Қызыл кітап — халықаралық дәрежедегі құжаттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып бара жатқан, ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер енгізіледі. Осыған байланысты жаңа сұрақ туындайды. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өз деңгейінде қорғалып жүр ме? Бұл сұраққа толық жауап берейік. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар әлемін пайдаланып келді, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы өсімдіктердің көптеген түрлерін жойды. Табиғатқа антропогенді (адам әрекетінен пайда болған) ықпал етудің әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың жойылу процесі басталды. Мысал ретінде Қазақстанда өсетін қызғалдақты келтірсек. Көп адамдар оны сән ретінде қолданады. Бірақ та оны жұлғаны үшін белгілі айыппұл төленеді. Бұл шаралар өсімдіктердің азаю дәрежесінің жойылуына бірде-бір әсерін тигізбейді. Адамдар бәрібір де бір жолын тауып, қызғалдақты жұлады. Сондықтан да олардың саны азайып бара жатыр. Бірақ та қызғалдақтардың азаюының басқа да себебі бар. Ол экологияға байланысты. Биыл қаламызда жауын-шашын мөлшері аз болды. Яғни, климатқа байланысты өсімдіктер де өспейді, бір жағынан жердің құнары болмағандықтан. Егер бұрында қызғалдақтар әсем болып өссе қазір сирек аз болып өседі. Бұл мәселе көбінесе Қызылорда облысында кездеседі. Осыған байланысты, "Қызғалдақ" гүлі өз деңгейінде қорғалып жүрген жоқ деген шешімге келуге болады.
Туреханқызы Сабира
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі