Өлең, жыр, ақындар

Түркі мәдениеті: рухани мәдениет

Түркі мәдениеті дегеніміз не? Tүркі мәдениeті - eжелгі заманнан бері өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы болып табылады.

Tүркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижeсінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа тeрриторияларына кең таралып орналасқан түркілeр қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" дегeн термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген.

Түркі қағандығынан бастау алған түркі мәдениеті барлық әлемге өз ықпалын тигізе алған, әсіресе рухани мәдениеті есте қаларлық мұра қалдырған.

Түркі рухани мәдениеті өз бастауын көне түркі жазуынан алатыны барлығымызға белгілі деп ойлаймын. Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Сондықтан көне руналық («руна»сөзі«құпия»деген ұғымды білдіреді)жазу-түркілердің төл жазуы. Бұл пікір тарихта осы күнге дейінгі, түркі жазуы соғды жазуының негізінде жасалған деген пікірді жоққа шығарды.

Жерімізді түрік жазуының пайда болаған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі таңбалар табылған. Бұл таңбалар жерімізде жазудың пайда болған кезін 1000 жылға тереңдетіп қана қоймай, сақ тайпаларының түрік тілдес болғанын да айқындайды. Мұның өзі, біріншіден сақ тайпаларында ешбір жазу болмаған деген пікірді жоққа шығарса, екіншіден, олар үнді-иран тілдес болды деген пікірдің қателігін дәлелдеді.

Сонымен көне жазу жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы бірнеше мың жылдықтың ортасында пайда болды. Ал ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер ол жазуды қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған. Оны Батыс Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасындағы елшіліктер қатынасы кезінде түріктер елшілігінің хат алып барғандығынан да айқын аңғаруға болады.

Көне түркілердің VII-VIII ғасырларға жататын ежелгі жазбалары Орхон, Енисей және Селеңгі өзендері бойынан табылып зерттелінген. Бұл жәдігерліктер тарихта «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп аталады. Ол ескерткіштерде байырғы түркілердің болмысы, мәдениеті мен тарихы, рухы мен дүниетанымы түгел қамтылған. Күлтегін жазуында Күлтегін батыр мен Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың ерлік істері бояндалған. Күлтегін жыры- түркі халқын ауызбіршілікке шақырады, сыртқы жауға ұйымдасқан түрде қарсы тұруға, ежелгі ата-баба дәстүрін берік ұстауға,елдікке үндейді. Тоныкөк жазбаларында-Шығыс Түрік қағандығының саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірі поэзия тілінде көркем бейнеленген.

Соңғы 30-40 жылдың ішінде Талас, Іле,Сыр, Ертіс өзендері бойынан ежелгі түркі жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ескерткіштердегі жазулардан оның тек билік иелері немесе мемлекеттер арасындағы байланыс аумағында ғана емес, орташа, қарапайым халық арасында да кеңінен пайдаланылғанын байқаймыз. Мәселен, «Талас» жазуы үлгілерінің біріндегі: «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» деген жолда елі, жері үшін құрбан болған достар туралы, оның жастығы,жыл мезгілі жайлы хабар жазылған. Сөйтіп көне түркі жазуы VIII-IX ғасырлар аралығында бүкіл халық игілігіне айнала бастаған. Алайда ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуымен түркі билеушілері арасында тез қабылдануы түркі жазуының өмірде қолданылу аясын тарылтады.

Түркі рухани мәдениетінің тағы бір маңызды бағыты ол – наным-сенім. Түркілердің наным-сенімі тәңіршілдік болды. Француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған.

Қытай тарихшылары тәңірге табынудың пайда болуын б.з.б. III ғасырға жатқызады. Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін құдай – Көк тәңірі. Бұл жағынан алғанда тәңір кейінгі мұсылмандық «Алла», «құдай» ұғымдарына жақын келеді.

Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Көне түркілер тәңірден басқа жер, суға да мінажат еткен. Себебі адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей  байланысты.

Түркілерде тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы болып Ұмай ана саналды. Тәңірі және Жер-Сумен бірге түркілер сиынатын құдайлардың қатарына Ұмай ана да кіррді. Бұл Тоныккөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде «Көк тәңірі, Ұмай ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» деп жазылған. Тәңіршілдікте ата-баба рухына (аруаққа) табынуға зор мән берілді. Қазақтарда аруаққа табыну әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді. Оның терең философиялық және рухани-адамгершілік мәні бар. Осы ғұрып арқылы жас ұрпақ ата-бабаны құрмет тұту, өз халқының тарихын сыйлай білуге тәрбиеленеді.

Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептелді. Түркілер Қорқыт атаның ауруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтынына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтынына сенді.

Қорытындылап айтқанда, түркі мәдениеті тек қана түркі халықтары арасында ғана емес, сонымен қатар барлық әлем бойынша кең таралып, өз ықпалын тигізе алды. Қазіргі таңда түркі рухани мәдениетінің мұрасы мен жәдігерлері жоғары бағаланып сақталуда және болашақта да өз деңгейін түсірмейді деген үміттеміз.

"Әлеуметтану" мамандығының 1-курс студенті Сәтен Амина т.ғ.к., аға оқытушы Жұмаділ М.Т.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.

Қарап көріңіз