Өлең, жыр, ақындар

«Туған жердің тарихы – туған шежіре» атты танымдық экспедиция өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аудан көлемінде өлкетану клубтарын құру және жұмысын жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында  Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында «Туған жердің тарихы – туған шежіре» атты танымдық экспедиция өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – аудан атын көпке әйгілеген тұрғындары мен тумаларын, тарихи мұраларын танымал ету, көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларын өткізу, ауданның қасиетті жерлерін абаттандыру және ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау.

Шара барысында жастармен аудан аумағында орналасқан тарихи, мәдени орындарға саяхат жасалынды..

Іс-шараға қатысушылар саны 36 адам


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз