Классикалық әдебиет — бұл өз дәуірінің немесе белгілі бір жанрдың стандарты болып саналатын көркем әдебиет туындылары. Бүгінгі таңдағы “Классикалық шығарма” түсінігі қайта өрлеу дәуірінен бастау алған. Бастапқыда бұл жанрға тек Еврипид, Софокл және Эсхилдің жазған жұмыстарын жатқызған, кейінірек барлық көне шығармалар классика жанрының айырылмас бөлігіне айналды.
Классикалық әдебиеттің өзектілігі қазірде жалғасып келеді. Көркем әңгімелерді оқу — қызықты әрі пайдалы. Олардың пайдасы туралы бізге мұғалімдер мен ата-анамыз жиі айтады, расында да бұл жанрды оқудың пайдасы өте зор, мысал келтіретін болсақ:
— Сөздік қор. Көркем әдебиеті оқу арқасында өз ойыңызды сауатты, жинақы білдіруді үйренесіз, шығарма немесе эссе жазу барысында қайталнудан және шаблонды сөздерден аулақ боласыз.
— Логика және жады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша кітап оқитын адамдардың логикалық ойлау қабітелі дамиды. Қиын әрі ұзын туындыларды оқу есте сақтау қабілетін жақсартады.
— Көрнекі ойлау. Кітап оқыған кезеде біз суреттелген жағдайды ойымызда елестетеміз бұл фантазия мен сыни ойлауды жатықтырады.
Егерде сіз шетелдік классикалық әдебиетті оқимын деп жоспарлаған, алайда қай кітаптан бастарын білмей жүрген жандардың бірі болсаңыз, сізідің назарыңызға Top 5 ең танымал шетелдік классика кітаптар жинағын ұсынамын.
Ирландық жазушы Оскар Уальдтің бұл туындысы 1891 жылы жарық көрген болатын. Шығарманың бас кейіпкері Дориан Грей бірінші беттерден ақ бізге сұлулық пен пәктіктің символы ретінеде сипаталады, оның портретін суретші Бэзил Холлуорд салып жатады, өзінің бейнесіне тамсана отырып, жас жігіт портреттің қартайғанын қалайды және ол әрқашан жас болып қала бергісі келетінін айтады. Сюжеттің даму барысында Дориан лорд Генримен танысады, кейінірек біз кейіпкердің бойындағы өзгерістерді байқаймыз. Лорд Генридің жаман әсеріне бой алдырған жас жігітің мінезі, өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Әр істеген жаман ісінен кейін портрет өзгеріп ұсқынсыз бола бастайды. Бұл шығарма бізді жаманнан жиренуге ал жақсыдан үйренуге шақырады.
Француздық жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал аллегориялық шығармасы. Алғаш рет 1943 жылы 6 сәуір Нью-Йоркта басылып шықты. Бас кейіпкер кішкентай ханзада өзінің саяхаты туралы әңгімелейді. Сол саяхаты кезінде ол көптеген үлкен адамдарды кездестіреді. Кішкентай ханзада ол үлкен адамдардың іс-әрекетін түсінбейді де, мағынасыз санайды. Кітап жалғыздық, достық, махаббат және жоғалту тақырыптарын қозғайды.
1813 жылы жарыққа шыққан Джейн Остиннің романы Дүниежүзілік кітапханаға Норвег кітап клубының әлем әдебиетінің ең маңызды шығармаларының тізіміне кіреді. Бас кейіпкерлер Элизабет Беннет пен мистер Дарсидің хикаясы арқылы махаббат пен қаржылық әл-ауқатты таңдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, сезімді жасырмай тәкәппарлықа беріліп қарым-қатынасты бұзуға болмайтынын айтады.
Қорқынышты әрі түнекке толы Джордж Оруэллдің кітабы оқырманға тоталитарлы режимның қауіпі, қоғам жүйесі және адамның жан дүниесінің тартысқа түсуі туралы. Сөз еркіндігі, іс-әрекет еркіндігінің адам өміріндегі маңызын айтады. Бұл кітап кезінде болашаққа деген жорамал деп аталған болатын.
Лев Толстойдың авторлығымен жазылған роман-эпопеясының сюжеті Напалеон мен Рессей империясының арасындағы соғыс кезінде орын алады. Романның басты идеясы — халықтың соғыс кезіндегі тағдыры. Шығармада 550 ден астам кейіпкерелер бар олардың кейбірі тарихта шынымен өмір сүрген тұлғалар. Автор патриотизм, махаббат және соғыстың жан түршігерлік салдарын туындысының негізгі идеясына айналдырған.
Қорыта келе классикалық туындылардың бізге берер пайдасы мен құндылығы өте көп. Сондықтан көркем шығармаларды оқу барысында осы Top 5 жинаққа назар салыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Анель
Бұл кітаптардың қазақша нұсқасы барма? Бар болса қайдан оқуға болады?