Өлең, жыр, ақындар

Ислам қаржы жүйесінің қалыптасу тарихы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
“Философия және саясаттану” факультеті
“Дінтану және мәдениеттану” кафедрасы
Дінтану мамандығы 4-курс Әбіш Айнұр
Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.    

Ислам қаржы жүйесі мұсылман мемлекеттерінің отарлықтан босаған кезеңде өз бастауын алды. 1970 жылдардан бастап мұсылман мемлекеттердегі мұнай көздерінің көптеп ашылуы халықтарды мол байлыққа кенелтті десек болады. Қаржатты тиімді әрі шариғат шеңберінде жұмсау қажеттілігі туындады. Осы қажеттілік ислам банктерінің шариғатқа сай келетін инвестиция түрлерінің, қаржылық өнімдерінің пайда болуына себеп болды.Соның ішінде мудараба және мушарака қаржылық өнімдері инвестициялауға арналған өнімдер болып табылады. Бұл әдістер каржылық өнім ретінде кеше танылғанымен олардың тарихы сонау сахабалар заманан бастау алады. Сахаба Зубаир ибн ал-Аууам саудадағы ептілігімен аманатқа беріктігімен елге танылған болатын. Сондықтан адамдар оған өз заттарын аманат ретінде қалдыратын. Алайда Зубаир елдің затын қарыз ретінде қарап алып қалатын. Себебі, оны бір іске жаратуға тырысатын. Өйткені аманатқа берілген затты тек сақтауға ғана болады және ол жоғалып немесе оған зақым келетін болса аманатқа алған адам оның шығынын өтеуге міндетті болмайтын. Мудараба ислами қаржылық өнім. Мудараба-бұл серіктестіктің ерекше түрі, онда бір серіктес басқа серіктеске коммерциялық кәсіпорынға инвестициялау мақсатында қолма-қол ақша береді. Қаражатты инвестициялайтын серіктес рабб-ул-мал деп аталады, ал экономикалық қызметті басқару және жүзеге асыру екінші тараптың яғни мударибтің ерекше міндеті болып табылады. Мушарака дегегіміз не оның мударабадан айырмашылығы қандай? Мушарака келісімшартағы екі жақта (немесе көп болуды мүмкін) ортақ жобаға ақша бөлуі және оны ары қарай жүргізудегі құқық екі жаққа ортақ болу. Істі жүргізу екі жаққа қалай ортақ болса дәл солай шығынға ұшыраған жағдайда екі жақта шығынға жауапты.

Қорытындылай келе исламдағы инвестициялаудың бірнеше түрі бар. Инвестицияны қандай іске пайдалануды тараптардың ортақ шешімімен қабылданады. Дәл қәзіргі уақытта ислам шариғатына негізделген ислам қаржы жүйесі дәстүрлі қаржы жүйесінің өзекті жаңалығынаайналып, өз орнын айшықтау үстінде. Себебі, діни догмалардың маңыздылығы сенушілердің қоршаны ортаны қабылдауға деген көзқарастарының көрінісі болып табылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз