Қазіргі таңда заман ағымымен бірге сан түрлі мамандықтар пайда болып, тіпті бір мамандықтар мүлде сұраныстан шығып, өшіп те жатыр. Болашақ жоғарғы оқу орнын енді аттамақшы талапкерлердің басты сұрақтарынің бірі, ол мамандық таңдау болып саналады. Бұл сұрақ тек қана болашағы жарқын жастарымызды ғана емес, сонымен қатар ата-аналарды да, аса алаңдататын сұрақтардың бірі. Сол себепті, бүгінде өзінің мамандығын өз қалауымен де, ата-анасының айтуымен де, тіпті мамандық таңдауға көмек беретін тесттілеу сайттарымен таңдап, соны өмірлік серігіне айналдыруға бел буғандар біршама.
Қазақты:
Қазіргі таңда ғалымдардың айтуы бойынша 5 жылдан соң біршама мамандықтар атымен жойылып кетеді деп болжайды.
Мысалы, бахгалтер мамандығы. Қазіргі таңда желілердің шарықтап дамыған шағында, ақшалай қаржыны халық үлкен банкоматтардан немесе желіде аудару арқылы тез, әрі оңай алуда. Бүгінде, Еуропа елдерінде, үлкен сауда дүкендерінде касса апаратының жанында отырған қызметкерлерді бақылай алмайсың. Себебі төлемақының барлығы роботтар арқылы, камералар, немесе жаңа құрылғылар арқылы іске асып отырады.
Келесі жойылуы мүмкін мамандық қатарына енген бұл – аудармашы саласы. Қазіргі таңда бұл мамандыққа түсіп жатқан талапкерлер қарасы көп болса да, келешекте аудармашыларда жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Ғаламтордың дамығаны соншалықты, бүгін қолыңдағы сматрфон сөзіңді бұрмаламай, тура етіп, кез келген тілге аударып бере алады, сондықтан болар аудармашылардың болашағын болжау қиын.
Тағы осы сияқты мамандықтар тізімі келесі 5 – 10 жылдықта мүллдем жойылып кетуі мүмкін.
Мемлекетімізде жыл санап жоғары оқу орнына түсетін талапкерлер көбеюде. Әсіресе, медицина саласы мен педагогика қызметіне қызығушылық білдірушілердің қатары көп. Қиыншылығы мол, әрі жауапкершілікті талап ететін, өшпейтін саланы болашақ мамандар ұлттық біріңғай тестілеу сынағынан да сүрінбей өтуде. Бірақ сол сала баланың таңдауы ма, әлде ата ананың таңдауы ма?
Психологиялақ сан түрлі тесттер бар екені жасырын емес. Ол адамның болмысын, оның мінезін анықтайтын, тіпті болашағын айқындап, адам қандай салаға бейім және қай саланы өмірлік серік етіп алып кете алатынын айшықтап, атап бере алады. Әрине кей жандар бұған күмәнмен қараса, бірі сол тестте аталған саланы алдағы таңдау ретінде алып кетеді.
Менталитет болғандықтан ба, біздің жастарымыз көбіне ата-ана таңдауына жүгінеді. Яғни, баланың ата-анасы алдын ала баланың кім болатынын таңдап, оның болашағына өздері шешім қабылдайды. Кей бала сол таңдауды алып кетіп жатса, бірі жұмысының алға баспай, қиыншылығына төзе алмайды.
Айта кетсек, әр адамның өзінің сүйікті жұмысы болады. Яғни, қаражатқа қарамастан адам өзінің қабілетін, біліктілігін көрсететін жұмыста ғана жетістікке жететіні анық. Сенімділік ұялатпайтын мамандықтар да бар. Атап айтқанда, барлық өнермен қатысты жұмысты көбі тұрақты емес деп жатады. Сондақтан жаны қалаған мамандықты, өздері таңдай алмай жатады. Бұл ұғым ата-анадан қалған түсінік десек те қателеспейміз. Әр адам өзінің баласына әрине тек жақсылық тілегенімен, кей жағдайда баланың қалауын ескермейді. Психологтардың пайымдауынша, кейде тәрбиелеуші балаға өзінің жас кезінде орындалмаған арманын орындатуға бел буады екен.
Тағы да бір таңдау ол, жолдасының таңдауы. Яғни мектеп шағыңда қанша жылдан бері дос болып келген, жан досың немесе құрбың екеуің еш айырлмас үшін және бірге оқу үшін жасалған таңдау, яки сол достың нұсқау, мақтау, бағдарымен жасалған таңдау да, үлкен қателіктерге бойалдыруы әбден мүмкін.
Әрине, ең қиын таңдаулардың бірі ол, мамандық таңдау болып саналады. Мектеп оқушысы оқу барысында сан қилы ойды ойлап, түрлі маман иесін арман етеді. Бірақ ең түбінде айтарымыз, әртүрлі тесттер болсын, ата-ананың нұсқауы болсын, жаныңдағы достарыңның кеңесі болсын, барлығынан кеңес алып, соңында өз қалауын нақ тауып, сол cалаға түскен бала расыменде жұмысында үлкен жетістікке жете алады.
Куатова Аселя Куанышбековна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі