Өлең, жыр, ақындар

Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып математикадан түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру кезде бiлім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылық пен жұмыс істеуін, логикалық ойлау және функционалдық сауаттылық қабілеттерін артып, кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі- нәтижеге жетуге ынталандыру. Осы қойылған талаптарды әр оқушы өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Сондай-ақ, математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өзекті мәселе етіп қойдым. Осы өзекті мәселені шешу барысында  өзіндік білім көтеру тақырыбым –математика сабағында бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру. Сонымен қатар «функционалдық ойлауды дамыту» дегеніміз:

• барлық  логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

«функционалдық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – сауатты сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.

Елбасымыз өз Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық  және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”-деп, айқын атап көрсетті. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Орта білім беру мақсаты жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін –өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс жауапты, дербес шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан –жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның математика сабағында және функционалдық сауаттылығын арттыруды жауапты іс деп таныдым.Қазіргі заманғы  ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы  жас ұрпақтың білім деңгейін халық аралық дәрежеге жеткізу.

Ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы  және терең білім іскерлігінің болуын, олардың шығармашылық пен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын етеді. Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру – оқушының пәнге деген қызығушылығынан  және қажеттілігінен туады.

Оқу – тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде оқытушы басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру жолдарын ұтымды ұйымдастыру үшін мұғалімнің өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, психология мен педагогикалық ғылымдарды толық меңгеріп, ондағы ғылыми жаңалықтарды  және озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы  тиіс. Сонда ғана оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыруда мұғалімнің қызметі  жемісті болады, оқу – тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтерің кі талабына үн қосады. Оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттырудағы, функционалдық сауаттылықтың дамуындағы мұғалімнің үздіксізізденуі – бүгінгі күннің негізгі талабы.

Қазақстанның орта білім беру жүйесінің алдында адамзаттық құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, өзіне-өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі  мен тәжірибелік қабілеттері арқылы әлеуметтік кеңістікке еркіне не алатын қасиеттерінеие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Осыған орай біздің мектепте жылда ұйымдастырылатын әдістемелікіс-шараларының бірі  –оқушылардың ғылым апталығы. Осы апталықта  өткізілген «Озық ойлы оқушы» атты сыныптан тыс жұмысымда оқушылармен әр түрлі фокустар көрсетіліп, анаграммалар,

жұмбақтар, ребустар шешілді. Оқушылар атақты математиктер туралы презентациялар  ұсынады. 5-11 сынып оқушыларына «Формулалар марафоны» және математикалық диктант атты сайыстар өткізіледі. 3-5 сынып оқушыларына «Жанұя және математика» атты сайыс дәстүрге айналды. Осы сайысқа оқушылар отбасы  мүшелерімен топ құрып, белсенді қатысады.

Ерекше қабілетті, дарынды, оқушыларды анықтап, оларды байқау, іздендіру, олимпиада сияқты жарыстарға дайындауды міндетім деп санаймын. Мектеп математикасын оқушының толық меңгеруі дегеніміз – математиканың мектеп көлеміндегі барлық бағыттары бойынша толық білім, білім дағдыларын игеру деген сөз. Демек, оқушы математикалық білімнің кез келген бағыттары бойынша, кез келген уақытта талдау жасай білу керек.

Математика ғылымын бизнеспен байланыстыруда көптеген қызықты мәліметтер алғанын дәлелдеп келтірді. Олайболса, математика пәнінигеру – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттері дамыған функционалдық сауатты  оқушы шығармашылығына, кәсіби құзырлығына айналса, математиканы оқытудың басты мәселесі шешіледі деген ойдамын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз