оларға байланысты рухан қасиеттерді жеке бөліп алып, талдауға болады. Автордың айтқысы келген сөздері лирикалық туындыда күрделі бірақ көркем беріледі. Оқушылардың оны қабылдауы біркелкі емес, яғни әрқайсысы шығарма түйінін өзінше түсінуі мүмкін. Бұл заңды құбылыс, бірақ автор ойын мүлде түсінбеу немесе шамадан тыс бұрмалап түсіну орын алуы да кездеседі. Сабақта ашық сұрақтар қойып, талқылау жүргізу осындай тұстарды айқындауға және түзеуге көмектеседі.
Аталып өткен принциптердің барлығы білімнің алдымен санада пайдалы түсінік ретінде қалыптасуына, кейіннен оқушының әрекетіне өзгеріс енгізуіне ықпал етеді.
ІІ. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістерін талдау және осы әдістердің тиімділігін арттыру жолдарын сараптау
1. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістері
Қазіргі кезде білім беру стандартына және заманауи бәләм беру талаптарына сай прогорессивті оқыту саясаты іске асырылуда. Соңғы жылдары білім беру саласында, оның ішінде қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасында педагогикалық технология мен инновация ұғымдары жиі кездеседі.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер [12].
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен: - ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала – субъект», «бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады; - ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; - қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады; - саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. - оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; - дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады (Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014. – 26 бет.).
Әдебиет сабақтарында біз сөз өнерін оқуға және қабылдауға қатысты педагогикалық технологияларды қолданамыз. Сондықтан біз талап етеміз
технологияны шығармашылық қызмет ретінде түсіну. Оқушының оқырманның әдеби дамуының шығармашылық технологиясы сәйкесінше талап етеді
білім, сондай – ақ оқу қасиеттерін өзектендіру мәселелерін түсіну және дамыту-бұрынғы білімді бұрын игерілген және жаңа қолдану арқылы білімді кеңейту, тереңдету. Қазіргі уақытта мұғалімдер
барлық ерекшеліктерді ескеретін осындай педагогикалық технологияларды қолдана отырып, технологиялық тәсіл негізінде оқыту жүйесін енгізуді ұсынады. Осы ғылыми негізделген жүйенің көмегімен мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметінде саналы тактикалық қадамдарды жоспарлай алады.
Оқу қиялын өзектендіру технологияларын құру мен
әдебиетті оқыту процесінде біз шығармашылық технологияны әр оқушының шығармашылық әлеуетін іске асырудың жеке жолы ретінде қарастырамыз.
Әдебиет сабақтарында қиялды дамытудың шығармашылық технологиясының мүмкіндігін мұғалім оқушылармен бірге оқу кезінде көреміз
тақырыптар келесі тәсілдердің бірін таңдай алады:
бейнелі немесе логикалық
таным, тереңдетілген немесе энциклопедиялық зерттеу, таныстыру,
тақырыпты таңдамалы немесе кеңейтілген игеру [19].
2. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың заманауи әдістерінің тиімділігін арттыру жолдарын сараптау
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету [5].
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669);
Әдебиетті оқыту әдістемесі – күрделі ғылым. Оқыту заңдылықтарын қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық заңдылықтарын қарастыратын психологиямен, кӛркем әдебиеттің даму заңдылықтарын қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей
қатысады, жетістіктеріне сүйенеді, алайда өзіндік міндеттерін көздейді.
Әдебиетті оқыту әдістемесі барлық уақытта да ғылымының қиындығы болып келді. Оның себебі - әдебиетті оқыту әдістемесі адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты ғылым екендігінде. Ал адамтану, адам қалыптастыру қоғамдағы ең маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан басқа әлеуметтану, қоғамтану ғылымдары да кіреді [6].
Көркемдік қабылдау мәселесі " теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да өте маңызды,өнердің, қабылдау мәдениетінің, реципиент-оқырманның, көрерменнің тыңдаушының "біліктілігін" арттыру жолдары мен тәсілдерін әзірлеу мақсатында " (Мейлах B. C. шығармашылық процесі және көркемдік қабылдау). [7]
Әдебиетті қабылдау кезеңдері туралы айту әдеттегідей:
1) шығарманы тікелей қабылдау, яғни, шығарманың бейнелерін қайта құру және тәжірибе жасау (осы кезеңдегі жетекші үдеріс - қиял процесі);
2) шығарманың идеялық мазмұнын түсіну (бұл кезеңде жетекші болып табылатын үдеріс - бұл ойлау, бірақ, ол эмоционалды түрде бастан өткерген нәрсемен жұмыс істейтіндіктен, ол эмоционалдылықты өлтірмейді);
3) көркем әдебиеттің оқырманның шығармаларды қабылдау нәтижесінде жеке тұлғасына әсер етуі (Никифорова О. и. көркем әдебиетті қабылдау психологиясы. М., 1972. Б. 7 – 8 , Психолог О. И. Ники).
Шетелдік озық тәжірибеге сүйенсек Германияда бастауыш мектепте әдебиет оқудың басты мақсаты - оқушыларды әдеби оқумен таныстыру, олар одан ләззат алып, дамыта алатындай етіп тұрақты оқу әдеттерін қалыптастару.
Онда әдебиетпен жұмыс тәжірибесі және шығармашылық әдістер жиі қолданылады [15].
III. Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері және таңдалған туындыларды оқыту әдістемелерінде қолдану мүмкіндіктеріне мысал келтіру:
1.Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері:
Мұғалімдердің алдында тұрған мәселелердің бірі-оқушыларға арналған дұрыс көркем мәтінді таңдау. Қолдануға сай көркем мәтіндердің түрлері өте көп. Алайда мұғалім ол сыныпта талқылығысы келетін мәтінді таңдағанда өте сақ болу керек. Сыныпта сабақ беру үшін әдеби шығарманы таңдау оқушылардың қажеттіліктерін, олардың мотивациясын, қызығушылығын және мәдени ортасын ескеруі керек [16].
Дафф пен Мали (2007: 12-13) егер мұғалімдер олар кейбір мәселелерге назар аударса көптеген қиындықтарды жеңе алады деп санайды.
Әдеби мәтіндерді таңдауда сұрақ қоб маңызды болып табылады, мысалы:
- Пән студенттерге қызықты ма?
- Тілді меңгеру деңгейі дұрыс па?
- Бұл ұзындық қол жетімді уақытқа сәйкес келе ме?
- Бұл үшін Мәдениет немесе әдебиет туралы көп білім қажет пе?
- Бұл мәдени тұрғыдан орынды ма?
- Бұл мәтінді тіл үйрену мақсатында қолдануға бола ма?
(Language in India www.languageinindia.com 81 10 : 7 July 2010 Abraham Panavelil Abraham, Ph.D. Teaching Literature through Language - Some Considerations – page 81).
Әдеби шығарманы таңдауда оның атауы да маңызды, өйткені ол тақырыпты/тақырыпты көрсетеді. Мұғалім сыныпта өзі талқылағысы келген қалаған өлеңнің атын жариялайды және өлеңді оқымастан бұрын оқушылардан не болуы мүмкін екендігі туралы болжам жасауды сұрайды:
Мысалы, тақтаға "Қарлы кеште ормандағы аялдама"деген өлең атауын жазып, кейін мұғалім оқушылардан жауап алу үшін бірқатар сұрақтар қоя алады:
1. Өлеңнің атауы сөйлем немесе сөздер тобы ма?
2. Сіз орман деп не түсінесіз?
3. "Орман" мен "ағаш"арасындағы айырмашылық неде? [16].
Тақырыпты талқылай отырып, мұғалім енді өлеңнің көрнекі бейнесін бере алады. Мұндай жаттығу өлеңнің мазмұнын болжау үшін маңызды кеңестер бере алады.
Мұқабада иллюстрациялары бар көптеген мәтіндер бар, соның ішінде графикалық мазмұнды ұсынуға болады. Сонымен қатар, мұғалім (егер оның көркемдік таланты болса) мүмкін поэма негізінде сурет салу немесе суретші досының көмегін пайдалану.
Өлеңге Иллюстрация " орманда тоқтау..."орманды көлмен бейнелеу керек, онда су қатып қалды, өйткені бұл қыс мезгілі. Көлдің жанында саяхатшы бар жылқысын тоқтатып, әдемі көріністі тамашалады. Жылқының мойнында қоңыраулар ілулі. Мұғалім оқушылардан мүмкіндігінше көп ақпарат алуды сұрайды
егжей-тегжейлерді мұқият зерттей отырып, өлеңнің тарихы/жағдайы. Әзірге оқушылар иллюстрацияны қарап, мұғалім бірнеше сұрақтар қоя алады, мысалы:
- Орманда қандай уақыт болуы мүмкін-кеш/түн/түс/Таң?
- Неліктен саяхатшы жылқысын орманда тоқтатты деп ойлайсыз?
- Сіз "ферма үйінің" не екенін білесіз бе?
- Саяхатшы қорқады ма?
- Ол не туралы ойлауы керек?
- Көл туралы не ойлайсыз? Неліктен мұздатылған?
- Бұл әдемі немесе қорқынышты жер ме? Түсіндір.
Бұл сұрақтар оқушыларды одан әрі тартуға және жауап беруге итермелейді
мәтінге бір қадам және оларды өлеңді жақсы оқуға және түсінуге шақырады (Language in India www.languageinindia.com 81 10 : 7 July 2010 Abraham Panavelil Abraham, Ph.D. Teaching Literature through Language - Some Considerations – page 81).
i. Қазақ авторларының шығармалары
- Абайдың табиғат лирикасы
Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, -
Бұл шығарманың (1)
- А.Тоқмағамбетов лирикасы
“Түрксиб түйіскенде” деген өлеңінен аңғаруға болады:
Қырдан асып, белді басып,
Жолды салған қандай ер?
ол қайратты, ол қажырлы,
Қайтпас қайсар – жұмыскер.
Ал, ендеше Қазақстан,
Түйіскенде Түрксиб.
Қалың қайрат ер еңбекпен,
Қаһарлана қайта шық!
Ақын өз творчествосымен адамзаттың Отанға деген сүйсіпеншілігі, ел патриоттарының ерлік образдарын жасайды, олар табиғатты өзгертіп, өлкемізді гүлдендіріп жатқан қаһармандық еңбегінің даңқын көтереді. (2)
Мың қолдар сау болсын деп,
Мен бір қолымды бердім.
Мың жолдар жалғансын деп,
Мен бір жолымды бердім.
Мың гүлдер солмасын деп,
Гүлдей жастық күнімді бердім.
Мың ақын толғасын деп,
Мен бір жырымды бердім.
Сырбай Мәуленов (https://qazaqadebieti.kz/3334/so-ystan-ajt-an-syrbaj)
2. Танымал шетел авторларының шығармалары негізінде лириканы түсіну деңгейін тексеру әдісін ұсыну:
Роберт Фросттың 'Stopping by Woods on a Snowy Evening' ("Қарлы кеште орманда тоқтау") өлеңі негізінде оқушылардың лирикалық шығарманы қаншалықты түсінгендігін анықтауға арналған әдістерді талдайтын боламыз:
Бұл кімнің орманы, мен білемін деп ойлаймын,
Оның үйі ауылда болса да.
Ол менің осында тоқтағанымды көрмейді,
Оның ормандары қарға толғанын қараңыз.
Менің кішкентай атым біртүрлі болып көрінуі керек,
Жақын жерде ферма үйінсіз тоқтау үшін,
Орман мен мұздатылған көл арасында,
Жылдың ең қараңғы кеші.
Ол әбзелдерін қоңырауларымен шайқайды,
Мұнда қандай да бір қателік бар ма деп сұрау.
Жалғыз басқа дыбыс - ысқырық,
Жеңіл жел мен үлпілдек үлпектер туралы.
Ормандар әдемі, қараңғы және терең,
Бірақ менде орындауым керек уәделер бар,
Мен ұйықтамас бұрын әлі көп миль жүру керек,
Мен ұйықтамас бұрын әлі көп миль жүру керек (Р.Фрост)
(https://web.cs.dal.ca/~johnston/poetry/woods.html)
2.1. Түсінуге арналған сұрақтар қою:
Бұл сұрақтар оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін бағалауға арналған.
Мұғалім өлеңге қатысты келесі сұрақтарды қоя алады:
- Әбзелге арналған қоңыраулар "дегеніміз не?
- Неліктен ат әбзелдерін қоңырауларымен шайқайды?
- Орманда тағы қандай дыбыстарды жалғыз естуге болады?
- Неліктен ақын бұл дыбыстарды айтады?
- "Менің кішкентай атым мұны біртүрлі деп санауы керек" деген сөз-бұл жерде "бұл" нені білдіреді?
- Жылқы адам сияқты ойлай ала ма? Ақын неге береді
- жануар осы қасиетке ие ме?
- Студенттерден сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру сұралуы мүмкін, ал мұғалім
- жауаптарды қарап шығыңыз және қажет болған жағдайда оларды жақсартыңыз.
- Оқушылардың толық немесе толық узнатьстігін білу үшін басқа да көмекші сұрақтар қойылуы мүмкін
- өлеңді түсіндіңіз бе:
- Бұл өлеңнің баяндаушысы кім? Бұл ақын ба?
- Сіз "поэтикалық тұлға"деп нені түсінесіз?
- Лирикалық өлеңнің не екенін түсіндіріңіз?
- Ақын біреуге немесе өзіне жүгінеді ме?
- Сіз монологтың не екенін білесіз бе?
- Неліктен ақын осы шақты бүкіл өлеңде қолданады?
- Неліктен ақын соңғы екі жолды қайталады?
- Өлеңдегі кейбір сөйлеу фигураларын түсіндіріңіз? (http://www.languageinindia.com/july2010/abrahamliterature.pdf)
Әр кезеңде мұғалім оқушыларға нұсқаулар /түсініктемелер беруге міндетті. Сондай ақ олардан жауап табу үшін Интернет пен кітапханаға кіруді пайдалануды сұрауға болады.
2.1. Креативті жаттығулар
Қайта жазу жаттығулары және рөлдік ойындар-мұғалім жасай алатын екі шығармашылық әрекет болып табылады.
Оқушылардың өлеңді түсінуін және бағалауын жақсарту үшін және олардың экспрессивті және қабылдаушы дағдыларын жақсарту үшін енгізуге болады.
Қайта жазу әрекеттері "еркін" немесе "бақыланатын"болуы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушылар пайдаланады
мәтіннен түсінгендерін өз сөздерімен білдіру еркіндігіне қол жеткізеді.
Мұнда олар параллель өлең жаза алады, сол тақырыпты басқа фонда қолдана алады.
Ал бақыланатын немесе басқарылатын жазу жаттығуларында оқушыларға ұсыныстар беріледі.
Олардан өлеңді белгілі бір сөздермен қысқаша баяндау немесе шығарманы басқаша аяқталатын туынды ретінде қайта жазу сұралуы мүмкін
Рөлдік ойындарда студенттерден әртүрлі рөлдерді алу сұралады. Мұндай іс-шаралар оқушыларға өзіне деген сенімділікті арттыруға және жаңа шығармашлық қабілетті дамытуға көмектеседі. Зерттелетін өлең жағдайында бір оқушы поэманың баяндаушысы болып табылатын поэтикалық кейіпкердің рөлін ойнаса, ал екіншісі - атқа мінген саяхатшы бола алады.
(http://www.languageinindia.com/july2010/abrahamliterature.pdf)
II. Орта мектеп оқушылары үшін лирикалық шығармаларды оқу кезінде туындайтын түрлі қиындықтарды талдау және шешу жолдарын ұсыну
1.Лирикалық шығарманы қабылдаудағы орта мектеп оқушыларының жастық және психологиялық ерекшеліктерін талдау және осы ерекшеліктерге байланысты оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау, оларды шешуге бағытталған оқыту үдерісіне енгізілуі тиіс шарттар мен әдістемелерді негіздеу.
В. г. Марангцман оқушының өнерге деген көзқарасының төрт жас кезеңін анықтады:
1) бастауыш мектеп-өнерге сиқырлы ойын ретінде қарау;
2) 5-6 сыныптар - оқушылардың көркем шығармаларды аңғалдық-реалистік қабылдауы (көркем шығарманың оқиғалары мен кейіпкерлері бұл ретте шын бар нәрсе ретінде сезіледі, өмірден кітап беттеріне тікелей көшірілген шынайылық ретінде қабылданады; оқушылар шығармада авторды көрмейді, көркемдік мағынаны ескермейді, бұл өз кезегінде әдеби білім беру процесінде аңғалдықты жеңуді талап етеді;
сонымен бірге, мұндай қабылдау жалпы жанашырлық, шынайылық секілді адам бойында сақталуы керек құнды қасиеттерге ие);
3) 7-8 сыныптар, онда көркемдікке қатысы бар
шығарма жеке және субъективті болады, авторлық идея өзінің жеке мәселелерімен жасырылады; шығармадағы ең қызықты нәрсе-бұл әрекеттер
кейіпкерлер мен олардың мотивтері; бұл жасқа және психологиялық өзгерістерге байланысты: жеке тұлғаның өзін-өзі растау процесі, адамгершілік мәселелеріне деген қызығушылықтың артуы тән;
4) 9-11 сыныптарда көркемөнерге көңіл бөлінеді және
өнер туындысының формасы, ішкі байланыстарды іздеу жүріп жатады; орта мектеп оқушыларын шынайы өмір мен әдебиетті, әр түрлі өнер түрлерін салыстыру қызықтырады,
өнер мен көркемдік даралықтың дамуының тарихи кезеңдерін салыстыру (бұл ерекшеліктер жас пен психологиялық өзгерістерге де байланысты: мен және әлем - осы жастағылар үшін орталық мәселе, 9-11 сыныптар-себептер мен салдарларды, таным мен байланыстарды түсіну кезеңі [8].
"Өлеңді қабылдауы дамыған топтар үшін мұғалімнің жетекшілігімен талданған шығармаға жүгінудің мағынасы жоқ. Оқырман сияқты оқушы енді өз әсерлері мен бақылауларын байланыстыра отырып, шығармамен жалғыз қалуы керек. Үшінші топ оқушыларының басқа реакциясы басқа әдістемелік қадамды іздеуге мәжбүр етеді. Ол өлеңнің ерекшелігіне ерекше назар аударуға бағытталған тапсырмалар жүйесін әзірлеуден тұрады. Осы топтың оқушыларына мұғалім тапсырмалар береді"[20].
Лириканы қабылдаудың оқушылардың жас топтарына тәуелділігін зерттеумен З.Я.Резе, Н.Д. Молдавская, В. Г. Маранцман және т. б. айналысты.
Олардың әрқайсысы өз жолымен жүрді, бірақ олардың жұмысының нәтижелері көп жағынан ұқсас. Мәселен, зерттеушілер жоғары сыныптарға дейін кейбір оқушылар поэзияны аңғал-реалистік қабылдау сатысында тұрады деген қорытындығв келген. "Алайда, студенттердің лириканы қабылдауының әртүрлі деңгейлері 4-сыныптан бастап байқалады" [21].
Бұл туралы З. Я. Рездің ойы: "Кейбір оқушылар шығарманың бейнелі-эмоционалды жағын қабылдауға бейім, ал басқалары поэтикалық мәтіннің интеллектуалды мазмұнына тартылады. 7-сыныптан бастап субъективті сәттер маңыздырақ болады (олар өздеріне тікелей ауысумен оқиды). Лирикаға деген мұндай көзқарастың қауіптілігі мынада: поэзияға тұтынушылық көзқарас қалыптасуы мүмкін, тек оқушының өзіне қатысты жасына және әдеби біліміне байланысты жоғары сынып оқушылары лирикаға саналы эстетикалық көзқарас қалыптастырады, "аңғал реализмнен" түпкілікті ауытқу пайда болады (егер сыныпта оқушылардың дербестігін тәрбиелеу, олардың қиялын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілсе)" [22].
2. Орта мектеп оқушыларына лирикалық шығармаларды оқыту кезіндегі электронды құрылғыларға деген тәуелділік мәселесін шешу жолдарын ұсыну
o Электронды құрылғыларды сабақ барысында тиімді пайдалану
Электронды құрылғылар күнделікті өмірдің ажырамас құралына айналғанын мойындауымыз шарт. Классикалық білім берудің ескі формасына еті үйренген ұстаздар үшін гаджеттер түсініксіз, үйреншікті емес және сабаққа кедергі келтіретін объект ретінде қабылдануы мүмкін, алайда оқушылар үшін бұл ғаламтордағы ақпаратқа ке-келген уақытта жол ашатын таптырмас оқу мен үйрену құралы. Сонымен қатар әлем талабы технологияны пайдалану жағына ығып барады.
«Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» құжатының 7-ші тармағында көрсетілгендей,
жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау
Ақпарат көзі:(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669).
Осы себептен әдебиет сабағында смартфондарды жинап алу, пайдалануға тыйым салу оқушылардың құқығы мен еркіндігіне нұқсан келтіру ретінде ғана емес, артқа тартушылық ретінде қабылданып, ұстаз бен сынып ортасындағы конфликтіге алып келеді. Конфликті ашық өтпесе де, жасырын формада өтуі мүмкін және бұл әдебиетті құқықты шектеуші, ескі заманда қалып қойған сала ретінде қате қабылдауға алып келеді. Сондықтан, Джош Биллинг айтқандай, «егер жауды жеңе алмасаң, онымен дос бол» принципіне көшіп, дұшпан саналатын гаджеттерді сабақты оқыту процесіне тиімді пайдалану жолына көшу керек. Смартфонға деген тәуелділік оқушылардың да, мұғалімнің де қас жауы, бірақ онымен жауласудың орнына керемет мүмкіндітерін лириканы оқытуды жедел де эффективті ету үшін қолдануға болады. Мысалы: Тик-ток желісінде әдеби тренд қалыптастыру лирикаға деген қызығушылықты сыныптан тыс уақытта да үлкен аудиторияға таратудың әдісі бола алады.
3. Орта мектеп оқушыларына лириканы үйретуде олардың қызығушылығын арттыруға және сыныптағы дұрыс қарым-қатынас атмосферасын қалыптастрыуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру жолдарын ұсыну.
o Ән арқылы үйрету өлең мәтінін есте сақтаудың кревтивтіде заманауи жолы.
Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңі халық арасында ән түрінде кеңінен танымал. Ал әуені жоқ шығармаларды оқушылар өздері қалаған ырғаққа келтіріп айтуына болады. Сыныпта музыкаға жақын талантты оқушылар бар болса, олар осындай тапсырманы өте сапалы орындап, өздерні көрсете алады. Ал лирикалық шығарманы сыныптастарының туындысы түрінде тыңдап көрген өзге оқушылар үшін, бұл лирикаға жаңа бір тұрғыдан қарау мүмкіндігі болмақ.
o Сабақтың маңызды тұстарын видеоматериал түріне келтіру.
Видео қабылдауды жеңіл етеді және өтілген сабақты үйде қайталауды қолжетімді етеді. Қазақ тіліндегі материалдар мен контент аздығын ескерсек, аталған әдіс өзекті болып табылады.
o Лирикалық шығарманы түсіндіру сабағын дәстүрлі түрде емес, ойын немесе қойылым түрінде өткізу.
Лирика өзге өнер түрлерімен ғана емес, өмірмен де қоян-қолтық байланыста дамыды, сол себептен лирииканы оқытуда құр теорияны ауызша айтып қана қоймай, белгілі бір шығарманы өмірмен байланыстырып, сезініп өту керек. Осы мақсатта оқушылар рөлге бөлініп қойылым қойса болады. Шығармашылық еркіндік пен тапсырманың әртүрлілігі лирикалық шығарманың мәтнінің жаттап алуға атсаласпаса да, бастысы, оның мағынасын терең түсінуге жол ашады. Автордың айтқысы келгенін түсіну және қойылым арқылы бастан өткеріп, эмоционалдық тұрғыдан сезіну – лириканың мақсаты да осы емес пе?
o Дөңгелек үстел пікірталасы түрінде лирикалық шығарманы еркін форматта талқылау.
Оқушылардың пікірін тыңдау, өлеңді дөңгелек үстел төңірегінде талқыға салу және әр пікірді тыңдап, бағалай білу. Жөнсіз сын айтпау. Пікірталас соңында ортақ шешімге келу немесе қарама-қарсы пікірлердің қалуға құқылығын алға тарту. Бұл ретте оқушы тек авторитетті пікірді жаттап алмауы қажет, қайта әркім өз пікірін жеткізе алуы қажет. Пікір алмасу арқылы оқушылар өз сұрақтарын мұғалімге еркін түрде қойып, толыққанды жауап ала алуы керек, келіспейтін тұстарын айтып, аргументті түрде өз позициясын қорғай алуы шарт. Мұндай әдіс білім алуды мейлінше еркін әрі жағымды етеді. Оқушылардың өлең авторымен немесе мұғалімнің пікірімен келіспеушілігі ішке бұғылып, кейін оқуға кедергі келтіретін психологиялық протест күйінде қалмайды, керісінше өлеңді тереңірек түсінуге, тақырыпты одан әрі зерттеуге деген құлшынысын артттырады. Оқушылардың өзара ақылдасуы және сөз таластыруы, түрлі көзқарастармен танысуға, берлген тақырыпты жан-жақты қарастыруға сеп болады.
Бұл ретте сыныпта айтылған көзқарастар бұрыс немесе дұрыс деп консервативті түрде шорт кесілмеуі керек, әр пікір теңдей тыңдалып, қарсы пікір дәлелмен келтірілуі керек. Мұғалім өз субъективті көзқарасын жалғыз дұрыс пікір деп, оқушыларды сол пікірді қабылдауға мәжбүрлемеуі шарт. Сұрақтарға жауап табылмаған жағдайда, шынайы тұрғыда «білмеймін, бірақ келесі сабаққа осы сауалдың жауабын тауып келуге тырысалық» деп жауап берілгені дұрысырақ, ұстаз жауап беруден жалтарса немесе жалған сөйлесе, бұл оқушылардың оған деген сенімін төмендетеді, ал кемшілікті мойындауы мен шынайылығы, ізденіске бірге шақыруы оң нәтиже береді. Сыныптағы ашықтық, қателесуге қорықпау мен теңдік оқу атмосферасын қолайлы әрі жағымды етіп, сабақтың тек шектеліп қалған қатал тәртіпке бағынған процесс емес, үздіксіз де кеңшеңберлі ізденістің бір бөлшегі екендігін оқушыларға сездіреді.
Қорытынды
Осы зерттеу жұмысында лириканы орта мектепте оқытудың ерекшеліктері қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сильман Т. И. "Лирика туралы жазбалар" –Л.: "Кеңестік жазушы", Ленинградтық бөлім, 1977. -223 бет.
2. Головенченко Ф. М. "Әдебиеттануға кіріспе" -М., 1979 -318 бет .
3. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ әдебиетін орта мектептерде оқытудың ӛзекті мәселелері»: республикалық ғылымипрактикалық конференция материалдары. Электронды жинақ. – Алматы, 2019. – 126 б. (https://pps.kaznu.kz/ru/Main/FileShow2/155587/91/1/13393/2019//)
4. – «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33988830&pos=6;-106#pos=6;-106)
5. «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669)
6. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқулық – Жұмақаева Б.Д.
Алматы, «Қыздар университеті» баспасы, 2015. – 242 бет. (https://lib.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/2018/01/Kazak_adebietin_okytu_adistemesi_Zhumakaeva.pdf)
7. . Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и его анализ в школе//Вопросы анализа литературных произведений. –М,. 1969 (http://uchitel.uss.dvfu.ru/wp-content/uploads/pdf)
8. Антипова-А.М.-Воспр.-худ.-произв.-читателем-школьником-как-научная-проблема., стр 65.
9. «Әлеуметтік педагогика қазіргі заманғы әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексінде» дәріс материалдары, доцент Қасымова Роза Садыковна, аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна (https://pps.kaznu.kz/2/Main/FileShow/402530/105/123/7676/0/2014/2)
10. . Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. – М., 1994
11. . Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқулық – Жұмақаева Б.Д.
Алматы, «Қыздар университеті» баспасы, 2015. – 242 бет.
12. Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014. – 360 бет (http://rmebrk.kz/bilim/boribekova-kazirgi.pdf)
13. . Нұрмаханов Ж., Дайыров Ә., «Орта мектепте лириканы оқыту», Алматы, 1991, 131 бет
14. Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлының әдіскер ізбасарлары. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1988, № 2.
15. The Teaching of Literature Irene Pieper, Johann Wolfgang Goethe-Universität Frankfurt Intergovernmental Conference Languages of Schooling: towards a Framework for Europe Strasbourg 16-18 October 2006 (https://rm.coe.int/16805c73e1)
16. Language in India, 80 10 : 7 July 2010 Abraham Panavelil Abraham, Ph.D. Teaching Literature through Language - Some Considerations (http://www.languageinindia.com/july2010/abrahamliterature.pdf)
17. Dutta, Sujit K (2001). "Teaching Poetry in the School Classroom…".CAUSE.Num.24
18. Brumfit, Christopher & Carter, Ronald (Eds). (1986) Literature& Language Teaching. Oxford& New York: OUP.
19. Проблемы изучения литературы в современном информационнообразовательном пространстве. XXII Голубковские чтения: Материалы международной научно-практической конференции, 2122 марта 2014 г. / Отв. ред. В. Ф. Чертов. – М.: Изд-во «Экон-Информ», 2015. –(https://istina.msu.ru/download/11127287/1g6K3U:408x5dYt-GCQjoLSyb_DiTsUKvw/)
20. Тодоров Л. В. "Мектептегі өлеңмен жұмыс". - М., Ағарту, 1965. - 184 бет. -55.
21. Редозубов С. П. "Бастауыш мектептегі орыс тілінің әдістемесі". - М.: Учпедгиз, 1954.-288 бет.
22. Резе З. Я. "Мектептегі лириканы оқудың ерекшеліктері туралы". - Куйбышев, 1974. - 115 -119 беттер.
Пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтеме:
1. https://www.zharar.ru/kz/bilim/shygarma/2722-abay.html
2. https://kazaksha.info/%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82/%D0%B0
Қосымша:
Сауалнама:
Форматы: онлайн
Түрі: анонимді
Респонденттік база: Орта мектеп оқушылары
Респонденттік базаға талдау жасау:
Қатысушылар саны: 60 оқушы
Қатысушылар жасы: 10-15 жас аралығы (
Жынысы: 30 ер бала, 30 қыз бала
Оқу үлгерімі: 20 үздік оқушы, 20 орташа үлгерімді оқушы және 20 оқу үлгерімі нашар оқушы
Ескерту: зерттеу нәтижесі мейлінше нақты болуы үшін респонденттер жастық, жыныстық, оқу үлгерімдік белгілері бойынша теңдей үлестіріммен алынды
Сауалнама сұрақтары және алынған жауаптар:
1. Сіз оқитын мектепте әдебиет сабағында лирикалық шығарма оқытылады ма?
Жауап:
• Иә – 58
• Жоқ – 0
• Білмеймін - 2
2. Лирикалық шығарманы оқу процесі ұнайды ма?
Жауап:
• Иә – 36
• Жоқ – 19
• Нейтралды - 5
3. Не себептен ?
Жауап:
Ұнайды, себебі:
- есте сақтау қабілетін жақсартады
- мазмүны қызықты
- тіл байлығын дамытады
- шабыт береді
- өлеңде адам сезімі мен эмоциясын дөп басыа айту шеберлігі бар
- білмеймін, бала кезден әдебиет жалпы түрде ұнайды, әсіресе лирика
Ұнамайды, себебі:
- жаттау қиын
- шығармалардың сөздері түсінісксіз
- жаман баға аламын
- қызық емес, іш пыстырады
- пайдасыз ақпарат деп ойлаймын
- сынып алдында өлең оқуға қысыламын
- не үшін керек екенін білмеймін
- қазақша оқуға қиналамын
Нейтралды, себебі:
- кейбір кездері қызықты өлеңдер кездеседі, ал кей кездері түсініксіз шығармаларды өтеміз
- шығарманы талдау ұнайды. бірақ жаттау ұнамайды
4. Лирикалық шығарманы оқуда сабақ барысында не өзгергенін қалайсыз?
Жауап:
- лирикалық шығарма жазған авторлардың көзқарасымен танысу қызықты, бірақ интерпретациялағанда тек мұғалімнің айтқанын қайталап айту ұнамайды, өз көзқарасымды ашық білдіргім келеді
- тек ескі заманның авторларымен емес, қазіргі тірі авторлардың шығармааларымен де танысқым келеді, осы заманға қатысты лирикалық шығармалар оқытылса деймін
- Өлеңді жаттап айту міндетті үй тапсырмасы ретінде берілмесе екен деймін, себебі есте сақтау қиын және жаттап келсең де ұмытып қалатын кездер жиі болады. Содан кейін нашар баға алып қаламын
- Сабақ барысы қызықты болса деймін
- Лирикалық шығарма мен әдебиет керексіз деп санаймын, бұл пәнді мүлдем алып тастағанын қалаймын
- Мұғалімді ауыстырғым келеді, тым қатал және сабақ өтуі ұнамайды
- Сабақ тек оқығысы келген оқушыларға бөлек өтсе екен деймін, шулап кедергі жасайтындар көп
- Сабақ уақыты тым қысқа, тақырыпты ашып үлгермейміз
- Сабақ тым ұзақ, біткеше ұйқым келеді
5. Лирикалық шығарманы жаттау маңызды ма әлде түсіну ме?
Жауап:
- Жаттау – 10
- Түсіну – 40
- Екеуі де теңдей маңызды - 10
6. Лирика дегеніміз не? Лирикалық шығармаларды білесің бе?
Жауап:
- Толық және нақты жауап бере алды - 3
- Жаттанды анықтама бере алды, бірақ лириканың не екенін түсінбейтінін жеткізді – 28
- Жалпы түсінігі бар, бірақ жауапта қателер кездеседі – 12
- Тек лирикалық шығармаға мысал келтіре алды, бірақ анықтама бере алмады – 11
- Жауап бере алмады – 6
Ескерту: Жауап мейлінше шынайы болуы үшін, сауалнама анонимді түрде және онлайн жүргізілді
Сұхбат:
Форматы: бетпе – бет сұхбат алу
Түрі: анонимді
Қатысушылар: Орта мектеп оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен білім беруші ұстаздар
Саны: 5 респондент
Жасы: 31-42
Жынысы: 1 ер және 4 әйел
Лириканы оқытуда сыныпта қолданылатын әдістерді сұрастырдым, мұғалімдер берген жауаптар ұқсас болды және алынған жауаптарды былай реттестіруге болады:
Сабақ жүргізу барысы:
1. Лирика ұғымына анықтама беру және оны дәптерге жаздыру;
2. Оқушыларға оқулықта берілген лирикалық шығарманы кезекпен оқыту;
3. Үй тапсырмасы ретінде мұғалім таңдап берген лирикалық шығарманы жаттап келуді тапсыру;
4. Лирикалық шығарманы құрылымна қарай талдау, өтілген шығарманың мағынасын оқушылардың өз сөзімен жеткізуін сұрау;
5. Пысықтау сұрақтарын қою немесе тест жүргізу
6. Алынған жауаптар мен оқушылардың сабаққа қатсудағы белсенділігіне қарай оларды бағалау;
Күнделікті сабақ кезінде оқушылар әдетте жеке немесе жұппен жұмыс жасайтындығы айтылды
Сабақ материалдары ретінде презентациялар, оқулықтар, таратпа материалдар (тест парақтар, жазбаша тапсыралар бланктері, өтілетін шығарма басылып шығарылған парақтар) қолданылатыны анықталды
Ашық сабақта қолданылатын әдістерді сұрағанымда, бір қызығы, жауаптар әр түрлі болды:
- Топтық жұмыс жасау үшін оқушылар жеребе тасату арқылы шағын топтарға бөлінуі керек
- Топтар өздеріне тиессілі тапсырмаға сай белгіленген мерзім ішінде плакат жасап, тақырыпты сынып алдында қорғап шығуы керек
- Жеке жұмыс үшін оқушылар тақырыпқа сай квиз өтіп, онлайн кроссвордты жылдам шешуі қажет
- Сабақ соңында әркім сабаққа және бір-біріне баға беруі керек
Тағы да:
- Лирикалық шығарманы мәнерлеп оқу
- Тақырыпқа сай видеоматериалдар көрсету
секілді іс-шаралар жүргіізіледі
Қорытынды:
1. Мен сұхбат алған ұстаздардың сабақ өту әдістері ұқсас;
Себеп -салдары: бір жағынан өзіндік стандартқа бағытталса, екінші жағынан ұстаздың индивидуалдығын жоюы мүмкін
2. Ашық сабақтарға күнделікті сабақтан гөрі көбірек мән беріледі.
Мүның болжамды себептері:
- тексеруші комиссия алдындағы жауапкершілік, яғни сыртқы бақылау
- күнделікті сабақты сапалы өткізуге ресурстың жетіспеушілігі және сабақ өтуді ұйымдастырудың кемшілікьері
- мұғалімнің жұмыс орнындағы немесе өзге де негативті факторларға байланысты бәләм беруге деге мотивациясының төмендеуі болуы мүмкін.
Салдары:
-Білім беру сапасында прогресс болмауы;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі