Өлең, жыр, ақындар

«Ер есімі – ел есінде» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аудан көлемінде өлкетану клубтарын құру және жұмысын жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Ер есімі – ел есінде» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – өлкетанушылардың деректеу нәтижелерімен таныстыру, Сталинград шайқасының маңызын түсіндіру, Сталинград қаһармандарының ерліктерін жастарға үлгі ету.

Шара барысында Сталинград шайқасы атты деректі фильм көрсетіліп, Сталинградта соғысқандар ұрпақтарының пікірлері тыңдалды.

Іс-шара қорытындыланып, қатысушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, пікірлер тыңдалды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз