Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары қазіргі таңдағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар жобалар аясында жұмыстар атқаруда. Сондай маңызды жобалардың бірі - доцент м.а. PhD Альджанова Нурлыхан Кожабергеновна бастаған, Жумашова Жулдыз Аманбаевна, Мұқан Нұрзат құрайтын зерттеу тобының «Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттардың мәдени интеграциялануы мәселесі».
Барлығымызға қазақ халқының үш ғасырдан астам уақыт бойы небір дүрбелең, қиын-қыстау кездерде жан-жаққа шашырап жат елден қоныс іздеуге мәжбүр болғаны мәлім. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша 4 миллионға жуық қазақ диаспорасы бар. Аталған жоба Қазақстандағы қолданыстағы көші-қон саясатын және оның қандастардың бірегейлігіне және олардың интеграциясына қалай әсер ететінін зерттеуге бағытталған. Отыз жыл бойы репатрианттардың иммиграция мәселесін шешу жолында әртүрлі мақсаттары мен басымдықтары бар бірқатар заңдар қабылданып, бірталай іс-шаралар жүзеге асырылған. Дегенмен, осы уақытқа дейін жүргізілген ғылыми зерттеулер бұл заңдар мен шаралар оралған қазақтардың жаңа елде сіңісіп кетуіне қажет қолдау мен көмекті толыққанды қамтамасыз ете алмайды деген қорытындыға келген. Яғни, бұл қорытынды этникалық қазақтардың қазақстандық қоғамға мәдени интеграциялануына қандай кедергілердің бар екенін анықтап, жүйелі түрде зерттеу қажет екендігін білдіреді.
«Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттардың мәдени интеграциялануы мәселесі» жобасының мақсаты - Қазақстандық репатрианттардың қазақстандық қоғамға интеграциялануымен байланысты мәдени және әлеуметтік мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
Аталған мақсатқа жету жолында алға бірқатар маңызды міндеттер қойылған, соның ішінде: Қазақстанның диаспоралық қазақтарды репатриациялауға қатысты иммиграциялық саясатын талқылау;репатриацияға қатысты шетелдік иммиграциялық саясатты зерттеу; репатриацияға қатысты Қазақстан мен шетелдік иммиграциялық саясаттарды өзара салыстыру; репатрияцалық саясатқа қатысты жинақталған деректер нәтижесінде рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 1 мақала жариялау; Қазақстанның әртүрлі аймақтарында және Өзбекстан, Моңғолия және Қытайдан келген қандастар арасында далалық және аралас зерттеулер негізінде эмпирикалық деректер жинақтау; эмпирикалық деректер нәтижесінде рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 1 мақала жариялау; қандастардың сіңісіп кетуіне және интеграциясына әсер ететін факторларға шолу жасау;зерттеу нәтижелері Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақалада жариялау.
Қазақ ұлтының тарихи отанына қайта оралуы Қазақстан қоғамының демографиялық құрамы мен әлеуметтік құрылымына оңтайлы әсер етіп, еліміздің ары қарай да өсіп-өніп, қарқынды дамуына септігін тигізетініне сенеміз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Абишева А.К., филос.ғ.д., профессор, Мәдениеттану мамандығының 2 курс докторанты Сариева П.М.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алмат
Қазақтпен басқа елден келген қазақтың арасында қандай мәселе бар екен? Қолдан, ойдан құрастырмай ақ қойшы