Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары.
Қазақстанның заманауи діни құрылыстары қажылыққа баратын адамдарды да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Астана қаласының маржаны «Қазақ елі» басты алаңында орналасқан «Хазірет Сұлтан» мешіті болып саналады.
Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады.
Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.
Қазақстан келесідей бағыттар бойынша спорттық туризм үшін керемет жағдайлар ұсынады: тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм және тағы басқалары.
Ал Шымбұлақ тау шаңғы шипажай трассалары әлем бойынша ең күштілер қатарына кіреді.
Қазақстан — емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі