Дін – адамдардың сенімі мен бар деп санайтын құбылысы. Ол әр түрлі бағыттарға бөлініп, классификацияланып, жіктеледі. Дін отбасы айналасында және өсіп келе жатқан жасөспірімдер арасында маңызды рөл ойнайды. Сол себепті баланың жасөспірім шағында мектеп қабырғасында жүргенде 9-сынып аясында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні оқытылады. Бұл пәннің маңыздылығы, үлкен өмірге енді қадам басып келе жатқан тұлғаларға діннің қарапайым болып көрінгенмен күрделі нәрсе екенін ұғындыру, сонымен қатар діннің дұрыс және бұрыс бағыттарын көрсету.
Алайда баланың дін туралы дұрыс ақпарат алып, дұрыс ниетте жүруіне мектепте берілетін білімдер аздық етеді, тіпті баланың дін туралы түсінігіне әсер етпеуі де мүмкін. Себебі қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде таралған неше түрлі ақпараттар баланы басқаша бағыт бағдарға түсіретіндей қауқарлы .
Балалар және жасөспірімдердің бұрыс жолға түспеуін қадағалап, оны алдын алатын тек ата – ана. Себебі әлі үлкен өмірге араласпаған бала ата – анасына ғана сеніп, оларды тыңдайды. Қарапайым өмірден мысал алатын болсақ қандай да бір дінді берік ұстанатын отбасының балалары Құдай бар деп сеніп, ұлты мен дінінің құндылықтарын қатар ұстанып тәрбиелі болады. Себебі әкесі мен анасы өз діндерін аса құрметтеп оның құндылықтарын балаларына насихаттайды. Бұл мысал дінді берік ұстанбайтын отбасылардан тәрбиесіз бала өсіп шығады дегенді білдірмейді. Керісінше дінді берік ұстанбайтын, белгілі бір дәстүрлі дінде бар, бірақ ол туралы балаларына айтып насихаттамайтын жанұяның балалары өз отбасына сай дін туралы жеткілікті ақпарат ала-алмай, дін туралы тек сырттан естиді. Өзінің отбасынан дін туралы жеткілікті ақпарат ала алмаған жасөспірімдер өсе келе қызығушылықпен дәстүрлі емес дінге сеніп қалуы да мүмкін.
Бала дұрыс бағытта болу үшін онымен 5 жасында сөйлесу барысында ұрлық жасамау керектігін айтып, оның Құдайға ұнамсыз, дінге қарама – қайшы іс әрекет екенін айту. Өз дінің ислам болса, басқа діндерге тіл тигізбеу керектігін үйрету. Зайырлылық ұғымын түсіндіріп әр адамның дінге деген таңдауын құрметтеуді айту. Мектеп бітірер , ес білген шағында жеке отырып дәстүрлі емес діндерді атап олардың теріс бағытта екенін түсіндіру .
Дін жағынан берік өскен бала өзгеге де, өзіне де зиян етпейтін, теріс әрекет жасамайтын болып өседі деп сенеміз. Дінге бағытталып өссе ненің адал, ненің арам екенін де ажыратып дұрыс өмір сүреді.
1 курс Дінтану мамандығының студенті Өрікбай Динара
Жетекші аға оқытушы Тунгатова У.А.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі