Өлең, жыр, ақындар

Сыр сандықтан туған ой

Қазақтың көрнекті ақыны, қазақ қоғамының қайраткері Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі достықтың баға жетпес үлгісін көрсетті. Достықтың қандай болу керектігін, құпияға нендей жолмен адал болу қажеттігін бейнелі сөз жүйесімен білдірді. «Сыр сандық» құндылығы жоғары, достықтың шынайы келбетін таныта алған, бояуын тамыза білген бірегей туынды. Сәкен атамыздың сырлы қаламынан туған өріле қайысқан өлеңіне барша ақын, оқырман бағасын берді. Ұрпақ санасына шын,адал достық ұғымының дәнін еккен кемеңгер ақынның жасаған құнды мұрасы шексіз. Қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, ең оқылымды шығармаларымен дараланған Сәкен Сейфулиннің ақындық шеберлігі өзге, ерек…

Бұл достық жыры ақынның өмірінен хабардар етеді. Өлеңнің туылу тарихы бейне бір тәлімге ие. «Сыр сандық» өлеңінің тариқаты тек достық жайында емес, адами – моральдық құндылықтарды да негізге алды. Соның бірі – жігіт бойындағы уәдеге беріктік, салмақтық, адамдық қасиеттері. Ер жігіттің болмысына тән қасиеттерді дәріптеу өлеңнің екінші бір есігін ашқандай.

Қойма шыңның нақ басында

Нақ басында қақпас

Алтын жазу қақ басында

Қақпаның тас тақтасы» — деп сырды ең биік әрі қауіпсіз жерде сақтағанын айтты. Жігітке тән бар игі қасиеттер де сол қойма шыңның нақ басында сақталуы тиіс деп пайымдаймын. Ер жігіт өзінің рухани болмысын, қасиетін әрдайым биік ұстау керек. Ақын жігітке тән белгілерді, құндылықтарды өлеңіндегі басты оймен шебер сабақтастыра білді. Ол — сырды сақтау, құпияға адалдық. Жігіттің бойындағы ең игі қасиет ол – құпияға берік болу және сертінде түзу тұру. «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме» деген халқымыздың білгір сөзі бар. Ер жігіт жауына орынды айла қолданып, өзінің алғырлығын білдірсе, міне қазақ даласының төс арланы болғаны. Сонымен қатар, жігіт тек бір өнермен шектеліп қоймай, жан–жақты қарым — қабілеттің иесі болуы керек. Бұған «Жігітке жеті өнер де аз» деген халқымыздың ақылгөй сөзі сөзсіз дәлелдейді. Түрлі өнердің дәмін татып, өзіндік «менін» қалыптастыруы абзал. Қазақ даласында сал – серілік өнерді дүниеге әкелген Ақан сері, Біржан сал секілді өнерлі, нағыз мырзалығын, бекзадалық үлгілерін танытқан тұлғаларға қарап түзелсе, қазақ елінің мәдениеті, өркениеті сарқылмайды. Қазақ жігіттері — бейбіт заманымыздың сақшылары. Жерімізді, ұлтымызды ешбір жау қолына ұстатпай қасық қаны қалғанша, ет – сүйегі тілініп, қанға кеуделері малынғанша шайқасатын арынды батырларымыздың жүрген жолдары бүгінгі ерлерімізге аманат!

Садық Медина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз