Әр адамның ойы сана және бейсанадан тұратыны белгілі. Бейсана секундына 40 миллион бит жылдамдықпен жұмыс істесе, бұл жылдамдық санада тек 40 битке созылады. Біз мұндай ғажайыпты өз кәдемізге жарата аламыз.
Визуализация — нағыз өнер деуге болады. Көпшілігі оны елестетумен шатастырып жатады, екеуі тікелей байланысты болғанымен бір нәрсе емес.
Визуализация — елестету ұғымын белгілі бір мақсатқа бағыттау. Бұл арманыңыздың орындалуына қиял мен сананың күшін жұмылдыруға арналған медитациялық тәжірибе. Айтар ауызға жеңіл болғанымен, визуализация ұғымын көпшілігі дұрыс түсінбегендіктен қалаған нәтижеге қол жеткізе алмай жатады. Сіз жай ғана жаңа жұмыста жетістікке жетуді армандаумен шектелмейсіз, визуализация жасағанда ойша оқиғаның ішіне еніп, жетістікке жетіп, арманыңыз орындалғанын бар эмоцияңызбен сезінуіңіз керек.
Ішкі диалогыңызды тоқтату үшін бірнеше минут ойыңызды жинақтап әлдебір образды еске түсіріңіз. Ешнәрсе ойыңызға келмей жатса, бір адамды не затты, оқиғаны, жерді не физикалық жағдайыңызды, эмоцияңызды ойлаңыз. Егер белгілі бір мөлшерде жалақы алуды немесе өмірлік жар табуды армандасаңыз, барынша оған қатысты барлық образдар мен сезімдерді кешуге тырысыңыз. Бойыңызда толқу сезімі пайда болса, бірінші қадамды қалтқысыз орындағаныңыздың белгісі.
Көзіңізді жұмсаңыз, шағылысқан жарықтар мен түрлі өрнектер көз алдыңызға келуі мүмкін. Осы қалпыңызда бағана еске түсірген образдарыңыз реалдық күйге бір табан жақындайды. Бұл кезеңде образды ары қарай ойнатып, жағдайды ойша дамытасыз. Ары қарай не болатынын бейсанада толықтай кесіп-пішесіз. Мысалы бір жазушы визуализацияны былай орындайды. Мен жазған кітабымның бестселлер тізімінде бірінші тұрғанын елестеттім. Алайда бойымнан ешқандай өзгеріс байқамадым. Оның орнына кітабым ең көп сатылып жатқанын елестеттім. Ойша жоспарыма асығып әуежайда жүгіріп жүрмін. Бір кезде көз алдымда әуежайдағы кітап дүкенінен маған қарап тұрған өз бейнемді көрдім. Өзімді біртүрлі қызық сезініп кеттім. Бұл образдар мені қатты толқытып, шынымен де бестселлерім шыққандай аса қуанып қалдым.
Сіз бар ойыңызды арман-қиял билеп, жадыңыздағы образдар реалға айналғандай болып, эмоцияңызбен сезініп жатқанда жай ғана түс көргендей боласыз. Одан оянып кетпей тұрғанда соңғы маңызды кезеңде санаңызға бұлжымас бұйрық беріп үлегруіңіз қажет. «Менің қалағаным тура осы» дейсіз. Визуализация жасауға ең қолайлы уақыт туралы сұраққа зерттеушілер кез келген жерде, қалаған уақытта деп жауап береді. Тек кешкі визуализация нәтижесін таңда тағы бір еске алып отыру маңызды екенін ескертеді.
Медитациямен айналысатындар онсызда үнемі визуализация жасап жүрміз деп ойлауы мүмкін. Алайда нақты мақсатқа жету үшін мына жаттығулар көбірек көмектеседі.
Дереу тоқтап, ойланыңыз. Асүйдегі үстеліңіз қандай болады? Санаңызға оның сырт бейнесі елестеуі керек. Осылай санаңыздың «көзімен» образды еске түсіру қабілетіңізді жаттықтырасыз.
Тереңірек деңгейге өтіңіз. Ас үй үстелін елестеткенде оның толық образы ойға келмеуі мүмкін. Әр бөлшегін көруге уақыт арнаңыз. Көлемі қандай болады, жанында не тұрады, үстіне жаятын дастарқаныңыз қандай, қандай түсте? Құдды бір тура сол нәрсеге қарап тұрғандай түгелдей көз алдыңыздан өткізіңіз. Оған не қоятыныңызды «көріңіз», дастарқан жайып жатқаныңызды, үстіне қоятын тамақтардың иісін «сезіп», ыдыстардың дыбысын «естіңіз». Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
Медитация кезінде санаңызды шоғырландырғыңыз келетін нәрсені еске түсіріңіз. Мысалы жаңа көлік алу үшін жатпай-тұрмай ақша жинап жатсыз делік, қиялыңызда сол көліктің суретін салып, қазір сіздің гаражыңызды тұрғанын, айдап жүргеніңізді елестетіңіз. Күн сайынғы бұл жаттығу ақша жинауға деген жауапкершілігіңізді одан сайын арттырып, арманыңызды мақсатқа айналдыра береді. Өз өзіңізге әділ болыңыз. Медитация жасаған сайын өзіңізге сенімділігіңіз артып, күннен күнге арманыңыз жақындап келе жатқанын көресіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі