Жәңгір хан уәзірлерімен өзінің найзагер бір батыры Сыйлыбайдікінде отырғанда, Исатай, Махамбет және Науша үшеуі сонда келеді. Сыйлыбайдікіне кіріп келіп, үшеуі де ханның жанына барып отырады. Сонда Сыйлыбай Науша батырды кемсітіп былай деген:
— Науша мұнша бойсыз, сойсыз және көріксіз болып қайда қалдың? — депті. Сонда Науша айтқан:
— Мен бақыт базарында қалдым, — депті. Сонда Сыйлыбай айтқан:
— Келесі жылы сентябрьдің бас кезінде еліңді шаба барам екі адаммен. Сен де екі кісімен мені тос, сол уақытта сынасармыз, — депті. Сол жерде екеуі қол алысып, жолығысуға уәделесіп кеткен екен. Келесі жылы сол айтылған уақытта екеуі кездеседі. Сыйлыбайдың найзасы ұзын болғанда, Наушаның найзасы қысқа болған. Бірақ ол шылбырға байлап лақтырады екен. Сол кездескен жерде екеуі найзаласқанда, Науша Сыйлыбайдың найзасын қағып жіберіп, иегінің астынан найза түйреп өлтірген екен.
Келесі күзде ханды жақтаушы Сыйлыбайдың ауылын шаппақшы болып Махамбет, Исатай және Науша үшеуі жолға шығады. Бұлардың келіп шауып алатынын білген Сыйлыбай ауылы тау-тауға қашып босып кетеді. Бұлар бірнеше күн елді таба алмай келе жатса, алдарынан үш қос көрінеді. Қосқа келіп сұрастырса, адамдарына жара шығып ауырғандықтан көшке ілесе алмай қалып қойған екен. Бұлар ауырып жатқандардан сескеніп, онда қонбай, даладағы молаға барып қонады. Сол қонып жатқан түні Наушаға жара шығады. Исатай Наушаны таң атқанша алдына алып отырады. Осы шыққан жарадан На ша сол жерде өледі. Науша өлген соң, Исатай, Махамбет екеуі кейін ауылдарына қайтып кетеді.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі