Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Бұл ұғым қазақ қоғамындағы әйел адамның рөлін көрсетеді. Қазақ отбасында қашаннан ер азығы түзде болғандықтан, бала тәрбиесімен әйел адамы айналысқан. Соның бір көрінісі Зере әжемізбен Ұлжан анамыз. Атақты батыр Бауыржанның өзі, соғыс уақытында Абай жолын оқып, Зере мен ұлжан аналарымыздың өнегесіне тәнті болып, олар тек Абайдың ғана емес, барлық халықтың анасы деуі тегіннен тегін емес. Бала тәрбиесі тал бесіктен басталатыны анық, үй соққанда оның ең алғашқы іргетасы дұрыс қалаңбаса, үйдің берік болатынына сену өте қиын, сондықтан да дана халқымыз ел болам десең, бесігіңді түзе деген екен. Баламен де дәл солай, оның бойына дарыған ананың аппақ сүті, жастайынан көрсеткен мейірім шуағы, оған әрқашанда түзу жол көрсететіні анық. Оның бірегей көрінісі оқудан оралған жас Абай шешелеріне бет алғанда Ұлжан баласына Әуелі әкеңе сәлем бер деп жол нұсқауының өзінің астарында терең мағына жатыр. Бұл тәрбиелі қазақ әйеліне тән, азаматын сыйлаған дәстүрлі қасиет. Ұлжан Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан, Абайдың шешесі Ұлжан туралы: "Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік, әзіл аралас шындығы мен атағы шыққан Шаншар тобының қызы екен" делінген , мүмкін содан болар анасынын қанынан шешендік өнер тарап ұлы ақын болуы. Зере әже Құнанбайға ғана емес, өзінің сүйікті немересі Абайға да үлкен әсер еткен. Ұлы Абайдың санасына сәуле түсіріп, көңілінің аспанын ақылымен арайландырған рухани ұстазы Зере әже. Алып анадан туады. Кейде Абайдай ұлы адамның болмай жатқаны, мүмкін, Зередей әжелердің жоқтығынан шығар деп те ойлаймын.
Абай оқу іздеп Семейге аттанар алдында анасы Ұлжан, қарағым есіңде ме, әжең сырқаттанып жатқан шағында бір тілек айтқан еді, осы қарағыма өзгелердің тас бауыр мінезін бере көрме деген еді деп үнемі аяулы әжесінің ақыл сөзін есіне салып отырған екен. Осы жерде Әуезов адамға деген қамқорлық, үлкеннің ақыл сөзі, тәлімі ел анасындай болған әжеден бастау алғанын айқын жеткізген. Баласы атқа шапса, анасы үйде тақымын қысады деген сөз бар, ол дегеніміз әр ұлы тұлға, батырлардың артында үйінде тілеуін тілеп отырған алып ананың болуында. Ел үшін туған азамат – асыл ана жемісі. Зередей ұлы ана, тек қана тобықты руы ғана емес, алаш жұрты мақтан ететін тұлға. Осындай дана, өнегелі аналарымыз көп болсын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі