Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы

Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Хиуа ханы, Сырым Датұлы — осы тақырыптарға байланысты.

(I нұсқа)

Сырым қалың қолмен Нұралыны шауып алысымен, ханға патшадан көмекке көптеген салдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқынға алады. Сөйтіп, Сырым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп Түрікпен, Бесқала, Хорезм қалаларына барып көмек сұрайды. Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпшілігі төрелер екен. «Еңбектен қашса — дөңбекке» дегендей ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой», — дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай, хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып елге қайта бастайды.

Хорезм хандары Сырымды озса — құтылу, қалса, өлтіру әрекеттеріне кіріседі. Бір күні Хорезм хандары мен бектері мешітке намаз оқиды. Намаз артынан қол жайып батиқа жа- сағанда, Сырым бұшпақ ішігінің жеңімен бетін сипайды. Сонда хандар:

— Әй, қазақ, сен батаны жеңіңмен жасағаның қалай? — дейді.

— Менің жеңімнен бата өтпей қалса, сендердің оқыған намаздарың мешіттен өтпей қалады ғой, — дейді Сырым.

Күндерде бір күні хан Сырымды сөзден тоқтату мақсатымен:

— Әй, қазақ ағайын, сіздің елдің тілдері қалай? Жалғама сөздер көп болады екен. Мысалы, «жігіт-мігіт», «ас-мас», «қыс- тау-мыстау» дейді. Ол не сөз? — дейді.

Ханның сұрауларына Сырым былай деп жауап берген екен:

— Қазақ балуанға түскенде жықса, ел үшін еңбек етсе, елін жауға алдырмаса, соны «жігіт» дейді. Жоғарыдағы айтылған- дар қолынан келмесе, оны «мігіт» дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы деген не?

Бұл бетте Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы материалы Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Хиуа ханы тақырыбындағы материалдар Сырым Датұлы тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар