Өнер-білім бар жұртта…
Өнер-білім - кез келген ұлттың жүрегі. Ағартушылық ісіне аса ден қойған ұлт, қатарынан озық тұрары сөзсіз. Әр ұлтта бір білімді азамат болатын болса, ел арасындағы қараңғылықты жарыққа алмастыруға қауқары бар. Өнер-білім - телегей теңіз, сол теңіз мөлдіріне қанық болған ұлт болашағынан айқын үміт күте алады. Атырапқа көз салсақ, жаһанданған әлемде дәл осы ағартушылықтың орыны орасан маңызды.
Білімді, көзі ашық азамат-өз ұлтының көзін ашып, білімге шақырып, өнер-білімдегі кемшілік тұстарын айтуға әзір болып тұрады. Осындай ниетте Түрікмен Шаһмұрад өз ұлтын, өзге ұлттың өнер-білімі мен оқу, оқыту мәселелерімен салыстырып қарайды. Әуелі Қазақ халқының өнер-білімге, оқу, оқытуға құштарлығын ашып жазады. Қазақта ағарту ісіне үлесі сіңген көптеген мәшһүрлер бар. Мысалы айтар болсақ, Ахмет, Міржақыптар бастап, Сералиндер қоштағангазет, журнал, оқу, ағарту ісінде бастаушы болып, білімді жастардың басын қосқан, үлкен мәдени, рухани үрдісті айта аламыз. Елім деген есіл ерлер, халқым деген аяулы аналар да аз болған жоқ. Олардың сіңірген еңбегі ел мүддесіне әлі де қызмет етуде. Алғашқысы Әль-Фараби бабамыздан бастау алып, кейінгісі осы күнгі көзі ашық жастарға дейін жалғасын тауып жатыр. Бұл қазақтардың ешкіммен салыстыруға, алмастыруға келмейтін теңдесіз, асыл құндылығы. Бар ғұмырын оқуға сарп еткен ұлы тұлғалардың бастамаларын “Түрікмен Шаһмұрад” ашып жазды. “Айқап” журналында сөзге тиек етті. Сансаққа тарыдай шашылған, білімді азаматтар қазақтың көзін ашуға елеулі іс атқарды. Шалғайға қанат жайып, шау тартқан шаңыраққа күн түсірді.
Келесі кезекте туысқан Қырғыз ұлтының өнер-біліміне де көз жүгіртті. Қырғыз ұлты да, үнемі даму жолында қызмет етті. Ел білімділері оқу, ағарту ісіне аса зейін қойып, газет, журнал шығарып, ел мүддесіне қызмет етті. Атап айтар болсақ, Қырғыздың “Эркин Тоо”атымен жарық көрген алғашқы басылымы. Газеттің бірінші нөмірі «Эркин Тоо» деген атпен 1924 жылы 7 қарашада Ташкент қаласында жарық көрген. Алты саны шыққаннан кейін газеттің редакциясы Пишпек қаласына көшіп келген. “Кыргыз Туусуның” алғаш жарық көрген күніне орай Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен 7 қараша – Қырғыз Республикасының Ақпарат және баспасөз күні» деп аталады. Осы деректерге сүйенсек, Қырғыз халқыда білімнен кенде болмаған. Қырғыз халқының білікті жастары Әлемнің түкпір-түкпірін де білім алып, сол білімдерімен өз отандарына мектеп-медреселер аштырған. Бұл істері елдегі қараңғылықты бір жақты етті.
Үшінші ретте өз ұлты Түрікмен халқы жайында сөз қозғайды. Білімді азамат өз отанына ешқашан опасыздық жасамайды. Түрікмен Шаһмұрад та ұлтын ізгі жолға бастау мұратымен оның кемшіліктерін ашық жазды.
Түрікмен халқы жоғарыда айтылған ұлттардың кері мағынасы тәрізді.
“Түрікмендердің оқу, білім ұйықтап жатқанда түсіне де кірмейді”-деп жазды. Түрікмендер өзінің ескіше тұрмыстарын жалғастырып, байырғыша надандықтарымен өмір сүрді. Олар өнер-білімнен гөрі, түкке тұрғысыз ерегістерін биік қойған халық. Олардың санасын оятуға Еуропа тарапынан білімді азамат келіп, ақылын айтса, олар оны жөн көрмейді. Олар фанатизм құрбандары. Оларға кері әсерін тигізсе де, бір ақ сәлделі жәһил келіп сөз айтса, жәһилді көктеріне көтереді. Олар осы себепті, өнер-білімнен құрғақ қалған қауым. Түрікмен халқы осы бір тәкәппарлықтарымен қош айтысып, өнер білімге қол созса, көздері ашылары хақ. Осы тұрғыда Түрікмен Шаһмұрад та, қазақ, қырғыз тарапына өз халқының да қосыларына үмітті.
“Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп” - деп халқымыз бекер айтпаған. Расында, білімді адам-білімді ұлтқа саяды. Әр ұлт білімді болатын болса, әлемде тыныштық орнайды. Сананы ояту мәселесін әр адам өзінен бастағаны абзал. ”Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз өнерсіз болады ақыл тұл” - деп қазақ ағарту ісінің Шәкәрім Құдайберді ұлы айтқандай, білім мен өнер үйренуге құштарлығымыз әр кез ашық болуы қажет. Санамыз ашық, өнеріміз өнеге бола берсін!
Нүркенұлы Мұхаметқали ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 1-курс
Жетекшісі: фил. ғ. к. , доцент Р. С. Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі