Ат сайысы — Спорт бөліміндегі материал.
Материал — Ат сайысы — осы тақырыптарға байланысты.
Ат сайысы — спорттың бір түрі. Қазақ халқында ат сайысына жататын бәйге, ат омарластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар, күміс алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. ойындар бар. Ұлттық ойындардың басқа түрлері сияқты ат сайысы ерте кезде тек жиын тойларда ғана ойнайтын. Ат сайысы қазан төңкерісінен кейін спорт түріне еніп, жүйелі дами бастады. 1920 жылдары республикамызда үйірме, секциялар ашылып, кейіннен ат сайысы үлкен жарыстардың бағдарламасына енгізілді. Ат сайысы негізінен классикалық және ұлттық болып бөлінеді. Классикалық ат сайысы олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіретін дүние жүзі халықтарының көбіне ортақ ойындар жатады. Мысалы, кедергіден өту, үш сайыс (мәнерлеп жүгірудің жоғары мектебі), тачанка (екі дөңгелекті жеңіл жеңіл арба айдау) т.б. Ат сайысының бұл түрінен 1963 жылы Бүкіл одақтық жарыстардың бағдарламасына енгізілді. Сол жылы ат сайысы ұжымшар, кеңшар және жылқы заводтарының Бүкіл одақтық жарысы болып өтті. Онда ат сайысының ат жарыс, көкпар, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу сияқты түрлері болды. Қазақстан жыл сайын әр түрлі мерекелік құрметіне ұйымдастырылған спартакиаданың бағдарламасына ат сайысының кеңінен өркендеуіне байланысты, ат жарыс, жорға жарыс, қыз жарыс, көкпар және сайысудан разрядтық нормалар тапсыру жүйесі жасалып, жарыс өткізулің жаңа ережесі бекітілді. Спорттың бұл түрімен шұғылданушылар сайыс кезінде аттың күшін дұрыс пайдалана білу, қажетті жерде ат басын тежей отырып, әр қилы кедергілерден мүдіртпей өткізе білуі қажет.
Бұл бетте Ат сайысы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Спорт бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ат сайысы материалы Спорт бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі