“Дала уалаятының газеті” – Омбы қаласында 1888 жылдан 1902 жылға дейінгі аралықта шығып тұрған қазақ журналистикасының тарихындағы екінші басылым.
Газет патша үкіметінің органы болғанымен, саясаттың сойылын соғуға ниетті жоқ. Басылым өзінің ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, ғылыми жаңалықтар, мәдениетке ұмтылу, ел басқару мәселелерін қамтып, қазақ халқының өмірінде прогресшіл рөл атқарған.
“Дала уалаятының газеті” – қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен рөл қосқан газет. Газет редакторы ретінде әуелде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров деген кісілер қол қойып отырған. Ал қазақша бөлімін редакциялаған, аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер еді. Газеттің шығуына ат салысып, белсенді әдеби қызметтер атқарған қаламгерлерге Р.Дүйсенбаев, О. Әлжанов, Ж.Аппасов, Ш.Айманов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Қ. Жанатав, А.Шонаев, Б.Әбдіков, А.Құрманбаевтарды жатқызуға болады. Аталмыш қазақтың білімді, оқыған азаматтары “Дала уалаятының газетін” халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан хабар беруге пайдаланды. Газетте қолтаңбасы қалған, редакторлық қызмет атқарған Дінмұхамед Сұлтанғазиннің публицистикасына шолу жасайық.
Дінмұхамед Сұлтанғазин – ұлттық публицистиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол 1867жылдың 10 мамырында Семей қаласында туған. Дінмұхамед батылдықпен “Дала уалаятының газетінде” тарихи маңызы зор мақалалар жариялап отырған. Ол 1890 жылы “Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз” деген мақаласында тіл тазалығы мен анықтығы туралы мәселе қозғаған. Қарап тұрсақ, шындықты сыбырлап айтатын заманда қазақ тілі туралы бас көтеру аюдың апанына бас сұғумен пара-пар. Мақаланың маңыздылығымен қатар өміршеңдігін де айтқып келіп отыр. Қазақ тілінің мәртебесі - алдағы уақытта да қозғалатын өзекті тақырып.
“Бұл газет көз жетпейтұғын қыр даланың ішіндегі жатқан халықтың бірер нәрсеге мұқтаж турасында керек-ті. Бірінің айтқан ақылын біріне білгізеді. Егер де бұл ақыл мал бағып өсірмек, егін екпек, барша қыр даланың ішіндегі шаруаға һәм адамның ғұмырына тиесілі жауаптарға керекті болған болса. Жоғарғы айтылмышқа қарағанда біздің газет оқырмандарымыз хабар шашып тұрған бұл жалғыз газеттің қымбат, қадірлі екенін де білсе керек деп ойлаймыз…” – деген мақала үзіндісінен Сұлтанғазиннің қандай мақсатты көздейтінін біле аламыз. Негізгі мақсаты – орыс әкімдерінің сеніміне кіріп, қазақша газетке басшылық ете отырып, қалың қазақтың санасын ояту, санадағы “қазақпынды” түрту, “оян” деп Міржақыпша дабыл беру. Яғни, Дінмұхамед Сұлтанғазиннің қарапайым аудармашы – редактор емес, қазақ танымын ұлғайтуға күш салған қайраткер-қаламгер ретінде бағалаймыз. Ол өз мақалаларында тіл тазалығымен қатар әдебиет, ғылым, білім, баспасөз, аударма, дін тақырыптарын да қаламына арқау етті.
“Дала уалаятының газеті” қоғамдық мәселелерге ден қойып, қалам тербеген, халық танымын ұлғайтуға білек сыбана кіріскен публицистердің ошағы іспеттес рөл атқарды. Сұлтанғазин публицистикасының бағыты да, маңыздылығы да сонда - қазақ халқын ағартушылық, жаһаннан, саясаттан, билектен хабардар қылу, тілін, дінін ұмыттырмай ұлттық сезімін күшейту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі