Неміс ойшылы Мартин Хайдеггер Құрлықтық философия Дәстүріне мұрагерлік етіп, өзі өмір сүрген уақытта таңдаулы әрі таласқа толы еңбектер жаза білді. Сол еңбектердің ішіндегі 20 ғасырдағы танымал бірегей туындыларының бірі «Болмыс және уақыт» атты еңбегі болып табылады.
Жалпы идея жағынан өмірдің түрлі салаларына терең әсер ете отырып онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды бөлігіне айналдырды. Оның ойы да басқа философтарды бей-жай қалдырмады. Кең етек ала отырып көптеген мемлекетте жарияланғанымен қатар әр түрлі философтың ойларына негізгі идея да болды. Жалпы Мартин«Болмыс және уақыт» еңбегінде шындық және құнылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Бұл оның әлемге яки дүниеге көзқарасының ерекшелігін аңғартқандай. Және ол өз ойларын философияның ең басты мәселелерінің бірі яғни болмысты түсіну мәселелсіне тоқталған. Жалпы болмысқа құлақ түре білген Хайдеггер болмыс деген сөз болу етістігінен шыққанын ескере отырып, өз еңбегін «дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастауының өзі философияға зер салып үңілгендігін өз еңбегінде шынайы дүние қасиеттері бар болуға тікелей байланысты екендігін, ол тіпті жоқ болу теориясына сай келмитіндігін айтқан.
Болмыс теориясына әр түрлі анықтама берген ғұлама ғалымдардың болмыс мәселесін тек бір қырынан, болмысты дәлелдегендігін өз тұжырымдарына мысал еткен ол болмыс теориясын жан-жақты қарау, зерттеу, тоқталу басты міндеті сезінгендей көрінеді. Неге десеңіз негізгі қызығушылығы тікелей философиямен байланысты болғандықтан болмыстың мәнін қате түсініп талдау барысында көптеген ұсақ түйекке дейін мән берген. Өзінің әр сөзіне дейін сараптаған ол болмысқа қайта назар аударды. Және өз дәуірінде айтарлықтай жүйелі теорияларды енгізді. Өзі оқып шыққан философиялық кітаптардың өзінен қате кеткен тұстарды анықтап, шатасқан жерлеріне де мән беріп барлығын өз теориясында нақтылап отырды.
Ол өз тұжырымдарында алдыңғы өкіл қоспаған мысалдармен толықтыруға да тырысты десек артық айтқандығыммыз болмас. Ол тіпті өз ойының қабілеті басқаларға ұқсамайтындығын өз ойын, өз бойын технологиялық дүниемен байланыс жасаудан алшақтатуға тырысқандығы айқын дәлел болып тұрғандай. Ол болмыстың мәні таза табиғаттан бастау алатындығына ал оған кедергісін, өз залалын технология тигізетіндігіне де бірнеше рет тоқтала отырып, осы тұрғыда өз ойын тұжырымдап отырған. Тіпті өзінің «Болмыс және уақыт» кітабын лашық үйінде жазғандығының өзі дүниеге құнықпай, қашанда болмасын ғылымға, білімге бөлгендігінен хабардар ететіндей. Бұл кітабы бастапқыда бір тараудан ғана тұрғандығы кейіннен ой жалғастырып кітап болғандығының өзі ол бір өзекті тақырыпқа бет бұрғанда оған ат үсті қарамағандығынан да сыр шертетіндей.
Хайдеггердің тіпті басқа шығармаларындағы тұжырымдары да кейіннен орын оқиғаларда өз орнын тапқандығы да бәріне белгілі. Болмысқа назар аудару арқылы ол өз ойынан сыр шертті, басқа ойы өз ойымен байланыста болмағандықтан. Болмыс ұғымын философиялық категориялар тұрғысынан топтастырып оған да жеке анықтамалар беріп отырды. Оған ілесушілерде ауыз толтырып айтарлықтай біршама. Оның болмыстың нәзік қырларын түсіну кез-келген тіршіліктен бастау алатындығын да дәлелдеп отырған. Бұл айтылғандардың барлығы оған қызық болғандықтан барлық қырынан зертеп, жеке тоқталып, топтастарып, өзіндік ойының болуының өзі оның сан қырларын анық көрстекендей. Болмысты тану өзіңнен басталатынын ескеріп қорытындыға келу барысында өз ойың болмыспен байланысты екендігін де есте шығармау керек деген тұжырымды бізге міндеттеп тұрғандай ой қалдырарлық кітабына зер салмау әр кімге де қиын-іс іспетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі