Кенесарының рақымсыздығы да өлшеусіз, кекшілдігі де өлшеусіз дейді. Мысалы, рақымсыздығы мынау: қытай, орыстың шекарасында Кенесары жатқанда, бір күні Кенесары бес-алты кісімен сейілге шығып, бір жас өспірім бала жігітке кездесіп, әлгі жігіт «жау ғой» деп «тоқта» дегенге тоқтамай, қаша жөнеліпті. Кенесары жолдастарымен қуып, жігітті ұстап алып, сол кезде басын қылышпен шапқызып, өлтіртіп жіберіпті.
Ол жігіт бір байдың жалғыз баласы екен, бір үйір қысырағы жоқ болып қарап жүрген. Жазығы «жау ғой» деп қорыққанынан шақырғанына қайырылмай қаша жөнелгені.
Кеңшілігі мынадай: Кенесары жолаушы кеткенде, әйелінен бір жігітті ұстап алып, Кене келгенше ұстап, байлап қойыпты. Кене келгенсін шештіріп қоя беріп, екі-үш күннен кейін әлгі жігітті шақырып, жоғары шығарып, қымыз беріп тойғанынша, жігіт тойған соң: «ішер жерім жоқ» деген екен, Кене айтыпты: «Тойып ішер жерің жоқ болса, енді бұдан былай тою керек, тойғасын қою керек», — деп басқа еш нәрсе демей қоя беріпті.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі