Әр маманның қоғамда атқаратын міндеті, қызметі болады. Сол міндетін дұрыс атқарып жүргендер бар ма? Солардың бірі журналистика саласы. 21-ғасыр технология дамыған заман, екінің бірі үйінде отырып мақала жазып жариялай алады. Бірақ оның шындық екеніне кім кепіл бола алады? Сондықтан әрбір адам өзінің икемі бар оқыған мамандығымен ғана жұмыс істеуі керек. Сонда ғана ұлт дамиды, өседі, өркендейді. Журналисттің міндеті халыққа болып жатқан оқиғаларды шынайы әрі нақты жеткізу. Халық пен билік арасын жалғаушы бұл мамандықтың маңыздылығы зор. Журналист ол жан-жақты адам, барлық ортада өзінің орны бар тұлға. Мысалға керек кезде дәрігер, математик бола алады. Журналистке қойылатын талап қатал болғанымен олар өзінің жұмысын мүлтіксіз, бар жүрегімен орындайтын маман иесі. Сонау 20 ғасырдың өзінде журналистердің маңыздылығы зор болған. Бірақ шындық айтылған сәтте-ақ олардың көзін жойып отырған. Ал қәзірше? Әлі де шындық айтылмай жасырылып қалады көп жерде. Халықпен билік арасындағы көпір - журналистер өте аз деуге болады. Журналист шеберлігінің ең бірінші қағидасы ол - тақырып дұрыс қоя білу. Тақырып қызықты болса оны ары қарай оқуға деген талпынысыңды ашады. Тақырып қоя біліп болған оқиғаны шынайы жеткізу журналистің міндеті. Боямасыз шынайы жазылған мақала оқырманның көңілінен шығады. Қай заманда болсын журналистің орны ерекше. Журналистің көп қырлы бір сырлы болуы маңызды. Мінекей, осылай әрбір адам өзінің мамандығын толық игерсе қоғамның алтын қазынасы. Өсіп-өркендеуіміз әрбір адамның қолында. Өмірде 2 нәрседен қателесуге болмайды дейді, оның біріншісі - жар болса, екіншісі әрине - мамандық таңдау. Өйткені мәңгі қасыңда қалатын осы екеуі. Осы екеуімен адам өседі, өркендейді, дамиды.
Сейдалы Тоғжан
2-курс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі