Луна-9 — Ай бетіне жұмсақ қонған әлемдегі тұңғыш ғарыш кемесі.
Ол Айға Автоматты ай станциясын (ААС) жеткізді. ААС алғаш рет Ай бетінің телепанорамасын түсіріп, оны Жерге трансляциялады.
Луна-9 станциясының ұзындығы 2,7 метр, ал Автоматты ай станциясының диаметрі 58 сантиметр болды. ААС екі жағынан оны қорғайтын амортизаторлық баллондар орнатылған еді, төрт антеннасы қонғаннан кейін автоматты түрде ашылатын. ААС аккумулятормен, температураны реттеу жүйесімен, радиолық, бағдарламалық және ғылыми құрылғыларымен жабдықталған еді.
Бұған дейін Ай бетіне жұмсақ қонуға бағытталған Кеңес Одағының 12 ғарыш кемесі сәтсіз ұшырылған болатын. Луна бағдарламасын жүзеге асыруды бастаған ОКБ-1 кейінгі жұмыстарын Лавочкин атындағы конструкторлық бюроға тапсырды. Жаңа бюро негізінен амортизаторлардың сапасын және қосылуын реттейтін өзгерістерді енгізіп, бағдарламаны жалғастырды.
1966 жылдың 31 қаңтарында сағат 14:41:37 (UTC+3) Луна-9 Байқоңырдан ұшырылды.
3 ақпанда сағат 21:44:52 (UTC+3) аппарат Айға қонды. Бұл тарихи оқиға Дауылдар мұхитында, Кавальери кратерінің солтүстік-шығысында орын алды.
ААС-пен 8 сағаттан артық жалғасқан 7 байланыс сеансы өткізілді. Ол Ай бетінің панорамалық суреттерін түсіріп, оны Жерге жіберді. Әр панорамасының жетуіне 100 минуттай уақыт кететін.
Ұшыру айы және күні: 1966 жыл, 31 қаңтар, Байқоңыр қаласы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі