Өлең, жыр, ақындар

Ардақты ұстаздарыма

Eгеменді, Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – Ұстаз. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,даналық, аналық, сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Барша екі аяқты пенделердей балалық шаққа саяхат жасау арқылы – алғашқы ұстазымды есіме алғым келеді.

Осыдан 10 жыл бұрын ең алғашқы мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған,қолымнан жетектеп партаға отырғызып, Әліппе кітабын ұстатқан, менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Гүлжайна Төрежанова. Ол кісі - менің ақылшым, данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Мен оның маған жаман жол көрсетпегеніне және тура анық жолдарды көрсеткенінен, оның ақылды, парасатты,таза әрі адал екеніне көзім анық жетті. Гүлжайна Төрежанова – барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да  шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі..

Бастауыш сыныпта жылап оқыған әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен әлемнің есігін ашты. Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым Эльмира Дулатқызынан көп өнеге өсиет алдым. Эльмира Дулатқызы-оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Алғашқы күннен бастап сабаққа деген қызығушылығым оянған болатын. Эльмира мұғалім - өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан. Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады.  Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.

Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы алған тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз - баланы адам қылып  тәрбиелеп, күлімдеген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Шәкіртсіз - Ұстаз тұл» деген дана халқымыз, бұл күндері сіздің ізіңізді алдыңыздан түлеп ұшқан қаншама шәкіртіңіз жалғастыруда. Бұл шығармам - сіздерге деген шәкірттік ризашылығым болсын....

№15 М.Жұмабаев атындағы гимназиясының оқушысы Шері Назипа


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз