Корейская косметика премиум класса

Ақбөкенді зерттеуші қазақ ғалымы Whitley Awards табиғат қорғау сыйлығына ие болды

Ақбөкенді зерттеуші қазақстандық ғалым Альберт Салемгареев табиғатты қорғау саласындағы беделді Whitley Awards 2023 жүлдесін алды.

Сәрсенбі күні кешке британдық Whitley Fund for Nature қайырымдылық қоры табиғатты қорғауға үлес қосқан алты адамды Whitley Awards сыйлығымен марапаттады.

Марапаттау рәсімі Ұлыбританияның Корольдік география қоғамында өтті.

Лауреаттардың бірі - Қазақстан биосаналуандықты сақтау қауымдастығының мүшесі Альберт Сәлемгареев болды, ол сыйлықты популяциясы 1,3 млн-нан асатын ақбөкенді сақтау ісіне қосқан үлесі үшін алды.

«Альберт және оның командасы Корольдік ветеринария колледжімен және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен жұмыс істей отырып, болашақта жабайы жануарлар ауруларының ошақтарын анықтау және оларға әрекет ету схемасын әзірледі», - деді қазақстандық табиғатты қорғаушының зерттеу презентациясында.

«Альберт ақбөкендерді 2006 жылдан бері зерттеп, олардың дараларына арнайы таратқыштары бар қарғыны орнату арқылы спутниктік таңбалау бағдарламасын басқарып келеді», - деп хабарлады Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Facebook желісіндегі парақшасында.

2009 жылдан бері барлығы 186 жануарға ең салынып, алынған мәліметтер олардың төлдеу кезінде шоғырлану орындарын анықтап түсінуге ықпал еткені атап өтілді.

Бұл деректер «Алтын дала» резерватын құру және Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының аумағын кеңейту үшін пайдаланылды.

Жануарлардың қоныс аудару жолдарының карталары олардың теріс әсер ету қаупін азайту үшін жол инфрақұрылымын жоспарлауда қолданылады.

Лауреаттарға сыйлықты табиғатты Whitley Fund for Nature қорының қамқоршысы Ұлыбритания ханшайымы Анна табыс етті.

Жеңімпаздар жобаларын дамытқаны үшін £40 000 көлемінде грант алды.

А.Салемгареев және оның командасы бұл қаражатқа жабайы жануарлардың суару орындарына кедергісіз кіруі және мал ұстайтын жергілікті тұрғындармен су ресурстарына қатысты жанжалдардың алдын алу бойынша шешім іздестіру үшін зерттеу жүргізеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар