Корейская косметика премиум класса

Мамандықты дұрыс таңдаудың әдіс-тәсілдері

Мамандық - біздің болашақ жұмысымыз болып табылады. Бүгінгі күні көп оқушылар мамандық таңдай алмай жатады. Бұл жағдай менің де басымнан өткен. Мамандықты қалай дұрыс таңдаймыз? Қандай мамандықтар болашақта жойылып кетуі мүмкін? Сияқты сұрақтар мазалауы мүнкін. Енді мамандықты дұрыс таңдаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп кетейін.

Ең алдымен мамандықты таңдау пәндері мен грант саны арқылы таңдаудың қажеті жоқ. Керісінше: бірінші мамандықты таңдап, кейіннен таңдау пәндерді таңдаған дұрыс шешім болып табылады.

Мамандық ешқашан қасыңыздағы адамдардың, немесе отбасыларыңыздың нұсқауымен таңдамаңыз. Ата-анаңыздың нұсқауымен түсіп, оқуыңызды бітіргеннен соң, сізде өз мамандығыңызға деген қызығушылық жоғалып кетеді. 4 жыл бойғы уақытыңыздың барлығы зая кетіп, дипломыңыз үйіңіздің төріндегі сандықта, шаң басып қалуы әбден мүнкін.

Мамандықты өз қалауыңызбен таңдаған соң, мамандығыңыз жайлы ақпараттармен таныс болыңыз. Болашақта университетте оқығанда сіздің мамандығыңыздың қандай екенін, айтып түсіндірмейді. Осы жағдаятты ескергеніміз жөн.

Мамандықты дұрыс таңдаудың тағы бір фишкасы, өз болашақыңды таңдаған мамандығыңызбен айналысып көріңіз. Сонда, сізге көп пайдасы тиеді. Мамандығыңыз сізге ұнайдыма, әлде өзіңізіді бұл салада көре алмайсызба?, деген өзекті сұраққа жауап таба аласыз.

Әрбір саланың өз қиындықтары мен ерекшеліктері болады. Егерде мамандығыңызды сүйіспеншілікпен таңдасаңыз, бұл қиындықтарды еңсересіз. Басқа адамның ырқымен таңдап түскен мамандықта қиындық кездесте, ол кісі жарты жолдан тастап кетеді. Сол себепті дұрыс мамандықты таңдау, жарқын болашақтың кепілі.

Мамандығыңыз жайлы биыл қанша гранттар бөлінгенін, қандай мамандықтар жойылып қалу қаупінде тұр? Қандай ЖОО-лар мықты оқытатынын білгіңіз келсе, арнайы бағыт, жолдар беретін орталықтарға жазылғаныңыз абзалырақ. Дұрыс, ЖОО-лар таңдауда аса маңызды дүние.

Мамандықты дұрыс таңдасаңыз, сіз биіктерден көрінесіз. Өз сала маманыңыздың майталманы болып, мамандығыңызға көп үлес қосатын едіңіз. Әрбір мамандықты шекті деңгейіне дейін дамыту, өзіміздің қолымызда. Ал болашақ оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау маңызды деп ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз