1802-1847 жж. - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушысы. Кенесары Абылай ханның немересі. Ол хан атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген. Жігерлі әрі батыл Кенесары жас кезінен-ақ халық кұрметіне бөленген.
1837 жылы Кенесары отаршыл Ресейге қарсы ұзақ та ауыр шайқасқа түседі. Одан кейін Орта Азия билеушілерімен де соғысып, Казак мемлекетінің тәуелсіздігін қайтаруға ат салысады.
1841 жылы Кенесары әскері шешуші жеңістерге қол жеткізіп, Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт сияқты қоқан қамалдарын басып алады. Сол уақытта үш жүздің өкілдері Кенесарыны қазақтардың ханы етіп сайлайды. Кенесарының қатты серпіліс әрекеттерінен қорыққан Ресей өкіметі 1843 жылы оларға қарсы әскери шаралар қолдана бастайды. Кенесары әскерлері орыс жасақтары мен оларға жақ қазақ сұлтандарына тойтарыс беріп отырды. Бірақ жақсы қаруланған әскерлері көтерілісшілерді Жетісуға карай жылжытты. Кенесары қырғыз манаптарынан - хан екенін мойындап, олардың көтеріліске қатысуын талап етеді. Алайда қырғыздар қарсылык білдіреді. 1847 жылы қырғыздарға қарсыкөтерілісте ол тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі