(Эрнест Хемингуэйдің әңгімесі, аударған Салауат Кәрім)
Көл жағаcында бөтен қайық байлаулы тұр. Қайық жанында екі үндіс күтіп тұр.
Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға итеріп, біреуі ескекті алып есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жас үндіс қайықты суға итеріп, ескекке отырды.
Екі қайық қараңғыда жағадан жүзіп кетті. Алдарында жүзіп кеткен қайық ескегінің сықыры Никке алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты қысқа, бірақ тез есті. Ник басын әкесіне қисайтты, әкесі ұлын құшақтап, бауырына басты. Көл суы салқын еді. Үндістер бар күшін салып ескенмен, тұманның құшағына еніп кеткен екінші қайық оларға жеткізбеді.
- Әке, біз қайда бара жатырмыз? – деп сұрады Ник.
- Арғы бетке, үндістер мекеніне барамыз. Ол жерде үндістің бір әйелі науқастанып жатыр.
- Ә.... – деді Ник.
Олар жеткенде алдарында ескен қайық жағалауда тұрды. Джордж ағай қараңғыда сигарасын түтіндетіп тұрды. Жас үндіс қайықты құм жағалауға сүйреп шығарды. Джордж ағай екі үндіске сигарадан берді.
Олар жағалаудан шалғын шөп арасына өтіп, таңғы шыққа суланып, жазыққа шықты; жас үндіс қолындағы жарық шаммен алдарында жол көрсетіп жүрді. Олар орманға кіріп, соқпақ іздермен алыс дөңесті жолға шықты. Жол жарық, екі жақтан ағаштар кесілген. Жас үндіс тоқтап қолындағы шамын өшірді, олар жолмен алға тартты.
Бұрылыста олардың алдынан үрген иттер шықты. Олардың алдында ағаш қабыршағын теретін үндістер лашығы көрінді. Оларға тағы бірнеше ит қосылды, арсылдап оларға ұмтылды. Үндістер иттерді лашықтарға қуып жіберді.
Жақын орналасқан лашықтан жарық көрінді. Есік алдында шам ұстап кемпір тұр. Лашық ішінде ағаш сәкіде үндіс әйелі үш тәулік бойы туа алмай қиналып жатыр. Үндістер ауылының барлық кемпірлері лашық маңына жиналған. Ерлер алысырақ жерде әйелдің даусы естілмейтін жол үстінде шылым шегіп тұр. Бараққа екі үндіс пен әкесі, Джордж ағайына ілесіп Ник кірген кезде әйел шыңғырып айқайлады. Әйелдің көрпе астынан төмпешік іші көрініп, төменгі сәкіде жатты. Басы іргеге бұрылған. Үстіңгі сәкіде әйелдің күйеуі жатыр. Ол үш күн бұрын аяғын балтамен қатты жаралап алған еді, трубкасын сорып жатты. Лашық іші сасып тұр.
Никтің әкесі ошаққа су қайнатуды тапсырып, су қайнағанша Никпен сөйлесті.
– Ник, тыңда, бұл әйел босануы керек.
– Білемін, – деді Ник.
– Сен ештеңе де білмейсің. – Тыңда, мені, әйел қазір толғатып жатыр, бала сыртқа шыққысы келеді, әйел босанғысы келеді. Әйел барлық күшімен ішінен баланың шығуына көмектесуі керек, содан күштеніп шыңғырады.
– Түсінемін, – деді Ник.
Осы кезде әйел тағы да айқайлады.
– Әке, – оған айқайламайтын бірдеңе бере алмайсың ба?
– Менде қазір ауруды басатын дәрі жоқ, маған айқайлағаны маңызды емес, мен оны бәрібір естімеймін.
Лашық ішіндегі үстіңгі сәкіде жатқан күйеуі іргеге бұрылды. Ас үйдегі әйел дәрігерге судың қайнағанын айтты. Никтің әкесі асүйге кіріп үлкен қазанда қайнаған судың жартысын ыдысқа құйып, ормалға орап өзімен алып келген құралдарды қазанға салды.
– Мыналар қайнасын, – деп, ол қолын ыдысқа салып, лагерден алып келген сабынмен қолын ысқылай бастады.
Ник әкесінің сабынмен қолдарын кезек - кезек ысқылап, жуғанын мұқият қарап тұрды. Қолын жуып тұрып, әкесі Никпен сөйлесті.
– Ник, бала басымен шығуы керек, кейде олай болмайды. Бұлай болмаған кезде көп қиындық туғызады. Мұндай кезде операция жасау керек болады. Қазір көреміз.
Әкесі қолы таза болғанына көз жеткізген соң, қайтадан бөлмеге кіріп жұмысына кірісті.
– Джордж, көрпені қайыршы, – мен көрпеге тимейін.
Артынан операция басталғанда Джордж ағай мен үш үндіс әйелді ұстап тұрды. Әйел Джордж ағайдың қолын тістеп алды, ол: «Ах, қаншықтың қызы!» деп айқайлап жіберді, оны алып келген жас үндіс оған қарап күліп жіберді. Ник ыдысты ұстап тұрды. Бұл ұзаққа созылды.
Никтің әкесі баланы қағып алып, ауа жұтуы үшін нәрестені салып жіберді, кейін кемпірдің қолына берді.
– Ник, қара, ұл! Қалай менің көмекшім болу ұнай ма?
– Иә. Ол әкесіне қарамады, басқа жаққа қарап тұрды.
– Осымен болдық, – деп әкесі бірдеңелерді ыдысқа лақтырды. Ник жалт бұрылды.
– Енді кескен жерлерін тігу ғана қалды. Ник саған көруіңе болады, қарағың келмесе өзің біл. Мен қазір кесілген жерді тіге бастаймын.
Ник әкесінің қалай тігіп жатқанына қараған жоқ, оның бұрын көрсем деген құмары басылған еді.
Әкесі тігіп болып, еңсесін көтерді. Джордж ағасымен бірге үндістерде орындарынан көтерілді. Ник ыдысты асүйге апарды.
Джордж ағай өзінің қолына қарады. Жас үндіс оған тағы күлді.
Джордж, кел қолыңды қышқыл сумен жуайын, – деді дәрігер.
Ол еңкейіп әйелге бұрылды. Әйел үнсіз, көзін жұмған бойы қалсыз жатты. Ол баласына не болғанын, өзімен не болғанын әлі түсіне қойған жоқ.
– Мен ертең келемін, – деді дәрігер, – ал Сент- Игнестен келетін күтуші әйел осында түске дейін болады, өзімен бірге керекті алып келеді.
Сәтті ойыннан кейін көңілі көтеріңкі футболшыдай әкесі сөйлей бастады.
– Міне, оқиға, Джордж, бұл туралы медициналық журналға жазуға болады, жиналмалы бәкімен іштен баланы суырып алып, кесікті тоғызфуттық қақталған жіппен тігу деген жаңалық емес пе?
Джордж ағай іргеге сүйеніп, қолдарына қарап тұрды.
– Сен керемет хирургсің.
– Баланың бақытты әкесін бір көрейікші. Мұндай шағын машақаттар бұл байғұстарға ауыр тиеді, – Шынын айтсам, ол шыдамды екен.
Никтің әкесі үндістің басынан көрпесін көтеріп тастады. Оның қолы дымқылға тиді. Ол төменгі сәкіге аяғын тіреп тұрып, шамын жоғары көтеріп, үстіңгі сәкіде жатқан үндісті қарады. Үндіс іргеге тіреліп жатты. Оның мойны құлағына дейін сойылған еді. Дене салмағымен сәкінің майысқан жерінде қан жиналып, шалшыққа айналған. Оның басы сол қолына қисайып, көрпе үстінде ашық ұстара көтеріңкі қырымен оралып жатты.
– Джордж, Никті алып кетші , – деп айқайлады.
Бірақ кеш еді, Ник бәрін көріп тұрды. Ник асүйдің есігінен үндіс жатқан жоғары сәкіні, әкесінің шамды ұстап тұрып үндістің басын қолымен қалай бұрғанын көрді, әкесі баласы көрмесін деген ниетін жақсы түсінді.
Олар көлге қайтып келе жатқанда күн шыға бастады.
– Ник, сені өзіммен алып келгенімді ешқашанда кешірмеймін.... Оның көңілі күрт түсіп:
– Бұлай болады деп кім ойлаған -деді.
– Әйелдер бала тапқанда үнемі осылай қинала ма? – деп сұрады Ник.
– Жоқ. Бұл мүлдем басқа жағдай.
– Әке, ол неге өзін өлтірді?
– Білмеймін. Шыдамаған шығар.
– Еркектер өздерін жиі өлтіре ме?
– Жоқ, Ник. Жиі өлтірмейді
– Ал әйелдер ше?
– Одан да жиі.
– Ешқашанда?
– Кейде өлтіреді.
– Әке!
– Иә?
– Джордж ағай қайда кетті?
– Ол қазір келеді.
– Әке, өлу қиын ба?
– Жоқ. Ник, тіпті қиын емес деп ойлаймын. Бәрі де жағдайға байланысты.
Олар қайық үстінде отырды. Баласы – артында, әкесі – ескекте. Күн көк дөң астынан шыға бастады. Балықтар суда секіріп, су үстінде дөңгелек толқындар пайда болды. Ник қолын суға салды, тәңертеңгілік салқында су жылы еді.
Осы тәңертеңгілік сәтте көл үстінде қайықта әкесінің қасында отырып Ник өзінің ешқашанда өлмейтініне әбден сенімді еді.
1925 жыл.
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі