Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы аударма ғылымы және оның зерттелуі

«Аударма» сөзі көп мағыналы және терминнің екі мағынасын білдіреді. Біріншіден, бұл ұғым ойлау әрекетін бір тілде айтылған мазмұнды екінші тілдің құралдары арқылы жеткізу процесі деп анықтайды. Екіншіден, бұл процестің нәтижесі – ауызша немесе жазбаша мәтін аударма ретінде де белгілі. Дегенмен, екі анықтаманың бір-бірімен тығыз байланысты болғаны сонша, біреуін екіншісінен ажырата алмайсыз. Бұл тұжырым – бұл мәселені зерттейтін кез келген ғалым баса айтатын дәстүрлі қағида. Қазақ тілінде аударма сөзіне мынадай анықтама берілген: «Аударма – бір тілден екінші тілге аударылған шығарма, шығарма; әрекет пен аударманың нәтижесі – бір тілден екінші тілге аудару; жүріп жатқан процесс».

Қазақ аударматану ғылымының зерттелуі,іргелі тұжырымдар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М.Әуезов шығармаларынан бастау алған. XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ тілінің өміршеңдігін сақтау, лексикалық қорын сақтау, қазақ тілін ғылыми тілге айналдыру мақсатында жасалған шаралардың басында А.Байтұрсынов тіл білімнің терминдерін қазақ тіліне аударуын, Қ.Жұбановтың қазақ терминологиясына қатысты тұжырымдарын,М.Әуезовтың көркем аударма мәселелері төңірегіндегі пікірлерін атауға болады.

60-70 жылдарда аударматану саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді, бірақ олардагы аударма мәселелері тағы да әдебиеттін, шығармашылықтың шеңберінде болды. Аударманы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нысанына түбегейлі айналдыруда С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиевты алдымен айту керек. Белгілі ғалым С. Аманжоловтың еңбектерінде де аударма мәселесі теориялык және практикалық тұрғыдан сан рет қаралып, салиқалы ой - пікірлер айтылған.

Казак аударма тануына алғаш рет таза лингвистикалық тұрғыдан келген зерттеу Ө.Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» атты еңбегі. Бұл - 70-інші жылдарда орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармадағы фразеологиялык бірі тілдік стильдік тұрғыдан жүйелі етіп талдаған алғашқы енбек. Содан бастап ғалым әрі терминжасам мәселелерін жүйелі түрде зерттеуде. Оған дәлел «Основы казахской терминологии» (Алматы: Арыс, 2000), «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» (Алматы: Ғылым, 1988), «Терминдер және олардың аудармалары» (Алматы: Ғылым, 1990), «Қазақ сөзі» (Алматы: Рауан, 1997), «Терминжасамдағы аударманың орны», Жәнеде 2000-жылдан ҚазҰУ-дың шығармалар және көркем аударма теориясы кафедрасының професоры — Есембеков Темірғали Оразғалиұлы. Еңбектері: 1. “Көрем мәтін және аударма” оқу құралы. (2019)  2. Білім беру процесінде коммуникативтік дискусты жобалакдағы субьектілер диалогының маңызы атты енбектерін атауға болады.

Бүгінгі таңда қазақ елінде аударма іс әрекеті күнделікті қажетті үдеріске айналуы заңды құбылыс. Қай халықтың тарихын оқып қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын, экономикалық, техникалық, шаруашылық өресін ең басты екі негізден алып, дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса екіншісі өзге елдің мәдени, рухани, тарихи байлығына иек арту.

Өз мәдениетін дамыта түскен ел қашанда басқа халықтың ғылым-білімін үйреніп, соны игеруге ұмтылады. Осындай істің жандануына аударманын елеулі кызмет аткарып келгені бәрімізге белгілі. Егер біз бүгін дүние жүзі халыктарынын бәріне ортақ түрлі мәдени, әдеби, тарихи мұраларды окып, танып, біле алатын жағдайда болсак, ол тек аударманың арқасы. Ендеше аударма кай заман, қай ғасыр, қай кезең болсын қоғам өмірінің ілгері жылжи, дами түсуіне айтарлықтай қызмет етіп келді.

Аударма үдерісінің жандануы тіларалык катынас мәселесін шешті. Біз кептеген ұғымдарды орыс тілігіндегі порым - пошымына, пішініне қарап, өз тіліміздің мүмкіндігіне орай жаңадан жасап алдык. Тілімізде жаңа сөз, жаңа термин, жана тіркес, жана сойлем кұру дағдысы пайда болды. Бұл іс әрекетті ғылыми әдебиеттен де, көркем әдебиеттен де байкауға болады.

Габдкаримова Г.С. Педагогика ғылымының магистрі
Салық Жансая  ҚазҰУ Шетел филологиясы 2-курс студенты                                                      


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер