Өлең, жыр, ақындар

"Діни ақпараттық түсіндіру топтарының міндеттері мен кездесетін мәселелер" атты ақпараттық топ мүшелерімен семинар өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік жобасының аясында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,  Құлан ауылы, Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде "Діни ақпараттық түсіндіру топтарының міндеттері мен кездесетін мәселелер" атты ақпараттық топ мүшелерімен семинар өткізілді. 

Шара барысында ақпараттық топ мүшелеріне жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Діннің адам өмірінде алатын орны туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы-теолог Аманбаев Ержан әсерлі уағыз-насихат айтып, жан-жақты сұрақтарға жауап берді. Дәстүрлі дінге деген көзқарасты өзгерту мақсатында радикалды ағымдар таратып жатқан уағыздардың зардабы мен нәтижесі туралы айтып, деструктивті ағымдардың шығу тарихы мен жолын  түсіндірді.

Іс-шараға жалпы саны 30 адам қатысты.   


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз