Әрбір күн — бұл салауатты өмір сүру мүмкіндігі.
Сізге бәлкім, күнделікті міндеттеріңізден қажығандықтан, өзіңізді жақсартуға уақытыңыз бен күшіңіз жетпейтін болып көрінетін шығар.
Күнделікті кестеңізге шағын түзетулер үлкен өзгеріс енгізуі мүмкін. Қозғалысқа бірнеше минут жұмсау немесе хоббиге басымдық беру сияқты қарапайым әрекеттер кішкентай болып көрінсе де, ақыл-ойдың теңгерімді дамуы мен физикалық денсаулыққа әсерін тигізеді.
Салауатты өмір салты — бұл жақсы әдеттер мен өзін-өзі күту арқылы бақытты болу және физикалық, психикалық, эмоционалды сау болу арасындағы тепе-теңдіктегі өмір салты. Баланс табу міндетті емес. Сізге саулық пен мотивация беретін нәрсе, басқа адамдардан өзгеше болуы әбден мүмкін.
Алдымен нағыз салауатты өмірге қадам баспас бұрын осы 5 сұрақты өзіңізге қойып көріңіз:
1. Қандай әрекеттер сізге қуат береді?
2. Қандай тағамдар қоректік заттармен қамтылуға, денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі?
3. Бойыңызда қандай жағымсыз әдеттер бар?
4. Ол әдеттер күнделікті қуат пен көңіл-күйіңізді өзгертеді ме?
5. Тыныштық табу үшін стрессті басудың қандай әдістерін қолданасыз?
Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізген сауалнамаға сәйкес, белсенді, салауатты өмір салты бақытты және ұзақ өмір сүруге әкеледі.
1. Сіз тұтынатын тағамның мөлшеріне назар аударыңыз!
Газдалған сусындар мен энергетикалық сусындардағы қант — қант диабетінің негізгі көздерінің бірі. Шырындар мен коктейльдерде де қанттың жоғары мөлшері болуы мүмкін. Қантты сусындарды ішудің орнына келесі нұсқаларды қарастырыңыз:Су ішуді еске салу үшін өзіңізбен қайта пайдалануға болатын бөтелкені алып жүріңіз. Бір кесе шай немесе кофе ішу үшін үзіліс жасаңыз.Күніңізді витаминдер мен минералдарға бай көкөніс немесе жеміс шырындарымен аяқтаңыз.
2. Жаңғақтар мен дәнді дақылдарды жиі тұтыныңыз
Бір уыс жаңғақтарды жеу — бұл диетаға қоректік заттар мен пайдалы майларды қосудың оңай жолы. Өйткені олар талшыққа, ақуызға, витаминдер мен минералдарға бай. Жаңғақтарды жиі тұтыну артық салмақтан арылуға және 2 типті қант диабетінің алдын алуға көмектеседі. Тұтас дәнді дақылдар ақуызға және В дәруменіне, қандағы қант деңгейін тұрақты ұстап тұруға, холестеринді төмендетуге және инфаркт қаупін болдырмайтын қоректік заттарға толы.
3. Пайдалы майлармен қоректену
«Майлар артық салмақ қосады» — деген қате пікір. Барлық майлар бірдей емес. Қаныққан майды тұтынуды азайтудың эффективті жолы — ауа температурасында қатты болып қалатын майлардан (сары май, пальма майы, ет майлары, т.б.) аулақ болу. Оның орнына сұйық майларды: күнжіт, рапс немесе зәйтүн майларын таңдау керек.
4. Көкөністерді порциямен қолданыңыз
Көкөністерді тұтынулың тәсілдері:
Жемістен жасалатын смузиді көкөністерден де жасап көріңіз. Күнделікті диетаңызға көкөністердің белгілі бір мөлшерін (2-3 кесе) қосыңыз. Вегетариандық тағамдар жасайтын, қызықты рецепттері бар тағамдық басылымдарды бақылаңыз, үйреніңіз.
5. Ішектеріңізге күтім жасаңыз
Ағзаңыздағы ішекте триллиондаған микроорганизмдер, вирустар мен саңырауқұлақтар орналасқан, ал бактериялар ас қорытуыңыз бен денсаулығыңызға оң әсерін етеді. Ашытылған тағамдарды диетаңызға қосу — ішекті бактериямен толықтырудың бір жолы. Ферменттелген тағамдарға мыналар жатады: қырыққабат, йогурт, кефир, кимчи.
6. Күш жаттығуларын орындаңыз
Бұлшық ет массасы мен күшіңіз қартайған сайын азаяды, ол 30 жастан бастап баяу және 65 жастан кейін жылдамырақ болады. Тұрақты жаттығулар — бұл әлсіздіктен арылуға көмектеседі, төзімділікті арттырады. Жаттығу үшін спортзал абонементін сатып алудың қажеті жоқ. Сізге тек бірнеше қолжетімді өнімдер мен білім қажет: Өз салмағыңызды көтере алу үшін телефоныңызға жаттығулар тәсілі (мысалы: итермелеу, еңкейу) көрсетілген қолданбалар жүктеп алыңыз. Белдеулер, жаттығу шарлары немесе шағын гір тасы сияқты жабдықтарға инвестиция жасаңыз. Барынша көп қадам жасауға тырысыңыз, жаяу серуендеңіз.
7. Қимылдаңыз!
Аэробты жаттығулар — жүрек жұмысын нығайтудың, денсаулықты жақсартудың тамаша тәсілі. Сізге артықшылық бірден байқамалмауы мүмкін, бірақ бұл тәсіл жақсырақ жұмыс істейді. Секіру немесе арқанмен секіру сияқты жылдам кардио жаттығуларымен айналысыңыз. Жігерлену үшін жүгіру марафондарына қатысып, велосипедпен жүріңіз. Музыка тыңдап, би билеу арқылы бір сергіп алыңыз. Күнделікті созылуға тұрақты үзіліс арнаңыз.
8. Жеті сағат ұйықтаңыз
Ұйқының маңызды екенін барлығы білсе де, шын мәнінде көпшілігі дұрыс тынықпайды. Күндізгі уақытта қалыпты жұмыс істеу үшін кем дегенде жеті сағат бойы ұйықтаңыз. Кітап оқу, шай ішу немесе күніңіз туралы күнделік жазу сияқты асыға күтетін түнгі режимді жасаңыз. Ұйықтар алдында ойландыратын құрылғылардан аулақ болыңыз. Көп ұйықтамауға тырысыңыз.
9. Тұрақты түрде тексеруден өтіңіз
Профилактикалық, медициналық және стоматологиялық тексерулер проблемаларды ерте анықтауға, шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл — қартаюдың алдын алу шаралары. Қаншалықты жиі тексерілсеңіз, соншалықты денсаулық сақтауыңыз арта түспек.Салауатты дене көбіне сау ойдан басталады. Ортамен қарым-қатынасты дамыту сізге нақты мақсаттар қоюға, позитивті ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.
10. Өз-өзіне күтім жасау тәртібін жасаңыз
Өзін-өзі күтудің құнды жоспары — өзіңді жақсы сезінуге және денсаулықты нығайтуға көмектесетін әрекеттерді таңдау. Тиісті баланс тапқан кезде, сіз психикалық денсаулық пен әл-ауқаттың жақсарғанын сезінесіз. Тұрақты жоспарға тұрақты тері күтімі тәртібімен айналысуды, позитивті ойлауды дамыту үшін өзіңізге алғыс айтуды қосуға болады.
Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану өте қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Сіз өзіңіз қалаған нәрсені және оған жетуге көмектесетін ресурстарды нақты түсінгеннен кейін, күн сайын алға қарай кішкене қадам жасаңыз. Салауатты өмір салтын ұстануға арналған бұл кеңестер тіпті кішкентай таңдауларда үлкен өзгеріс әкелетінін аңғаруға болады. Газдалған судың орнына суды таңдау, телефонға үңілудің орнына серуендеуге бару немесе төсекке дейін күнделік жазу — бәрі сайып келгенде салауатты өмір салтына бет бұруға әкеледі. Денсаулығыңыз — өз қолыңызда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі