Журналист мамандығы - қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. "Журналистика" термині француз тіліндегі "journal" сөзінен шыққан. Бұл "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Халық журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атап кеткен. Дегенмен, сөздің жаны бар. Өйткені ежелде журналистер патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін.
Журналист болу - мақсаткер, талапшыл әрі тез тіл табысқыш, тек қана ақиқатты айту деген сөз. Журналист - бұл жаза алатын адам. Журналистика саласы - тек ақпаратты айту мен шектелмейді, бұл шынайы түрде, бар көңіліңмен, сезіммен, бойыңдағы бар болмысыңмен, құлшынысыңмен жаза алу. Нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Француздар алғашында қала көшелеріне жиналып, Париж жаңалықтарымен бөлісетін болған, және біраз уақыттан соң, жаңалықтар таратумен айналысатын адамдар, олардың ішінен бөліне бастады. Ең алғашқы "журналистерді" бай париждіктер арнайы шақыртып, ақпарат сұрайтын болған. Осылайша, журналист мамандығы Парижде дамыды. Оралхан Бөкейұлы айтпақшы: " Журналистика - жол үстіндегі әдебиет". Журналистика билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір.
Журналист - жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол үстінде. Бұл мамандық Карл Краустың айтуы бойынша: "Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың". Журналистика қашанда адамгершілікпен, көркемдік түсінікпен тығыз байланысты.
Кеңшілікова Құралай Шалқарқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі