Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныптың “Көркем еңбек” сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту мүмкіндіктері

Әміржан А. Е. , Беккожанова Д. Ж. , Мергенова А. А.

6В01304 Бастауыш білім беру көптілділікпен 4 курс студенттері,

Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты

Алматы қ, Қазақстан

Аңдатпа: Мақалада бастауыш сыныпта “Көркем еңбек” сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту мүмкіндіктері туралы жазылған. “Көркем еңбек” сабағының маңыздылығы мен, өтілу қажеттігі, пәннің негізгі мақсаты туралы, тіпті сабақ жүргізуде үштілділіктің қолданылуы да жазылған. Бастауыш сынып оқушыларына бұл пәнді өтудің негізгі қажеттілігі мен маңыздылығы, “Көркем еңбек” пәнінің оқушыларға әсері және дағдыларын жетілдіретіні туралы айтылған.

Түйін сөздер: “Көркем еңбек”, шығармашылық қабілет, белсенділік, танымдық дағдылар, бастауыш сынып оқушылары, жаңартылған білім беру, технология, үш тілде білім беру.

Кіріспе

Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық үдерістер тоғыса дамыған уақыт межесінде оқушылардың еңбексүйгіштік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін біріктіре дамыта отырып, білім беру аясында іс-әрекетінде шапшаң, шығармашыл тұлға даярлау мәселесі туындап отыр. Жаһандану заманында оқушылардың өздігінен дербес білім алу процессінде білім алушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыру - қазіргі педагог мамандарының басты міндеті болып табылады. Ақпараттық технологиялардың даму және педагогикалық мамандықтардың ауқымды  өзгеріске ұшырауына байланысты оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сондай-ақ оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Олай болса, білім беру жүйесінің бас буынының бірі - бастауыш сыныпта білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарап, оқушылардың білім, білік, танымдық-интеллектуалдық дағдыларын жетілдіру “Көркем еңбек” пәнінің басты міндеті болып саналады.

Негізгі бөлім

Заман талабына сай мектептерде әлеуметтік жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өздігінен ақпаратты меңгере білетін, дарынды, шығармашыл, ізденімпаз оқушыны тәрбиелеу басты назарға алынып отыр. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының білім алуға, еңбек етуге танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Көркем еңбек пәнін жүйелі түрде жүргізу арқылы төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, еңбекке деген қарым-қатынасын өзгертеміз. Жас ұрпақты кіші мектеп жасынан бастап еңбекке, белсенділікке, қиялының және образды ойлауының дамуына, шығармашылық және сыни ойлай білуге бейімдеу арқылы оқушылардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырамыз.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру теориялық бастамасы “шығармашылық”, “көркем еңбек іс-әрекеті” , “бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбек іс-әрекеті арқылы шығармашылығын қалыптастыру” ұғымдарын қалыптастырумен тығыз байланысты. “Шығармашылық” ұғымының психология ғылымында берілген анықтамасына тоқталатын болсақ:  “Шығармашылық дегеніміз - адамдардың бұрын болып көрмеген жаңа бір нәрсені жасауға бағытталған қызметі, адамның табиғатты белгілі материалдардан еңбектану арқылы алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере алатын нәрсе жасап алатын қабілеті”, - деп қарастырады. Я. Н. Пономарев кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекет негізінің бастамасы - шығармашылық ойлау деп, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе “ойша” әрекеттену қабілетін айталы. Психолог өз зерттеулерінде шығармашылықты идея, ұстаным, орындау деп түсіндіреді.

Жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты педагогика саласының ғалымы В. А. Сухомлинскийдің: “Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес”,- деген сөзін бастауыш сынып көркем еңбек пәнін ойын технологиясы арқылы оқушыны қызықтыра отырып жүргізген тиімді. Өйткені, 2010 –2020 жылдар аралығанда бастауыш сыныпта оқыған балаларды салыстырып қарағанда, араларындағы айырмашылық айтарлықтай көп. Педагогика ғылымында шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, біліктілігі мен білік дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Соған орай шығармашылық қабілеттер ерекше танылады. Алайда, шығармашылық қабілет белгілері кез-келген балаға, кез-келегн адамға тән болып келеді. Бар болғаны оларды ашып, дамыту керек. Шығармашылық адам санасының жасампаздығының және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлігі, шеберлігі, жаңашылдығы шығармашылық ойлауына қатысты анықталады. Оқушылардың шығармашылығының ерекше белгісі олардың қызығушылығында. Осы кезекте мектеп бағыдарламасындағы Көркем еңбек пәнін жүргізу барысында тек оқулық бойынша емес, қосымша дамытушылық тапсырмаларды ұйымдастыру, олардың сапасы мен оқушыларға әсерлі болуын қамтамасыз ету маңызды процесстердің бірі. Қосымша тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерінің қиял, ойлау, іздену, жасай білу және жасағандарын қолдана білу мүмкіндіктерін дамытады. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ісденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға білім беру үдерісінде әрбір педагог маман  жүйелілік әрі үздіксіздік қағидаларын ұстана отырып, оқушылармен бірлесе жұмыс жүргізіуі тиіс. Көркем еңбек пәні бастауыш сыныптың оқу бағдарламасында болғандықтан басты пәндердің қатарына енуге барынша оңтайлы жағдай тудыруымыз қажет. Көркем еңбек пәні кіші мектепте 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін аптасына 1 сағат өткізіледі. Әр апта сайын оқушының шығармашылығын дамытуына осы бір сағатты сауатты әрі тиімді өткізу педагог маманның құзыреттілігімен ұштасып жатыр.

Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруда көркем еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері 2-ге бөліп қарастырылады: сабақтағы және сабақтан тыс көркем еңбек іс-әрекеті. Сабақтағы көркем еңбек іс-әрекетін дәстүрлі еңбек әрекетімен қоса, шығармашылық еңбек іс-әрекетімен бірге қатар алып жүру маңызды. Дәстүрлі көркем еңбек әрекетінде тек оқулыққа және оқу бағрламасына негізделіп жүргізілсе, ал шығармашылық бағыттағы еңбек әрекеті жаңа технологияларды сабақ барысында ұтымды қолдана отырып, ұшқыр қиялды дамытатын әр түрлі композициялық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады. Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бірнеше жұмыс түрлерін атап өтсек: Кусудума (бұл оргамиді ешқандай қайшы,желімсіз, қағазды бүктеу арқылы орындалатын бұйым); квиллинг (қағаздан спираль жасау арқылы, оқушылардың өз қиялдарына байланысты түрлі композицияларды орындау); дәнді-дақылдарды бояу, жапсыру арқылы түрлі композицияларды құрастыру; әр түрлі материалдарды қолдану арқылы өз композициясын ойлап табу.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілдерінде ұйымдастыру - 21 ғасырдың талабы.   Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үш тілде білім беру үдерісін “Көркем еңбек” пәнінде жүзеге асыру - оқушылардың өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы дүниетанымын, әлемді визуалды қабылдауын, тіл байлықтарын ішінара жетілдіру, өздері жасаған затқа үш тілде еркін сипаттама бере алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Шығармашылық процесс шексіз. Идеяларды зерттеу

және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық процестің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау

мен орындау кезенінде дамиды. Ал “Көркем еңбек” сабағы оқушыларға осы шығармашылық іс-әрекетті дамытуға мүмкіндік етеді. Шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуда сабақтың екі түрі арқылы жүзеге асады. Сабақтағы және сабақтан тыс жұмыс арқылы жүзеге асады. Жалпы “Көркем еңбек” пәнінің маңыздылығын да негізге алу да ең маңызды мәселелердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. [Асилбаева Ф. Б. “Бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбек іс-әрекеті арқылы шығармашылыған дамыту” диссертация//Алматы 2010, 15 қараша]
  2. [Хабаршы “ Бастауыш мектеп және дене мәдениеті” сериясы //Ұлағат баспасы № 2 (33), 2012]
  3. [Абдракова А. А. “Бастауыш мектепте оқыту” Республикалық әдістемелік журнал// Алматы 2007]
  4. [Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы “Ғылыми-пелагогикалық журнал”// Алматы 2007]
  5. [Республикалық әдістемелік журнал “Көркем еңбек”// Алматы 2019]

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз