Қазақстанның қаржылық қызметтер нарығы серпінді түрде дамып келеді. Несиелер мен микрокредит қызметтері қаржы құралдары ретінде елдің қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауда және кәсіпорындар мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Дей тұра, неге халық несиеден зардап шегуде, несиенің беретін мүмкіндіктері қандай, неге несие алушылар саны көп? Мақалада бірге қарастырамыз.
Алдымен несие мен микрокредиттің ара жігін ажыратып алайық.
Несиенің бөліп төлеу мүмкіндігі бар, бірнеше рет беріледі және пайызы іс жүзінде қолданылған соммаға ғана қосылады.
Микрокредит бір рет беріледі және қарыз беруші мен қарыз алушы қандай да бір мерзімді белгілеп, келісімшартқа отырады. Ол әдетте көп дегенде бір ай. Яғни бір ай ішінде сізге берілген қаражатты пайызымен толық өтеуіңіз керек. Өтей алмаған жағдайда үстіндегі пайызын ғана төлеп, создырту мүмкіндігі бар. Алайда бұл тиімді емес.
Несие және микрокредит нарығының қазіргі күйіне көз жүгіртсек:
Ұлттық валютада берілген несиелер саны 2023 жылы 22,9% ұлғайған, керісінше шетелдік валютадағы несиелер саны 9,1%-ға түскен. Ал несие мөлшері 30,6 трлн тенгені құрайды екен. Оның 48,6% бизнеске құйылған қаражат.
Қаншама жанның несие төлей алмай қиналып жүргенін жиі байқаймыз. Бірден ойымызда «төлей алмаса, несіне алады екен?» — деген сұрақ туындайды.
Мүмкін себебі келесідей жағдайға байланысты болар?
Несие нарығы дамып келе жатқандықтан өнімдердің де біраз түріне несие алу мүмкіндігі пайда болды. Әлеуметтік желіде кездесетін «азық-түлікті несиеге алатын кезге де жеттік» дейтін посттары көп қаралым мен лайктар жинап, «иә, мен де бүгін осындай соммада несие алып, осындай нәрсе сатып алдым» деген пікірлер жиі кездеседі.
Тағы да бір себебі онлайн несие. Короновирус салдарынан көп нәрсенің онлайн форматқа ауысқаны бәрімізге белгілі. Карантиндік режимнен арылғанымызбен, онлайн қызметтер өз дамуын тоқтатқан жоқ. Несие нарығы да, әсіресе микрокредит, онлайн түрде де халыққа қызмет етеді. Онлайн несие беру көлемі 2017 жылы 45 млн тенгені құраған екен. Тіпті оффлайн несие берілмесе, онлайн 10-15 минут ішінде келісім беріп, үлкен сомма ала алады. Бұл онлайн несиенің халыққа қолжетімді екенін көрсетеді.
Енді халықтың несие төлеуде туындайтын қиындықтарын қарастырайық:
Төлеу қабілеттілігі: көп мөлшердегі қарыз пайыздың көбеюіне алып келіп, тек қана тұтынушының қалтасына ғана ауырлық салмай экономикаға да кері әсерін тигізеді. 2022 жылы микрокредит алушылардың 24 пайызы өз қарызын төлей алмай жүргендер екен.
Несие нарығындағы конкуренция: несие берушілер арасындағы бәсекелестіктің артуы несиелік балл мен қауіпсіздік стандарттарының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Дәлел ретінде өз басымнан өткен жағдайды келтіруге болады. 18-ге, яғни кәмелеттік жасқа тола салысымен каспидан техникаға арнап несие алдым. Жасыма және тұрақты жұмыс орнымның болмауына қарамастан маған несие алуға рұқсат берілді. Несие соммасы баста 100 000 болды.
Микрокредит те дәл солай. Алайда микрокредиттің несие берудегі ерекшелігі, егер сіз бірінші рет алғалы тұрсаңыз сізге 15-20 мың теңге мөлшерінде ғана қарыз беріледі. Егер бұл қарызды бірден төлей алсаңыз, келесі жолы беру мөлшері көбейеді.
Бәсекелестік кейде оң әсерін береді, алайда осындай теріс салдары көбірек.
Осы тұста бірнеше рет микрокредит алғандықтан берер кеңесім пайызы қанша жерден аз болса да, ұсталатын комиссиясының әсерінен, пайызы жоғары мткрокредит орнынан еш айырмасы жоқ.
Несиеңізді төлей алмай қалған жағдайда не істеу керек? Келісімшарттағы кішкентай әріптермен жазылатын құйтырқы әрекеттерге тап болиау үшін несие туралы не білу керек?
Несие беруші тарапынан заңсыз әрекеттер болмаса, несие алушы банкке барып төлем кестеңіз бен соммасын өзгертуге өтініш жазыңыз. Өтініште не себепті төлей алмайтыныңызды, қаржылық қиындықтарыңызды дәлелдейтін құжаттарды көрсетіңіз. Қандай сомманы қазір төлей алатыныңызды, ыңғайлы кестені ұсыныңыз.
Заңсыз әрекеттерді байқасаңыз, заңгердің көмегіне жүгінген жөн немесе 109 байланыс нөмеріне хабарласыңыз.
Ал ондай жағдайдың алдын алу үшін:
— Келісімшартпен жақсылап танысыңыз.
— Қол қоймас бұрын алып жатқан несиеңіздің пайызы мен үстемақысын есептеңіз.
— Банктегі өзгерістерден хабардар болу үшін өз деректеріңіздегі өзгерістерді ескертіп отырыңыз.
Несиені уақытылы төлемеу сіздің несие тарихыңызды бұзады. Тағы созып жүре берсеңіз коллекторлар өзіңізге және туыстарыңыз бен таныстарыңызға хабарласады. Одан сорақысы коллекторлар қазір қарызды алаяқтықпен де алып жүр. Үй алдыңыз, 5 миллион ұттыңыз, көлік береміз, сіз жәй ғана қарыздарыңызды төлеп тастаңыз, әйтпесе несие тарихыңыз кедергі болып тұр деп, қарыздарын жаптырады екен.
— Базарда киім сатамын. Товар аламын деп қарызға белшемнен баттым. Оның үстіне 2 балам сырқат. Біреуіне жүрегіне ота жасатқам, кіші ұлымның миында киста дейді. Осылай емдеп жүріп несие төлейтін жағдайым болған жоқ. Сондай күндердің бірінде маған сізге әкімшілік бағдарламамен 3 миллион беріп тұр, қарыздарыңызды төлесеңіз болғаны деді. Содан не керек, ауыл ауылды аралап жүріп қайын енем 600 000 құрайтын несиемді төлеп берді. Төледім деп хабарлайын десем нөмер тіркелмеген деп шыға берді, — дейді Алматылық тұрғын.
Осындай жағдайларға тап болмас үшін несиені уақытылы төлеп, жоғарыда айтылған кеңеске құлақ түріңіз.
Әрине, қанша жерден несиеге жолама десек те, несиенің де өз пайдасы бар. Несие мен микрокредит беретін мүмкіндіктерін қарастырайық.
Несиелер мен микрокредит қызметтері кәсіпкерлерге өз компанияларын дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген статистика бұған дәлел.
Ипотекалық несиелер жылжымайтын мүлік нарығының өсуін қолдайды, бұл экономиканың дамуына ықпал етеді. Сондай банкттардың біріне Отбасы банк пен Береке банкті алуға болады.
Қорытындылай келе, қанша жерден жұмысыңыз тұрақты болса да, қиындықтар айтып келмейді, сол себепті қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, қара күнге деген аз-маз қаражатыңыз болуы керек. Қаржылық сауаттылықтан бөлек, аналитикалық қабілеттіліктің де болғаны дұрыс. Сараптама жасай отырып қай банктен, қанша мөлшерде несие алған тиімді деген сұрақты ұзақ уақыт зерттеуге кеңес беремін. Қаржылық сауаттылық пен аналитикалық қабілеттің болуы, несиені тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді!
Асылхан Аяулым
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі