Тәкаппарлық – өзін басқалардан жоғары деп санау деген сөз. Хадис шәрифте: «Тәкаппарлық – өзінікі қате болса да мойындамау, басқаларды өзінен төмен деп санау» делінген. (Мүслим)
Тәкаппарлық – өте жаман мінез, харам болып табылады. Тәкаппар адам салих (жақсы) бола алмайды. «Мен тәкаппар емеспін» деген адам тәкаппар. Тәкаппарлық – Аллаһу та’аланы ұмытудың белгісі. Тәкаппарлық барлық жақсылықтарға тосқауыл болады, барлық жамандықтарға жол ашады. Тәкаппарлық шайтанның сипаты және жәннаттан қуылуының себебі. Күшті, қуатты адам қарапайым, кішіпейілді болады, ал әлсіз адам тәкаппар болады. Тәкаппарлық пен күпірдің арасында өте жіңішке перде бар. Тәкаппарлықтың бір қадам арғы жағы – күпіршілік. Әлсіз адам нұқсандығын толықтыру үшін тәкаппар болады. Парасатты адамның тәкаппарлануының қажеті жоқ. Бүкіл жамандықтардың басы – тәкаппарлық. Тәкаппар адам өте ақымақ адам. Барлық адам өзінің тәкаппар немесе тәкаппар емес екенін біле алады. Мысалы, төмендегі әдеттер бар болса тәкаппар болады:
1) Адамдармен ақылдаспау, сұрақ сұрамау, қатесін мойындамау, кешірім сұрамау, ешкімнен дұға сұрамау, болмашы нәрсеге ренжіп ашулану, адамдарды жақтырмау.
2) Туыстарының, кедейлердің, жағдайы мүшкілдердің халінен хабар алмау, олармен араласпау.
3) Үнемі өзінікін дұрыс деп ойлау.
4) «Менің айтқаным дұрыс» немесе «Менің айтқаным болады» деп сөз таластыру.
5) Тәкаппарлығын жасыру үшін кішіпейіл және әдепті көрінуге тырысу. «Біз мұндай істерді түсінбейміз» деген сияқты сөздер айту.
6) Насихат айтқан адамның сөзін қабылдамау.
7) Адамдарға қиындық туғызып, әркімнен шағымдану.
8) Әркімнен кемшілік іздеп, оларды надан деп біліп, өзін олардан үстем көру.
9) Қылт етсе өзінің жақсы екенін айтып, мансабын айтып мақтану.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі