Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрінің сабақтастығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар» деп, айтқан болатын. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз дәстүрлі исламмен әдет-ғұрыптарымызды осы күнге дейін сабақтастырып, мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келді. Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) – тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б.
“Салт-дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы” деген. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі уақыттағы мәдениетті тасымалдаушы маңызын бағалап отыр. Сол сияқты, «халықтық наным-сенімдер халықтың шынайы діни өмірінің көрінісі болып табылады. Егер ұлттардың тарихы мәдениет қатпарларынан тұратын болса, дін қашан да сол мәдениеттің негізгі элементі болған» делінген. Қазақтың ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлық рәсімдері ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады
Дәстүрімізді дәріптейтін және де дәстүрімізді жаңғыртудың тиімді жолы болашақ ұрпақтарға жүйелі ұлттық тәрбие беру.Бала күнінен ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңдіру,ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұрасын сақтау керектігін түсіндіру.Ол ұлттық мұраларымыз тәрбиеден басталады,яғни адам бойына адамгершілік,адалдық қасиеттерін дарыта білу қажет.Үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге ізет көрсетіп кішіпейіл болуды ұлт тәрбиесі ісінде ұғындыра білу керек.Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістіктерге жету қиын. Ғалым М.Арын «Сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, дара фәниден, дара бақиға аттанғанға дейін адам баласы, пайғамбар айтқандай, өмірдің тәрбиесінен өтеді. Өмірдің тәрбиесі яғни ол – дәстүрлер. Жақсы дәстүрлер көп ретте тәрбиелік ережелер түрінде болады,яғни «тәрбие тал бесіктен» демекші сәби күнінен жақсы қасиетерді бойына сіңіріп дінге сәйкес дәстүрлерімізден өтіп,рухани тәрбиеленеді. Имам Ағзам Абу Ханифа «тәрбие тұлғаны тәрбиелейтін немесе бұзатын қасиетті білдіреді» - деген тұжырымға келген. Сонымен қатар құранды тәпсірлеуші ғалым Бәйзауи: «Тәрбие-қабілетті дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» – деп түсіндірген.
Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады. Үлкен Кеңестік энциклопедияда: «Әдет-ғұрып – ислам діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы»,- делінген. Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды.
Елдің тарихын,өткендегі өмірін,дәстүрін,кәсібін тұрмыс -тіршілігін білмей тұрып, болашаққа ұмтылу қажет емес.Қазақ халқы үшін дін мен дәстүр рухани жетіліп,ұлт болып жандануымыз үшін қажет.Сол себепті де ата-бабаларымыздан келе жатқан дінімізді дәстүрімізбен ұштастыра өзгертпей дамытып келесі ұрпаққа қалдыруымыз қажет.Әрбір дәстүріміз дүниеге келген күнімізден өлгенге дейінгі өмір сүру қажеттіліктерімізді қамтиды.Халқымыз ежелден адамгершілік пен ізігілікті бойына сіңіріп,жақсылық пен бауырмалдық сезімін жоғары қойған.Бала күнінен ешкімнің ала жібін аттамау керектігін ұқтырып,ата-бабаның ұлық тәрбиесін ұрпағына аманаттап,салт-дәстүрдің озық үлгісін ұстанған халық.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығы 4 курс студенті Жолдықара Мадина
Жетекші аға оқытушы Тунгатова У.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі