Өлең, жыр, ақындар

XXI ғасырдың қоғам дерті

Біз XXI ғасырдың ғылыми технология өрбіген заманында өмір сүріп жатқан ата-бабамыздан кейінгі жалғасын тапқан ұрпақтармыз. Қазір XXI ғасыр ғылыми технология өрбіген заман болғандықтан, әрбір адам баласы гаджет түрін қолданады. Ал гаджет дегеніміз не?

Гаджет - күнделікті өмірде қолданып жүрген информационды технологиялар. Қазіргі таңда нақты мақсаты мен қызметі бар, адам үшін пайдалы зат. Гаджет сөзін ағылшын тілінен аударғанда “құрылғы”деген мағынаны білдіреді. Кез келген гаджеттің мақсаты өмір сүруді жеңілдету болғандықтан, гаджетті қолданатын адамдар оның тек пайдасын ғана көреді. Ал кемшілігіне зер салып қарамайды. Гаджеттің адамдарға тигізер кері әсерін еш байқамайды.

Гаджеттің кең тараған түрі - ұялы телефон. Ұялы телефон - қазіргі таңда жоғары дәрежедегі қолданысқа ие гаджет түрі. Ұялы телефонды ең алғаш 1878 жылы Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл шығарды десек қателеспейміз. Профессор Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Арадан бір ғасыр өтіп, Мартин Купер деген өнертапқыш ұялы телефон жасап шығарады. 1973 жылы Мартин Купер жасаған ең алғашқы ұялы байланыс құралының көмегімен телефондық сөйлесу жүзеге асты. Ұялы телефонның шығу тарихы осындай болған. Ұялы телефон алғашында қоңырау шалу үшін ғана қолданылды. Ал бүгінгі күні ұялы телефонды тек екі адамның бір-бірімен байланыс орнатуы үшін ғана қолданбайды, осы бір кішкене құрылғыны адамдар көп салада қолдана бастады. Адамдар телефоннан өзіне қажетті мағлұматтар ала алады. Телефоннан музыка тыңдауға, түрлі ойындар ойнауға, әртүрлі жанрда фильмдер көруге болады және шетелдіктермен байланыс орната алуға мүмкіндік бар. Қазіргі кезде адамдар ұялы телефонды өз пайдаларына жаратып ғана емес, көптеген жаңашыл программаларға да отыруды әдетке айналдырған. Tik Tok, Instagram сияқты программаларға отыру жастардың сүйікті ісіне айналды.  Бүгінгі күні бұл телефонмен ақша тауып жүргендер де аз емес. Әрине, көпшілігі бұл кішкене құрылғының өзінен қаншама қыруар қаражат тауып, осы телефонды табыс көзіне айналдырған. Бірақ, бұл кішкене құрылғының адам денсаулығына тигізер кері әсері де бар екенін естен шығармаған жөн.

Ұялы телефон өмір сүруді жеңілдетуге арналған. Адамдарға пайдасы мол. Телефонның ішіндегі түрлі программалар арқылы танымал болып жатқандардар аз емес, ақша тауып жүргендер де жетерлік, өз пайдасына қолданып жатқан адамдар да қаншама. Бірақ, әрбір заттың пайдасымен қатар кемшілігі де қатар жүреді. Сол сияқты телефонның пайдасы ғана емес, адамдарға тигізер кемшілігі де болады. Телефонға бір отырып, шыға алмай қалатындай телефонда магнит сияқты тартылыс бар. Адамды өзіне тартып тұрады. Адам телефонға бір отырып, қызығына батып кетіп 3-4 сағаттан артық отырып кетеді. Телефонға шектен тыс көп отырғаннан адамның көзіне ауыр салмақ түседі, салдарынан көздің көруі нашарлайды. Яғни, телефонға көп отыру көзілдірік таққызуға дейін әкеледі. Сондықтан, телефонның құрбаны болмас үшін, телефон гаджетін аз қолдануды әдетке айналдырған жөн. Телефонға отырған сайын көз жаттығуын жасауды ұмытпаған абзал. Ең бастысы көзге ауыр салмақ түсірмеуге тырысу керек.

Қазіргі таңда телефонды ересектерден де көп мөлшерде ұстайтын жасөспірім балалардың көрсеткіші жыл сайын артуда. Тіпті тілі шыға қоймаған сәбидің өзі телефонды ермек ететіні өтірік емес. Бұл ата-ананың балаға немқұрайлы қарауының нәтижесі. Балаға ермек етінде уақытша телефон беріп, ақыр соңында баланың телефонға тәуелді болып қалуы ғажап емес.

Ата-ана сәбиін тыныштандыру үшін телефонды сәбиге уақытша ермек ретінде көңілін аулау үшін беріп, кейіннен балаға телефон беруді әдетке айналдырады. Бұл баланың психологиясына да, өміріне де кері әсерін тигізіп қоймайды. Баланың телефонға отыруды әдетке айналдыруы, ата-анасымен қарым-қатынасын алшақтатады. Бала қоғамнан да алшақтай түседі. Кейбір ата-аналар әлі тілі шыға қоймаған балаларына, телефоннан неше түрлі тілдегі мульфильмдер қосып беріп жатады. Әйтеуір бала уақытын алып, жыламаса болды. Ал бұл баланың тілінің шықпауына әсер ететіндігін білдіңіздер ме? Бала әртүрлі тілдегі мультфильмдер көре-көре, не қазақ тілінде, не орыс тілінде, не ағылшын тілінде сөйлей алмай, тілінің шығуы қиындай түседі. Сол себепті, ата-аналар баланың тілі толық шықпағанға дейін телефон бермеуі керек. Бірақ, одан кейінде баланың телефонға қанша уақыт отыратынын қадағалауға тиісті және баланың телефоннан не көріп отырғанын да ата-ана жауапкершілігіне алған жөн. Сонда бала дерті де, қоғам дерті де айығады.

Құрметханқызы Жаннұр
10 сынып
ШҚО Ұлан ауданы
«Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі»


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Іңкәр

Шынында қазір телефонсыз әрбір адам өз өмірін елестете алмайды... Өте өзекті тақырыптың бірі болды.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар