Өлең, жыр, ақындар

Дінтану мамандығының өзектілігі

Ең алдымен сөз басында, өзімді таныстырып кеткенім жөн болар. Мен - Нурбосынқызы Альбина қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Философия және Саясаттану факультетінің, “Дінтану”мамандығының 1-ші курс студентімін. Уақыттың жылдам өткені соншалықты, 3-айдан кейін 1 курсты тәмамдайтынымды байқамай қалдым. Осы тұста өзіме сұрақ қойдым: мен жарты жыл аралығында мамандығымның маңыздылығын түсіне алдым ба?

Жалпы, елімізде “Дінтану” мамандығы жайлы көп біле бермейді. Естігендердің өзі, дін қызметкерлерімен шатастырып екеуінің ара-жігін ажырата алмай жатады. Ал мен біздің қазіргі қоғам үшін ең қажетті мамандықтардың бірі дер едім. Себебі, дін қай заманда болсада, өзектілігін жоғалтпайтындықтан, сонымен қатар, егемен ел болғандықтан, діни келісімдерді тұрақты ұстап, ары қарай арттыруда дінтанушы сарапшы мамандардың рөлі зор. Қысқаша айтқанда, Дінтанушы-барлық діндерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін маман. Сондықтанда, барлық дінтанушы мамандар барлық діндерге құрмет көрсете білуі керек. Егер мұндай жағдайлар орын алмаса, діни қақтығыстар көбейеді. Алайда, қазіргі таңда діндердің жаңа ағымдары көбеюде. Біздің мақсаттарымыздың бірі, осы діни білімі жоқ, шетел асып жат ағымға кеткен жастарды құтқару. Менің ойымша, осындай жағдайлардың алдын алу үшін мектеп кезден дұрыс көңіл бөлген жөн. Менің айтпағым, дінтану пәні ретінде оған қосымша сабақ ретінде қарамау, осы тұста нағыз дінтанушы мамандардың сабақ жүргізуі керек деп ойламын. Себебі, көп жерлерде тарих пәнінің оқытушылары сабақ берді. Әлеуметтік желілерде діни контент жасап жүрген блогерлердің әлеуметтік эксперимент видеолары көп. Сол видеодан байқағаным, халықтың дін туралы түсінігі жалпы діни сауаты жоқ. Алдағы уақытта, қандай шаралар жасалынатыны белгісіз. Дінтанушы мамандардың қоғамдағы беделі арту үшін мемлекет тарапынан қолдау керек. Дінтанушы мамандар айтарлықтай бар бірақ, басым көпшілігі жалақының төмен болуынан немесе жұмыстың кей жағдайда аз болуынан өз саласы бойынша қызмет атқармайды. Өзіме өз мамандығым ұнайтындықтан, болашақта осы салада жұмыс істегім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дінтану мамандығының 1-курс студенті
Нурбосынқызы Альбина
Жетекші аға оқытушы:Тунгатова. У. А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз