Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан бастау алады.Ұлттық киімнің өзі ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Ұлттық киімді насихаттау салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тарихи ерекшеліктерді сақтауға және келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.Елімізде әр жыл сайын Наурыз мейрамы еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары деңгейде өткізілуде. Осыған орай республикалық Наурыз мерекесі қарсаңында 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні деп аталып өтілуде. Ұлттық киімді насихаттау мақсатында ҚазҰУ-нің Тарих факультетінің студенттеріде 18 наурыз күні ұлттық киім киіп, қыздарымыз қазақы нақышта әшекей тағып, кәжекей кейіп келсе, ұлдарымыз бастарына тақия, шапан киіп келген болатын.Ұлттық киім ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғасыр тарих.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім туралы :"Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты", - деген болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің магистранты Құттыбаева Айдана Байқожақызы
жетекшісі т.ғ.к Удербаева С.К.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі